Біріккен сөздер

Мектебі:Подстепный №1ЖОББМ. Сыныбы: 4 сынып,Бастауыш сынып мұғалімі

Мұғалімі:Бисембаева Кулайым Зинешовна

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.

2.Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту

3.Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау.

Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схемалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тілек гүлшоғын жасау.

2.Өткенді пысықтау.

Ой шақыру: «Көрші» ойынын ойнату.

1.Сөз таптарына нелер жатады?

– Зат есім дегеніміз не?

– Сын есім дегеніміз не?

– Сан есім дегеніміз не?

– Етістік дегеніміз не?

2.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?

– Бастауыш дегеніміз не?

– Баяндауыш дегеніміз не?

– Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?

3.Сөйлемнің тағы қандай мүшелері бар?

– Бірыңғай мүше дегеніміз не?

4.Сөйлем құра:Тал, терек, қайың.

3.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту:1. Гүл + жан,Гүл + жайна,

Гүл + бақыт,гүл + десте

Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе.

– Сөздерді топтасуына қарай қорытынды ереже шығару.

– Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.

– Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.

– Мысалы: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ,

Қаратау, Алатау.

2.Оқулықпен жұмыс. Білімді тиянақтау,226-жаттығу «ауызша»

Берілген сөздерді оқытып, сөз құрамына талдау.

Шаңсорғыш – шаң + сорғыш, балмұздақ – бал + мұздақ ,

ақбөкен – ақ + бөкен.

3.Дәптермен жұмыс. «Жинақтау тәсілі»227-жаттығу. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді

«+» арқылы теріп жазу.

Тақтаға үш оқушы шығарып «Сыңарыңды тап ойынын» ойнату.

А)қырық

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше