Елiмiздiң мемлекеттік рәмiздерi: Ту. Елтаңба.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
«№ 21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Нурмуханова Кундыз Жумагелдиевна
| Сыныбы: 3 «З» | Нурмуханова Кундыз Жумагелдиевна | ||
| Әдебиет пәні.
Сабақтың тақырыбы: |
Елiмiздiң мемлекеттік рәмiздерi: Ту. Елтаңба. | ||
| Мақсаты
Күтілетін нәтиже |
1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру. 2. Оқушылардың ой -өрісін кеңейту,ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге,Отанының патриоты болуына тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдісі: түсінік беру, оқып-аудару, сұрақ-жауап,топтау Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері,ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері) |
||
| Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
| Топқа бөлу | Үш түсті жапырақтарды балалардың санына қарай бөліп, үстел үстіне араластырып тастау. Балалар бір-бірден алып, түсіне қарай топқа бөлінеді. | Топтасу | |
| Үй тапсырмасын сұрау | «Ыстық картоп» әдәсі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Сұрақтарға жауап беру 5.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді? |
||
| Сергіту сәті | Видеоролик арқылы балалармен билеу | Бой сергітеді, шашағандары
басылады |
|
| Ой толғаныс
Бекіту |
Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд) – 4 маусым –қандай мереке күні? -1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. -Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ? Қазақстан Республикасының рәміздері : Мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран Топтық жұмыс (слайд) ІІ топ «Қазақстан Ресбупликасының Елтаңбасы» мәтінін, ІІІ топ «Қазақстан Республикасының Әнұраны» мәтінін алады. 1-тапсырма. Әр топ өз мәтінінің мазмұнын дайындайды. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Ту неліктен көк түсті ? -Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсет Шәкен Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. 3- тапсырма «Синкуейн» әдісі арқылы балалар берілген сөзге өлең шығарады. – Сендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ? |
||
| Үйге тапсырма | «Ел рәмізі» тақырыбына сурет салу | ||
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. | |
| Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады | ||
