Құрлықтағы таулар олардың жіктелуі

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің география пәні мұғалімі Бөтпенова Ұлмекен Мейрамғалиқызы

Сабақ берілген сыныптар:6

Күні: 10.12.2016

Сабақтың тақырыбы: Құрлықтағы таулар олардың жіктелуі.

Білімділік:Таулар және олардың пайда болуы туралы оқушылардың білімдерін жинақтау.

Дамытушылық.Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік.Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Интербелсенді баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,Қазақстанның және дүниежүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру.а)оқушылармен амандасу

ә)оқу құралдарын тексеру

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Кеспе қағаздар арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Тақтаға түрлі-түсті кеспе қағаздар ілінеді.Оқушылар бір түсті таңдау арқылы сонда жазылған сұрақтарға жауап береді.

1.Сөнген жанартау дегеніміз не?

2. Лава дегеніміз не?

3.Сөнбеген жанартау дегеніміз не?

4.Жанартау қалай пайда болады?

5.Жанартауды не үшін зерттейді?

6. Тау жыныстары түрлерін ата?

3.Үй тапсырмасын қорытындылау:Оқушыларға жер қыртысын түзетін тау жыныстары, минералдар, олардың ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Биік таулы аймақтар

2.Аласа таулы аймақтар

V.Жаңа сабақтың мазмұны:

Шыңына көз жетпес,

Көркіне сөз жетпес,

Басынан қар кетпес

Өзіне тау жетпес

Бұл өлең жолдары не туралы айтылған.Яғни тау.Бүгінгі сабақтың тақырыбы

«Құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі»

Таулар.Таулардың пайда болуы

Республика территориясының 10%-і биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі — ойпат, жазық, ұстірт, қырат т. б.Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200—300 м ғана биік келген жазық рельеф тән.Оңтүстік шығысы биіктігі 5000—6000 метрлік таулы өңір болып келген.Яғни республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік -шығыстан солт.-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады.Сонымен бірге Қазақстан жерінде. Каспий т-зі, Арал т-зі, Балқаш көлі — сынды тұйық алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері — республиканың негізінен оңтүстік-шығыс жағын қамтитын Тянь-Шань тау жүйесіндегі Хантәңірі шыңы (6995 м). Каспий теңізінің шығ. жағалауында Совет Одағының материктік бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қаракие (Қарақия) ойысы орналасқан. Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климат сипатының үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан.Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көпжылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындагы Хантәңірі шыңынан батысқа және солтүстікке қарай Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньның жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы — бүкіл Тянь-Шаньдагы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстаннның бұл бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығ. сілемдері, Күнгей Алатаудың шығ. бөлігінің солт. беткейі және Кетпен жотасы кіреді. Солт. Тянь-Шанышң ірі биік тау жотасы — Іле Алатауы; үз. 350 км, оң биік жері — Талғар шыңы 4951 м.

Сәйкестендіру

1)Шелек-Кебін а)Гималай

2)Ең биік тау ә)400-1000мм

3)Тянь-Шань б)қатпарлы тау

4)Аласа таулар в)қатпарлы-жақпарлы

5)Альпі г)Тау торабы

Адасқан әріптер:

1.Гималай,Альпі,Алатау,Памир,Алтай

VІ.Жаңа сабақты бекіту:

Географиялық диктант

1.Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан,қатты тілімденген биік бөліктері……………… деп аталады.

2..Хан Тәңірі шыңының биіктігі …………..

3.Аласа таулардың биіктігі…………….

4.Биік тауларды ата……………

5..Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстардың өзгеруі……………..

6.Тау жоталарының шоғырлануы………….

7.Дүние жүзіндегі ең биік тау……………

8.Еуропаны Азиядан бөліп тұратын тау……

1.Таудың төбе мен қыраттан қандай айырмашылықтары бар?

2.Таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болады?

3.Таулардың биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?

4.Дүниежүзіндегі ең биік тау жүйесі?

ІV Оқушыларды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма беру. Құрлықтағы таулар олардың жіктелуі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше