Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханны ң күресі. (Абылай хан – дарабоз тұлға)

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылы

Степной орта мектебінің Тарих пәні мұғалімі

Ибраева Шаттык Балыкбаевна

Күні. 18.04.17 10-сынып Қазақстан тарихы

Тақырыбы: Қазақ жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі. (Абылай хан – дарабоз тұлға)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Абылай ханның XVIII ғасырда Орталық Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшы, дипломат, дарабоз тұлға Абылай ханның өмірі мен ерлігін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушыларға Абылай дәуірін, тұлғасын, оның сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми тұрғыдан талдауға, саналылықпен түсіне білуге бабамыздың дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденіп, біреулеріне бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелілік: Оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатикалық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, ішінара іздену әдісі

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, видео, слайд, ватман,қамшы, «XV-XVIII» «Қазақ хандығы» картасы, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Абылай ханға арналған слайд. Жыр шашу.

Абылай бейнесі бар фильмнен үзінді көрсету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Топқа бөлу. Балалар, бүгін біз топтарға бөлініп жұмыс істейміз. Жалпы, «Қазақтың және Үш жүздің басын біріктірсін» деген мақсатпен Абылай ханға 48 таспа қамшы өргізген. Кіші жүз -29, Орта жүз –алты, ұлы жүз алты ру – барлығы 41 таспа, иісі қазақ деп оған Төре, Төлеңгіт, Қожа, Сұнақ үшін төрт таспа, аталарымыз үш тектен тұрғандықтан Сақ, Ғұн, Түркі үш таспа қосып – барлығы 48 таспа қылған.

Қамшы – ат айдайтын құрал ғана емес, айта алсақ, сөйлете білсек мақтанарлық қасиеті бар қастерлі қазына әмбебап дүние. Қолында қамшысы бар әр азаматтың жігіттік жігері еселене түскен. Ендеше бүгінгі сабақта жігерлене түссін деген ниетпен қызыл, қара, көк түсті қамшымен топөа бөлемін.

Жаңа сабақты игеру. Ендеше сабағымызды әрі жалғастырайық. Оқушыларға мәтіндер таратылады және оқулықтың беттеріндегі материалдарды пайдала отырып өздері сабақтың міндеттерін құрады. Жаңа тақырыпты игеру үшін топтарға тапсырмалар беру. (тапсырмаға дайындық 3 минут)

1-тапсырма:

1-топқа : Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстаған кезі жоңғар тұтқынында болған кездері (қойылым)

2-топқа: Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі (слайд)

3-топқа: Абылай ханның қазақ тарихынан алатын орны (флипчарт)

Топтарға әзірлеген жұмыстарын қорғауға әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

2-тапсырма:Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетігн, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың , істерін аалға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып. Құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.

Осы сөзді басшылыққа ала отырып: Қазақ елінің патриоты ретінде Қазақстанның бүгінгі күйін көз алдарыңызға елестете отырып, Егемен елге ақ тілеп жолдап жіберсеңіздер.

3-тапсырма: Абылай ханды Н.Ә.Назарбаевты салыстырады.

Екі кезеңнің қайраткерлері Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаев іс-әрекеттерін салыстыру. Бағалау:

Үйге тапсырма: «Тарихыңды таны жас ұлан» тақырыбында мәтін құрау.

Қорыту: «Қазақ бүгін» слайд. Мұғалім сөзі

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше