Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Таңатар ауылы
Т. Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп МКМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досалиева Гулшат Сериковна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Сабақтың тақырыбы: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе! | ||||||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерге кеңінен тоқталу. Ақынның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиетін оқушылар бойына сіңіру. | |||||||||||||
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Тақырыптың мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттап, талдай алады, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||||
| Бағалау критерийі | Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттап, маңызын түсіндіреді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, тірек сызбалар, электронды оқулық, слайд | |||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | |||||||||||||
| Сабақтың жоспары | ||||||||||||||
| Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | ||||||||||||
| Басталуы | Жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтады). Мысалы: Маржан – мейірімді, Әсем –әрекетшіл
Топқа біріктіру. Оқушыларды топқа біріктіру. Абайдың “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” өлеңдерінің әр қатары жазылған. Сол қима қағаздарды жинақтап, әнді орындап, топқа бірігеді. |
1-топ:
Алғырлар 2-топ: Білгірлер |
||||||||||||
| Жаңа білім | Кіріспе: Абай сынды ұлы ақын – халықтың ішкі жігер-қайратының жанар таудай күшпен бұлқынған сәтінде ғасырларда бір туатын тұлға. Сондықтан да оның өмір үлгісі мен жырлары халық тірлігінің арғы-бергі тарихы мен терең тамырасып, барша болмысымен астасып кетеді. Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, киелі жерлер бар. Орыстар үшін Михайловкое мен Ясная Полина, немістер үшін Веймар, ағылшындар үшін Стратфорт – он – Эйвон қандай ыстық болса, қазақтар үшін Шыңғыстау жері соншама киелі де қасиетті. Өйткені бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған.
Қазағымның үш алыбы Абай, Шәкәрім, Мұхтар Білу және түсіну «Стикердегі диалог» әдісі (Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.) Топтарға тапсырма: 1-топ: «Алғырлар» тобы Ақын өмірінен қысқаша мәлімет 2-топ: «Білгірлер» тобы Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар. Топ жетекшілері: «Алғырлар» тобынан Қалмахан Альфия: Абай 1845 жылы Семей өңіріндегі Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да, атасы Өскенбай да өз кезеңінің беделді, атақты адамдары, Тобықты руының билеушілері болған. Абайдың әкесі Құнанбай ата-бабаларынан да асып, ұзақ жыл аға сұлтан болып ел басқарған. Әке көңіліне менің орнымды басса, жолымды қуып, туымды ұстаса- осы Абай ұстайды деген сенім ұялайды. Сондықтан Абайы өз мақсат-мүддесіне сай етіп тәрбиелеуді көздеген Құнанбай ауылдағы Ғабитқан молдадан оның сауатын аштырып, одан кейін Семей қаласына оқуға жібереді. Абай онда Ғабдұл-Жаппардың, одан кейін Ахмет-Ризаның медресесіне түсіп оқиды. Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың, шығыстың мәдениетін үйренеді. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Лермонтов, Щедрин, Некрасов шығармаларымен танысады. Ақынның шығармалары, негізінен үш саладан тұрады: Өзі шығарған өлеңдері, екіншісі – ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы, үшіншісі – өзге тілдерден аударған өлеңдері. «Білгірлер» тобынан Құрманжан Арай: Абайдың поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады. Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге, болашаққа құштарлыққа тәрбиелейлі. Сондықтан өзі сөз еткен мұсылман дінінің құндылықтары да дарынды ақынның сөз шеберлігі, парасаттылығы арқасында ерекше сұлуланып, өзгеше биікке көтерілген. Әр ұғым, әр қағида бүкіл адамзаттың жүрегіне жол тауып, есінде мәңгі сақталатындай қалыпқа келген. Поэзия минуты (өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқу) «Алғырлар» тобы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» «Білгірлер» тобы: «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» |
Оқулық,
қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер. «Стикердегі диалог» әдісі Топтық тапсырма Поэзия минуты |
||||||||||||
| Ортасы
10 минут |
Абай атамыздың өмірінен азырақ болса да мәліметтер алдық. Олай болса ендігі кезекте «Қара сөздерге» тоқтаып өтсек.
«Алғырлар» тобы: Абайдың қарасөздері. Абайда алғаш бой көрсеткен проза үлгісінде ғақлия-дидактикалық шығармалар – қарасөздер. Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қарасөзлер- көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абай қара сөздерінің жалпы саны- 45. Оның 46-сөзі аяқталмай қалған. (Оқушыларға қарасөздерін айтқызып, мән-мағынасын ашу). «Қаламсап ортада» әдісі Екі топтың оқушылары, Абай атамыздың қара сөздеріндегі адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы бір сөйлемнен жазып шығады. Сол арқылы әр топтан бір мәтін құралады. «Білгірлер» тобы: Абайдың әндері. Абайдың әндерінің бәрі- қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар. «Семантикалық карта»
Семантикалық карта бойынша тапқан өлең-шумақтарынан үзінді келтіріп, әр оқушы өз пікірлерін ортаға салады. Тіл дамыту мақсатында Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі көнерген сөздерден «Алтын қақпа» ойынын ұйымдастыру әрбір сөздің мән-мағынасы оқушыларға сауал ретінде қойылады. Сағақ – жылқының сағалдырық тұратын тамағының астыңғы жағы. Шідерлік – аттың сирағының шідер салатын жері. Шідер – аттың алдыңғы екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау. Ашамайлы – ашамай салынған деген мағынада. Жерсоғар – ат тұяғының арт жағындағы қатты жері, өкшелігі. |
Слайд
Қара сөздері «Қаламсап ортада» әдісі Абайдың әндері «Семантикалық карта» «Алтын қақпа» ойыны |
||||||||||||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту |
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей.
ІІ деңгей.
ІІІ деңгей.
|
Деңгейлік тапсырмалар | ||||||||||||
| Қорытынды: Ақылды дана, рақымды әділ, шыңға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтық пен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетінде жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп, айтып өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұтып, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай – қазақтан шыққан философ (данышпан) – деп Ж.Аймауытов ағамыз айтқандай өмірде орны бар, елеулі азамат болуға талпыныңдар деп сабақты қорытындылаймыз. | ||||||||||||||
| Бағалау
Кері байланыс |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Кері байланыс парағы
|
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары. |
||||||||||||
| Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
| Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||
| Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттарышынайы ма? Бүгін оқушыларне білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлағансаралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
||||||||||||||
| Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||
