Сауат ашу 1-сынып “Сөз құрастыру. Д дыбысы мен әрпі “

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп–мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Матекова Нұргүл Ештайқызы

Сабақ:сауат ашу№ 57 Мектеп: «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-МДШО»КММ
Күні:14.11.17 Мұғалімнің аты-жөні: Матекова Н
Сынып: 1а Қатысқандар: 22 Қатыспағандар:-
Тақырыбы Сөз құрастыру. Д дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаты 1.1.4.1Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстра-

циясы бойынша болжау

1.1. 9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну жəне сөздегі буын санын анықтау

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті белгілерін қою

Сабақ мақсаты Иллюстрация бойынша болжау жасайды

Құрамында Д әрпі бар сөздерді оқиды

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Алдындағы білімдер Әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап,өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған тапсырмалар Дереккөздер

/Ресурстар/

Басы Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

1.Алдыңғы сабақты еске түсіру.

-Балалар, алдыңғы сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

-Дд дыбысы қандай дыбыс?

-Неге оны дауыссыз дыбыс деп атаймыз?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Қарамен жазылған сөздерді бірнеше балаға оқыту. (Бас бармақ арқылы бағалау)

3. Сұрақтарға жауап беру достары туралы.

Дос туралы мақал, тақпақтарын айтқызу.

4. Арнайы электронды оқулықтан тапсырмаларға жауап беру. (бағдаршам арқылы бағалау)

Шаттық шеңбері
Ортасы «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша:

№1 Суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса.

Балмұздақ,белдік,жейде,дәптер,домбыра,дәрігер,

Қарындаш

Осы сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.

Аппақ қардай, дәмі балдай (Балмұздақ)

Қолы бар, саусағы жоқ.Мойны бар, басы жоқ.

(Жейде)

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Қабы сояу,

Дiнi – бояу. (Қарындаш)

Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра)

ТЖ. 1.Балмұздақ, 2.қарындаш 3. Дәрігер

Балмұздақ-мороженое-icecream

Қарындаш-карандаш- pencil

Дәрігер- врач- doctor

Әр топ сол сөзді буынға бөледі. Д дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын атайды.

Топтар бірін- бірі бағалайды. (От шашу арқылы)

ЖЖ. 1қ..белдік 2.қ жейде 3қ дәптер – copy book

-Енді қай сөз қалды?

-Домбыра қандай аспап?

Жеке жұмыс. Домбыра

Сергіту сәті

Оқушылар хормен айтып үйренеді.

Домбырада мен ойнаймын

Дың-дың-дың, дың-дың дың.

Қозы-лақтар би билейді,

Дың-дың-дың, дың-дың-дың.

№2.»Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі бойынша:

Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.

а н л р о т у ш с д
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

1059-дос 10131-дала10121-дана 107316-Дулат (Бағдаршам арқ.)

№3.»Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша

Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз.

Далада

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

Тақтайшада жазу

Соңы Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Смайлик
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс(Тәрбие элементтері)
Мақтау,мадақтау

Сурет бойынша сөйлем құрастыр

Смайлик Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландың?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен міндеті орындалды. Оқушылар жұмбақтар шешу арқылы, сөздерді буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды үйренді. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын ажырата білді. Жоспарланған саралау тапсырмаларға сәйкес болды, іске асты. Оқу құралдарын үш тілде айта білді. Уақытты тиімді пайдаландық.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз ( оқыту мен оқуға қатысты)

1: Сөздергі дыбыстық талдау жасау. (Топпен, жұппен, жеке жұмыс)

2:Әріптер мен сөздерді байланыстырып сөз құрастыру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім.

1: Топпен, жұппен, жеке жұмыстарды ұйымдастыра білу.

2: Тақырыпты өмірмен байланыстыра білу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше