Ғылыми жобаның тақырыбы: «Алма жемісінің пайдасы »

Ақмола облысы, Целиноград ауданы № 43 орта мектебі

10 «А» сынып оқушысы Абсаттарова Аида

Жетекшісі: Сулекешов Есет Жалғасбайұлы, биология пәні мұғалімі

I. Абстракт

II. Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысының өзектілігі: алманың пайдасы

III. Зерттеу бөлімі

3.1. Алма жемісі жайлы түсінік

3.2. Тамақтану мәдениеті

3.3. Алма жемісіндегі биологиялық заттардың әсері

3.4. Алма жемісінің емдік қасиеттері

3.5. Алманың қолданылуы

3.6. Ақпараттық құралдар бетінен жинақтаған пайдалы кеңестерім

3.7. Алма ағашы жайлы түсінік

IV. Жоба жетекшісінің пікірі

V. Қорытынды бөлім

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Абстракт

Зерттеу жұмысының мақсаты:

1. Алма жемісіне сипаттама.

2. Алма жемісінің тіршілігін бақылау.

3. Медициналық тұрғыдан адам денсаулығына маңыздылығын анықтау (тағамдық құндылығы, емдік қасиеттері).

4. Алма құрамындағы биологиялық әсерлі заттармен танысу.

5. Тәжірибе жасау арқылы алма жемісінің ғажайып қасиеттерін анықтай отырып білім толықтыру, іздену.

Зерттеудің міндеттері:

1. Алма жемісінің адам денсаулығына пайдасын және оның тағамдық ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін көрсету.

2. Тамақтану мәдениеті, тағамның сапасы, сақталу мерзімдері, кулинарлық өңдеу ережелерін сақтау туралы көзқарас пен дағды қалыптастыру.

3. Санитарлық-гигиеналық дағды мен салауатты өмір салтын ұстану.

4. Алма туралы кітаптар, оқулықтар және зерттеулермен танысу.

5. Алманың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету.

Зерттеудің нысанасы:

Алма жеміс, алма ағашы

Зерттеудің болжамы:

Егер біз алма жемісі жайлы көп оқып білсек, онда біз алманың әр үйдің бағында өсіп тұруына ықпал жасаймыз.

Зерттеудің нәтижесі:

Іздену нәтижесінде алма сұрыптарының (сорттарының) сиреп немесе жоғалып кетуіне жол бермеу, керісінше көбейту, болашақ ұрпақ оларды қамқорға алу керектігін білу.

II. Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алманың пайдасы.

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселенің бірі. Бұл да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі. Азық-түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажет сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің кұнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы сіз бен біздің денсаулығымыз. Өйткені сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Ттиімді сапалы тамақ (оның биохимиялық құрамы) – көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да, адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.

Елімізде халықтың аса көп мөлшерде қолданатын тағамдары – сүт пен ет өнімдері және көмірсуы көп тағамдар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, қан айналымы жүйесінің аурулары және қант диабетінің зардабы мемлекеттің әл-ауқатының басты көрсеткіштерінің бірі – ішкі жалпы өнімді 7 пайызға дейін азайтады екен.

Сонымен қатар, басты назарға алатын жайт: аталған қауіп-қатері мол, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларынан болатын өлімді итервенциялық кардио-хирургиялық әдістер тек 7 пайыз кемітсе, ал дұрыс тамақтану тәсілдерін қолдану 24 пайыз азайтады. Оған жалпы холестеринді, май қышқылдарын тұтынуды азайту арқылы қол жеткізіледі. Ол үшін жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтыну қажет. Ал темекі шегуден бас тарту өлім-жітімді тек – 12, дене белсенділігін арттыру 5 пайыз ғана төмендетеді.

Жалпы, ДДҰ мәліметтері бойынша, әлем халықтарының өлім-жітімінің 60 пайыздан астамы дұрыс тамақтанбауға тікелей байланысты. Сондықтан бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттан-дырмай, қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігі туралы айтуы оңайға соқпайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін шешуде, адам организмін жақсартып, денсаулығын нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға, сүт және ет өнімдерімен қатар, тағамдық құндылығы мен емдік қасиеті мол жеміс-жидектер және көкөністік дақылдарды да көптеп өсіріп, тиімді пайдаланудың болашағы зор. Солардың қатарына тағамдық өсімдік ретінде алма да жатады.

Сонымен қатар, адам организмі қоршаған ортаның жағымсыз факторлары-ның әсеріне үнемі кездесіп отырады. Көптеген зиянды заттардың бірлескен әсерінен организмнің ішкі ортасы өзгеріп, ондағы қалыпты биохимиялық үрдістер бұзылады. Зақымдаушы факторлардың әрекетінен организмнен токсиндерді шығарушы және оларды залалдандырушы мүшелердің қызметі төмендеп, организмде улы заттар жинақталады. Токсиндер сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен, соған қоса организмнің ішінде биохимиялық үрдістердің жүруінің бұзылуынан түзілуі мүмкін. Осы жағдайлар организмнің бейімделу мүмкіншілігінің және тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп, биологиялық белсенді қосылыстарды және витаминдер мен микроэлементтері мол тағамдарды тұтынуға әкеледі.

Организмде көптеген биохимиялық реакциялар жоғары химиялық белсенділігімен ерекшеленетін бос радикалдардың көмегімен жүреді. Бір қатар аурулар, қарқынды дене жүктемелері, күйзелу кезінде бос радикалды тотығу жүйесінің бұзылуынан липидтердің асқын тотығуы организм үшін зақымдаушы факторлардың бірі болып табылады. Организмде бос радикалды тотығу процесінің күшеюінен жүретін патологиялық өзгерістер – теориялық және практикалық медицинада өзекті мәселелердің бірі. Оттектің бос радикалдары липидтер, нәруыздар, нуклеин қышқылдарын тотықтыра отырып зақымдайды.

Қазіргі таңда бос радикалдардың тотығуын реттеуші антиоксиданттарды (биологиялық белсенді заттар) іздестіруге көп көңіл бөлінуде. Антиоксио-данттар клетка құрылымын бос радикалдардан қорғап, клетка тұтастығын, жалпы алғанда адам денсаулығын сақтауда маңызды қызмет атқарады. Жасанды антиоксидант-тарға қарағанда оңай табылатын және арзан өсімдік шикізаттарынан алынатын, құрамында витаминдер мен флавонондтар және т.б. биологиялық белсенді заттарға үлкен мән беріліп отыр. Антиоксиданттар бос радикалдардан жақсы қорғайды. Көптеген ортаның күйзеліс әрекетіне қарсы құрамында түрлі витаминдер, макро және микроэлементтер мен ферменттердің жиынтығы бар тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың әсерін зерттеудің маңызы зор. Құрамында витаминдер және де басқа антиоксиданттар жоғары деңгейде кездесетін азық-түліктерді тұтыну немесе азықтық қоспа ретінде пайдалану ауру-сырқаттардың санын азайтатындығы жайлы эпидемиологиялық мәліметтерде кездеседі. Биологиялық белсенді қосылыстар құрамындағы антиоксиданттық А, С, D, E витаминдерінің толық жиынтығы қоршаған ортаның зақымдаушы әсерін төмендетеді, организмнің төзімділігін арттырып, белсенді тіршілігін қамтамасыз етеді – дейді, мамандар.

Жануарлардың азығына қосымша енгізілген биологиялық белсенді заттар мембрана тұрақтандырушы және тек антиоксиданттық қасиет көрсетіп қоймай, жасуша мембраналарының төзімділігін арттырып, оны зақымданудан қорғайды. Антиоксиданттарды тағамға қосу липидтердің асқын тотығуына кедергі келтіреді. Кейінгі уақытта жазылған әдеби мәліметтер бойынша антиоксиданттық жүйенің жоғары белсенділігін сақтауда витаминдер тәрізді табиғи реттеушілердің олардың жеке әсеріне қарағанда, бірлескен әсерінің тиімді болатындығы анықталған. Қажетті антиоксиданттық жүйелерді қолдау үшін d – токоферол, аскорбин қышқылы, полифенолдар (биофлавоноидтар), глутатиондарды организмге тағаммен енгізудің маңызы зор. Алма да витаминдерге толы жеміс болып саналады.

III. Зерттеу бөлімі

3.1. Алма жемісі жайлы түсінік

Алма жемісі – жабық тұқымды өсімдік алма ағашының өнімі. Ол шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаның түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден жаңғақша тұқым орналасады. Тұқымы қосжарнақты. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады.

Алма жемісінің химиялық құрамы. Алма құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0,8% органикалық қышқылдар, 9,5-18,5% құрғақ қалдық, 30% пектинді заттар, жасунық (клетчатка), 0,28-1% илік заттар, эфир майы, A, B1,B2, B6, C, PP, E витаминдері, көптеген минералды заттар (калий, натрий, кальций, фосфор, марганец, мыс, кобальт, молибден, мырыш бар.

Жеміс-жидектермен бірге алманың да тағамдық құндылығы. Үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге қажет қоректік кенеулі заттардың (нәруыз, көмірсу, май, минералды тұздар, витаминдер, т.б.) кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық (гендік) ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.

Алма, алмұрт, алша, бүлдірген, картоп, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, қарақат, цитрус дақылдары, шие, пияз, шабдалы, баклажан және т.б. тағамдық өсімдіктерге жатады.

Өсімдік тағамдарының құндылығы тіршілікке керекті заттардың біразы адам организміне көп мөлшерде енетіні белгілі. Олар әр түрлі қант, нәруыз, витамин, фитонцид, фермент, эфир майы, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және т.б. химиялық заттар ретінде организмге еніп, тіршіліктің негізін салатын физиологиялық және биохимиялық үдерістердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Адам организміне өте қажет минералды тұздар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор) мен микроэлементтер де (темір, мыс, кобальт, марганец, молибден, мырыш, йод, фтор, т.б.) негізінен осы өсімдіктер дүниесінен енеді.

Жеміс-жидекті, көкөністі тағамдар адам организміне енген соң, оның құрамындағы заттар өзара зат алмасу үдерісіне қатысып, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, басқа мүшелердің физиологиялық қызметтерін реттейді.

Бір айта кететін жағдай, дәрігердің адамды емдеуге берген химиялық препараттары мен тағамға пайдаланған өсімдік құрамындағы заттарының өзара байланысы физиологиялық жағынан әр түрлі болуы да мүмкін. Сол кезде ішкен дәрі сіңгенше тамақ құрамындағы заттар оған ешбір кеселін тигізбейтін жағдай туады.

Сондықтан емделіп жүрген уақытта өсімдік тағамдарының қандай түрін, қанша мөлшерде, қай уақытта қабылдау керек екендігін дәрігермен кеңескен орынды. Сонда ғана өсімдіктердің тек тағамдық құндылығымен қатар ауруға ем болатыны сөзсіз. Мысалы, алма мен бүлдірген, сондай-ақ көкөністер ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, холестериннің организмнен жылдам шығарылуына мүмкіндік береді.

Құрамында калий көп өсімдіктерді (алма, өрік, мейіз, шабдалы, апельсин, қара қарақат, т.б.) гипертониямен (қан қысымының жоғарылауы) ауыратындарға ұсынады. Соған қоса жеміс-жидек, көкөніс сөліндегі С витамині (аскорбин қышқылы), В тобына жататын витаминдер, микроэлементтер (кобальт, мыс, мырыш, магний) және кальций, калий, фосфор тұздары мен аминқышқылдары асқазан жарасының жазылуына мүмкіндік жасайды.

Тағамға пайдаланылатын өсімдіктердің бәрі бірдей ауруларға шипалы бола бермейді. Мысалы, бауыр ауырған уақытта құрамында эфир майы бар (пияз, шомыр, ақжелкек, шалғам) өсімдіктерді жеуге рұқсат етілмейді. Бауыр, өт қабы ауырғанда жемістерді пайдаланған жөн. Олардың өт айдайтын қасиеті бар және қанттылары бауырда гликогенді көбейтеді. Дегенмен, бауырға кейбір жемістер жағымсыз, олардағы қымыздық қышқылы, эфир майы бауырдың паренхима ұлпасын тітіркендіреді. Қышқылды жеміс-жидек асқазанды тітіркендіріп, өт қабының бұлшық еттерін түйілдіріп, ауруды қоздырады. Осы сияқты қант диабетімен ауырғанда қантқа өте бай өсімдіктерді тағам құрамынан шығарып тастайды. Сол себептен өсімдіктерді тағамға пайдаланғанда олардың түрлерін, химиялық құрамын және биологиялық сапасын дұрыс білген абзал.

Алма жемісте басқа жеміс-жидек пен көкөніс дақылдары секілді тағамдық өсімдікке жатады. Алма жемісі – алма ағашының жемісі. Ол – жеміс-жидекті дақылдардың ішінде шекілдеуік жеміс тобына жататын жидек тәрізді шырынды жеміс.

Алма жеміс те кенеулі тамақ. Оның құрамында қант (глюкоза, фруктоза), алма, лимон қышқылдары, жасунық (клетчатка), илік және пектин заттары, каротин, А, В, С, Р, Е витаминдері, минералды тұздар (калий, натрий, магний, кальций, марганец, темір, мыс, кобальт, фосфор, мырыш), эфир майлары, фитонцидтер бар.

Алма жемісі организмге жағымды да сіңімді. Сол себептен алма жемісте адам организмінің бірқалыпты қызмет атқаруына және майлы, ет, жұмыртқа, ұннан жасалған тағамдардың бойға сіңуіне септігін тигізіп, ас қорыту үдерісін жеңілдетеді. Алма жемісі асқазан мен ішектің тазаруын қамтамасыз етіп, улы заттар мен газдардың органимнен жылдам шығарылуына мүмкіндік туғызады. Оның себебі жеміс құрамындағы балласты заттар – жасунық (клетчатка) мен пектинге байланысты. Бұл заттар организмге түскенде асқазан мен ішекте қорытылмаса да адам майлы етті тағамдар мен көмірсулары (крахмал, қант) көп, сәйкес келмейтін тағамдарды араластырып жегенде, ферменттер мен газдарды өз бойына сіңіріп, ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жылдамдатады. Сөйтіп организмді уландырудан және ішектің шырышты қабатын да уланып-бүлінуден сақтайды. Әйтпесе, осы улы заттар адамдардың асқазандары мен ішектердің жұмыстарын нашарлатып, гастрит (асқазан жарасы) және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар қылады. Колиттен тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, бауырдың, мидың, жүректің және бүйректің жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етеді.

Ал енді керісінше, жеміс-жидектер мен көкөністерді тамаққа жиі пайдалан-ғанда, жоғарыда айтылған «балласты» заттар ішек-қарында мол жинақталып, ондағы улы заттар мен газдарды өз бойларына сіңіреді де ішек-қарынның рецепторларын қоздырып, олардың жиырылып-созылу қабілеттерін жақсартады және қорытылмай қалған зиянды заттарды ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жеңілдетеді.

Алма жемісінің органимнен холестеринді шығаруына пектиндік заттардың әсері бар. Алмада пектин заттары 30 пайыз мөлшерінде кездеседі.

Алма жемісі ой және дене еңбегімен шұғылданатын адамдар үшін өте пайдалы.

Алма жемісі және одан жасалған тосап, повидло сияқты әрі дәмді, әрі құнды тағамдар дастарқанның сәнін келтіріп, адамның тәбетін ашады. Сондай-ақ ауырған адамға шипа болғандықтан алма жемісті тамақтың бір түрі ретінде тамақ рационына қосады. Әр адамға күніне 200-300 грамм алма қажет.

Алма жеміс майлы тамақ пен тәттіге әуес адамдар үшін шипалы тағам – диета болып есептеледі, семіртпейді. Алманы көп жеген адам организміне май сіңбейді, сөйтіп салмағы азаяды.

Алма жемісінің жыл маусымының барлық кезінде де пайдалануға болады.

3.2. Тамақтану мәдениеті

«Ас – адамның арқауы» дейді халық. Сол айтқандай-ақ денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі шарт. Әсіресе, тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Тамақты қарныңыз ашқан кезде ішкеніңіз дұрыс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-деу мақсат емес. Тойып ішкен тамақ асқазанға күш түсіреді. Диетологтардың айтуынша: «кез келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – организмнің одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Қанағат қарын тойдырады» – деп, қазақ халқы бекер айтпаған. «Батпайтын ас – жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды щығыс ғалымы Абдуль Фарадж. Артық тамақ денсаулыққа зиян. Бұдан адам семіздікке ұшырайды. Керісінше, кез келген тағамды аз тұтыну денсаулығыңызды жақсартып, ғұмыр жасыңызды ұзартуға жол ашады.

Тибет медицинасының ежелгі ережелерінде мынадай бір нақыл айтылған: «Барлық ауруға ортақ бір себеп бар, ол – надандық». Дұрыс тамақтану туралы білмейтін адам ауруға жетелейтін жолға түседі. Әлбетте, балалар нәруыздың құнды көздеріне ет пен сүт, балық пен жұмыртқаның жататындығын білуі тиіс. Ең әуелі жеміс-жидек пен көкөністі пайдалану керек деп айтар едік. Организмде еркін радикалдардың жиналуы адамды ерте қартайтады. Еркін радикалдардың шабуылына антиоксиданттар, яғни жеміс пен көкөністе көп кездесетін витамин-дер тойтарыс бере алады. Олардың ішінде біз үшін ең қолжетімді жеміс – алма. Алма адам организміндегі бірден-бір қуат көзі – микроэлемент темірмен қамтамасыз етеді. Организмде жеңіл қорытылатын темір көп мөлшерде алмамен қатар, алмұрт, қаражидек, шабдалы, өрік, құрма, қара өрік, ет пен балықта, аз дегенде сүт пен жұмыртқа да бар. Тегі «жігері темірдей берік» деген сипаттама бекер айтылмаса керек. Дені сау, ширақ адамның организмінде темір жеткілікті болғандықтан белсенді, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады.

Органимде темір қосындысының жетіспеуінен қаназдық (темір тапшылығы анемиясы) ауруына ұшыраған адамдардың өңеш пәлесіне (қылтамақ) шалдығатыны дәлелденген. Темір қосындысы жетіспеушілігінен болатын қаназдық ауруы асқазан сөлі аз шығатын гастрит, яғни қарынның қабынуы салдарынан болады. Өңеш пен қарын (асқазан) ауруына жиі ұрындыратын себеп-терге мына жайлар жатады. Бірінші жағынан, адамдардың көбінесе нан мен ұннан жасалған тағамдарға әуестігінен, тағамда малдан алынатын нәруыздардың, жас көкөніс пен жеміс-жидектің жетіспеушілігінен, яғни адамның көкөніс пен жеміс-жидекті аз жеуінен; екінші жағынан , асты майға қуырып, майға пісіріп жеуге және ысталған, тұздалған тамаққа әуестік. Сонымен қатар пайдаланатын тағамда С витаминінің жетіспеушілігі. Темірдің тапшылығынан қаназдыққа шалдыққан бала тез шаршайды, сабаққа зейіні болмайды. Алғашқы екі сабақтан кейін маужырап, ұйқысы келеді. Алғыр, зерек болу үшін бала алма жемісін жеуі керек.

Тағамның құрамында болатын витаминдердің көбі жеміс-жидектерде де кездеседі.

Витаминдер адам организмінде зат алмасу үрдісін жақсартып, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Организмге витаминдер жетіспегенде адамның өзінен-өзі күш қуаты кеміп, біртүрлі әлсіреп, шаршап-шалдыққыш келеді. Ештеңеге зауқы соқпай, болмайтын нәрсеге ашуланып, жұқпалы ауруларға тез беріледі.

Тамақта витаминдердің жетіспеуі ерте көктемде жиі болып тұратын жағдай. Әрбір витаминнің адам организмінде атқаратын өзіндік ерекше қасиеті немесе орны бар. Адам организміндегі барлық зат алмасу үрдісін жүргізетін ферменттер-дің жеке адамның ішкі бездерінен тікелей қанға бөлінетін гормондардың био-химиялық құрамдары витаминдердің құрамына жақын. Адам дұрыс тамақтанып, қажет витаминдер уақытында жеткізіліп отырса, организмдегі ферменттер мен гормондар да қасиеттерін сақтайды, зат алмасу үрдісі де ойдағыдай жүреді. Соның әсерінен адамның күш-қуаты күшейіп, организмнің әр түрлі аурулармен күресу қабілеті артып, ауырған күннің өзінде, дер кезінде емделсе, тез арада сауығуына мүмкіндігі молаяды.

Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу заманында адамдардың қара жұмыстан гөрі мимен атқаратын еңбекке көбірек ауысуына байланысты, әрбір адамның миы күнделікті қабылдап қорытатын ақпараттар көбейіп, жоғары жүйке жүйелерінің шаршап, күйзелуіне әкеліп соқтыратын жайлар жиі байқалуда. Мұның өзі адам-дардың витаминдерді қажетсінуін бұрынғыдан да күшейтеді. Миға күш түскен жағдайда адам организмі әсіресе В тобы витаминдері мен С витаминіне көбірек зәру болады екен. Витаминдер организмнің биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін жақсартады. Әсіресе, орталық жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сол себепті ой еңбегімен айналысатын жастардың тамақ рационында жеміс-жидектің молырақ болғаны жөн.

Адам организміндегі тіршілікке қажетті зат алмасу үрдістерінде тамақ құрамындағы минералды заттар мен микроэлементтердің атқаратын рөлі ерекше. Олардың организмде жетіспеуі зат алмасуын тежеп, әр түрлі сырқатқа душар етеді.

Өрік пен мейізде, алмада калий тұзы көп. Сол себепті жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдарға бұл жемістер өте пайдалы.

Калий жүректің жұмысын, қан айналымын жақсартады, асқазан мен ішектің де қызметіне өте қажет. Және организмдегі барлық зат алмасу үрдісіне де тікелей қатысы бар. Натрий мен калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен тітіркенулердің жақсы жүруін ретке келтіреді. Ал ол элементтердің жетіспеуі жүйке талшықтарының жұмысын нашарлатады.

Кальций элементі организмде сүйектің өсіп жетілуіне, жарақаттанғанда аққан қанның тоқтауына, жүрек пен бұлшықеттердің қызметінде, қышқыл мен сілтінің арақатынасын сақтауда қажет.

Магний элементі адам организміндегі зат алмасу үрдісін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Организмде магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады, әр түрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары да түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке және қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталатыны, сонымен қатар ішек пен өт қызметі жақсаратыны анықталып отыр.

Темір, мыс, кобальт, мырыш, марганец, йод секілді микроэлементтер де организмге өте қажет элементтер. Мұның бәрі көптеген гормондардың, фермент-тердің және витаминдердің құрамына ауадай қажет. Олар организмдегі және оның жасушаларының ішіндегі зат алмасу үрдістеріне тікелей қатысып, олардың жұмысын реттейді және қанның құрамындағы оттегін тарататын қызыл қан түйіршіктерін (эритроциттерді) көбейтеді. Ал йодтың қалқанша безінің қызметін-де рөлі орасан зор және соған байланысты бұғақ (зоб) ауруын болдырмайды.

Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер, адам организміне арнайы дәрі-дәрмектерді еккеннен гөрі микроэлементтер мен витаминдердің тамақ арқылы берілгені анағұрлым тиімді екенін дәлелдеп отыр.

Піскен және шикі ас туралы мәселеге келсек, піскен ас, әрине дәмділеу, бірақ ас қорыту үшін ең қажеттісі – шайнау, жақсы шайнау.

Тамақты пісіріп қуырғанда анықталғаны мыналар: температура витаминдер мен барлық биологиялық активті заттарды жояды. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, неғұрлым ұзақ әсер еткен сайын әлгі заттар да азая түседі, тіптен мүлде жойылуға дейін жетеді. Ал нәруыздар, майлар және көмірсулар, олардың калориялары толық мөлшерінде сақталады. Ал кобальт немесе темір атомдары-ның органикалық заттармен байланысы бұзылып, пайдалы әсері нашарлауы мүмкін. Сондықтан жеміс-жидектерді шикілей жеу тиімді. Тек гигиеналық талапты сақтап, жемісті сүртіп немесе жуып жеу керек.

3.3. Алма жемісіндегі биологиялық заттардың әсері

Алма жемісінің тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттері оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттарға байланысты. Адам организміндегі тіршілікке қажетті зат алмасу үрдістерінде тамақ құрамындағы витаминдердің, минералды заттар мен микроэлементтердің де атқаратын рөлі ерекше. Олардың организмде жетіспеуі зат алмасуын тежеп, әр түрлі сырқатқа душар етеді. Керісінше, микроэлементтер адам организміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауру үдерістерін тоқтатуға көмектеседі.

Минералды тұз – калий алма жемісінде көп мөлшерде болады. Ол жүректің жұмысын, қан айналымын жақсартады. Асқазан мен ішектердің қызметіне де өте қажет және оргазмдегі барлық зат алмасу үрдісіне де тікелей қатысы бар.

Калий тұзы жүрек аурумен ауырған адамдардың организмінде жүретін тұз бен су алмасуы үдерісі бұзылғанда, оны реттеуге үлкен әсер етеді.

Натрий және калий ерітінділері жүйке талшықтарының бойымен тітіркену-лердің жақсы жүруін ретке келтіреді. Бұл элементтердің жетіспеуі жүйке талшық-тарының жұмысын нашарлатады. Жүрегі, асқазаны және ішегі ауыратын адамдар алманы асқа жиі пайдаланғаны дұрыс.

Минералды зат – калий ас қорытуға, қанды ұютуға, жүрек пен бұлшықеттер-дің қызметіне, сүйектің өсіп жетілуіне қажет.

Микроэлемент – темір қаназдыққа (анемияға) ем. 100 г алмада 2,2 мг темір бар. Ол организмдегі және оның жасушаларының ішіндегі зат алмасу үрдіс-теріне қатысып, олардың жұмысын реттейді. Және ол қанның құрамындағы геноглобин-мен қосылып, оттегін тарататын қызылқан түйіршіктерін (эритроциттер) көбейтеді. Темір қан айналымы жүйесіне қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.

XIX ғасырдың аяғында неміс физиологі және биохимигі Густав Бунге Мюнхенде болған конгресте былай деп айтқан: темірді дәріханадан емес, базар-дан бірінші кезекте жұмыртқа мен шпинатты сатып алу керек деген. Ол дені сау организм қажетті темір мөлшерін бірінші кезекте азық-түлікпен алу керек деп айтқан. Нәресте организмі дүниеге келгеннен кейінгі бірінші аптасында темірді қажетсінеді. Темір ДНҚ-ның редупликациясына да (екі еселенуіне) қажет. Ересек адамға тәулігіне 10 мг темір қосындысы қажет болса, ал әйелдерге бұдан да көп (18 мг) керек.

Микроэлемент – марганецтің сульфат күйінде атеросклерозға қарсы әсері бар. Жұмыстан кейін спортшылардың еңбек қабілетін арттыру үшін тамақ рационына марганец препаратын қосады. Көп мөлшерде марганец улы. Марганец көптеген ферменттердің белсенділігін арттырып, биохимиялық үдеріске қатысады.

Ион магниймен бірге ДНҚ синтезін жүргізеді. Магнийдің қатысында бұл синтез баяу жүрсе, марганец бұл үдерісті жылдамдатады. Марганецтің тұқым қуалаушылыққа қатысы бар. Ол Пируват карбоксилаза және аргиназа ферментінің құрамына кіреді. Май қышқылы мен холестериннің синтезін реттейді, қанның түзілуіне қатысады, қанда темірдің оңай сіңірілуін қамтамасыз етеді. Инсулин гормонының түзілуіне әсер етіп, С витамні синтезінің жүруіне атсалысады. Марганец хлориді антибактерияльдық инъекцияның әрекетін арттырады.

Микроэлемент – молибден ксантиноксидаза ферментімен бірге организмді уланудан қорғайды. Молибден баласты организмде өте маңызды. Органимде молибденнің көп жинақталуы ксантиноксидаза ферментінің белсенділігін туғызады. Бұл фермент пуриннің алмасуын реттейді.

Пуриндік негіздер нуклеотидтердің, нуклеин қышқылының және басқа белсенді биологиялық қосылыстардың құрылуына қатысады. Бұл металл деңгейінің артуы подагра ауруымен байланыстырады. Подагра грекше «аяққа қапқан» деген мағына береді. Подагра ауруы кезінде несеп қышқылы түзіледі, оны түзуге бүйрек қызметі тоқтап, сонда артық тұздар организмде жинақталады. Бұл кезде буындар деформацияланып, жүру қиындай түседі.

Фосфор кальций сияқты тіс пен сүйектің құрамына кіреді. Екеуі бірлесе қызмет етеді. Фосфор жүйке клеткасында болады. Академик Ферсман фосфорды «ой элементі» деп атаған. Ересек адамдарға тәулігіне 1200 мг фосфор қажет.

Микроэлемент – мырыш ұйқы безінің гормоны инсулиннің құрамына енеді. Организмде инсулин мөлшері төмендесе, адам қант диабеті ауруына ұшырайды. Инсулин – организм жасушалары құрамындағы глюкозаны сіңіріп отыруын реттейтін гормон. Құрамында мырыш бар инсулин белсенді әрекет жасайды. Мырыш қанның қызыл түйіршігіндегі карбоангидраза ферментінің құрамында болады. Ол фермент ұлпалық тыныс алу кезінде CO2+H2O=H2CO3 көмір қышқылын түзіп қайтымды реакцияны тездетіп, өкпедегі қанның құрамынан дегидрациялану арқылы көмірқышқыл газын бөліп шығаруға қатысады. Мырыш қанның түзілуіне әсері бар. Мырыштың эндокриндік бездің қызметіне, нәруыз синтезіне қажеттілігі және жасушаның бөлінуіне қатысатыны дәлелденген. Бұл металдың жетіспеуінен атеро-склероз, қант диабеті, бауыр циррозы және лейкемия ауруы туындайды. Мырыш сүйектің дамуына маңызды рөл атқарады. Артық мөлшері организм-ге улы (канцерогенді) әсер етеді. Оның тағамда тапшы-лығы организмнің дамуын тежейді. Бұдан адамның бойы дұрыс өспей, ергежейлік туғызады. Ерте заманда Орталық Еуропада аласа бойлы тайпалардың болуы мырыштың жетіспеушілігінен болған. Мырышқа тәуліктік қажеттілік 15 мг-ға жуық, ал организмдегі жалпы мөлшері 1,5-2 граммнан аспайды, бездегіден екі есе кем.

Мырыш аш ішектің шырышты қабырғасы арқылы сіңіріліп, қан арқылы бүкіл денеге таралады. Жаңа туылған нәрестелерде ең төмен деңгейде, кәрі адам-да өте көп деңгейде байқалады.

Адам организмінде мырыштың жетіспеуі иіс және дәм сезуді толық өзгертеді. Мырыш қызылқан түйіршіктерінде болады және организмнен органикалық заттардың негізгі тотығу өнімдерін шығаруға әсер ететін фермент-тердің құрамына кіреді.

Мыс – микроэлемент. Адам организмінде мыс бауырда концентрленеді. Ол қан түзу үдерісіне қан құрамында болып қатысады, тотығу үдерісін күшейтетін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын, геноглобин және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді.

Адам организмінде темір секілді мыс жетіспесе, қаназдық (анемия) ауруы пайда болады. Бірақ оның артық мөлшері де зиянды. Көп мөлшері жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйқысыздыққа әкеледі.

Витаминдер.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу заманында адамдардың қара жұмыстан гөрі мимен атқаратын еңбекке көбірек ауысуына байланысты, әрбір адамның миы күнделікті қабылдап қорытатын ақпараттар көбейіп, жоғары жүйке жүйелерінің шаршап, күйзелуіне әкеліп соқтыратын жайлар жиі байқалуда. Мұның өзі адамдардың витаминдерді қажетсінуін бұрынғыдан да күшейтеді. Миға күш түскен жағдайда адам организмі әсіресе В тобы витаминдері мен С витаминіне көбірек зәру болады екен.

Витаминдер – организм тіршілігіне өте қажетті ерекше органикалық заттар. Оның аз ғана мөлшерінің өзі адам және жан-жануар тіршілігінің өсіп-жетілуіне мүмкіндік туғызады.

Витаминдер организмнің биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін жақсартып, зат алмасу кезінде нәруыз, көмірсу, май секілді тағамдық заттарды сіңіру үдерісін реттеуде өте үлкен рөл атқарады. Әсіресе, орталық жүйке жүйесі-нің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сол себепті ой еңбегімен айналысатын жастардың тамақ рационында жеміс-жидектің молырақ болғаны жөн.

А витамині (ретинол) көздің қалыпты көруі үшін қажет. Ол жетіспегенде адам ымыртта немесе түнде көруі күрт нашарлап ақшам соқыр ауруына шалдыға-ды. Көру реакциясы баяулайды, ауыз, тыныс, асқазан, ішек жолдарының сілемей-лі қабықтары құрғайды. Терінің үстіңгі эпителий қабаты қатты түлейтіндіктен, сол түлеген жерлер арқылы организмге ауру қоздырғыш микробтар еніп, адамды сырқатқа ұшыратады. Балалар А витаминінен тапшылық көрсе, бойлары өспей қалады.

А витамині өсімдікте болатын каротин (А провитамині) деп аталатын күрделі органикалық қоспаның ыдырауы нәтижесінде түзіледі. А витаминін өсу витамині деп те атайды. Ол нәруыздың алмасуын, бойдың өсуін, сүйектердің және эпителий ұлпаларының қалыптасуын реттейді. А витаминсіз көмірсулар алмасуы дұрыс жүрмейді, өйткені ол жеткілікті болған жағдайда ғана бауырға, бұлшық еттерге, жүрек бұлшықеті миокардына гликоген барынша мол жинақталады.

А витамині ішкі секреция бездерінің қызметіне, атап айтқанда бүйрек үсті бездерінің және ұйқы безінің қызметтеріне ықпал етеді. Сонымен бірге организм-нің иммундық (қорғаныштық) реакциясын күшейтіп, инфекцияларға қарсы тұрушылықты арттырады.

А витаминінің тәуліктік мөлшері – 1 мг. Көздеріне күш көп түсетін маман-дық иелеріне (ұшқыштарға, пойыз машинистеріне, жүргізушілерге, корректорлар-ға, компьютермен көп жұмыс істейтіндерге бұл витамин өте көп керек. Олар А витаминін басқалардан 1,2-2 есе мол пайдаланулары қажет. Өндірісте кешке жақын және түнде еңбек ететіндер және көздің сілемейлі қабығы мен жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіретін заттармен жұмыс істейтіндер де А витаминін көбірек пайдаланғаны жөн.

В тобының витаминдері зат алмасу, әсіресе аминқышқылдары, нәруыздар, нуклеин қышқылдары алмасуының көптеген ферменттік реакцияларын реттейді.

В1 витамині (тиалин) жүйкенің қалыпты жұмыс істеуіне қажет. Оның жетіспеуінен немесе болмауынан «бери-бери» (сал) ауруы байқалады. Соның әсерінен жүйке жүйесі, жүрек, ас қорыту мүшелерінің жұмысы бұзылады. Ол көмірсулардың алмасуына белсене араласады, организмде глюкоза өзгеруінің аралық өнімі болып табылатын пировиноград қышқылының тотығуына ықпал етеді. Егер бұл витамин тапшы болса, онда бұл қышқылдың тотығуы тежеледі, сөйтіп ол қан мен ұлпаларда көбейіп кетеді. Соның салдарынан адам тез шаршай береді, ұйқысы қашады, басы жиі ауырады. Тіпті аяқ-қолдың сезімталдығы да жойылады, жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе, ас қорыту мүшелері де зақымданады, ішектердің қозғалысы әлсірейді, адамның іші қатады. Тиалиннің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі – оның тағам құрамында аз болуы. В1 витаминінің тәуліктік мөлшері – 2-4 мг.

В2 витамині (рибофлавин) адамның өсіп-дамуына, ұлпалық тыныс алуды қамтамасыз етуге, бүлінген ұлпаларды қайта қалпына келтіруге, жасушаның энергетикалық алмасуына (нәруыз, көмірсу, май) қатысады. Бұл витаминнің А витамині секілді қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына әсері бар. В2 авитаминозы көз ауруына – жұқпалы емес конъюктивитке, катарактаға әкеліп соқтырады. Ұсақ қан тамырларының (капиллярлар) әлсірейді, соған байланысты қанның айналысы да нашарлай түседі. Уақыт өте бауыр мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында В2 витамині аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу жүреді. Жасөспірімдер үшін тәуліктік мөлшері – 1,7-2 мг, ересек адамдар үшін 2-3 мг. Егер адамның күндік тағамында С витамині мен нәруыз жеткіліксіз болса, аста В2 витамині жеткілікті болғанның өзінде ол бойға сіңбейді, алмасу үдерістері бұзылады.

С витамині (аскорбин қышқылы) организмді суық тиюден және жұқпалы аурудан қорғап, иммунитетті арттырады, еңбек ету қабілетімізді күшейтеді, белсенді түрде организмнен тұзды шығарады, жоғары қысымды төмендетеді. Оның тағамда болмауы немесе жеткіліксіздігі құрқұлақ (цинга) ауруын тудырады. Бұл кезде ең алдымен, тістің қызыл иегі қанап, әр түрлі ауруларға төзімділігі нашарлайды. Жыныс бездерінің, бауыр мен бүйректің қызметі бұзылады. Адамға тәулігіне 75-105 мг С витамині қажет.

Р витамині (биофлавоноид) С витамині бар тағамдарда кездеседі. Бұл витаминнің негізгі физиологиялық қасиеті – ұсақ қан тамырларының нәзіктілігін және өткізгіштігін азайту. Яғни жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіріп отырады.

В витаминдер тобы, С, Р витаминдері суда ериді. Сол себептен бұл витаминдерге бай тамақ өнімдерін ұзақ уақыт суға салып қоюға болмайды, сапасын жоғалтады.

Е витамині (токоферол) – бұлшықеттердің қызметін және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол нәруыздың, көмірсудың, майдың, сондай-ақ кейбір микроэлементтердің (мырыштың, кобальттың, кальцийдің, т.б.) алмасуларына қатысады. Эритроциттер қабықшасын бұзылудан сақтайды.

Организмде витаминдер жетіспегенде адамның күш қуаты кеміп, біртүрлі әлсіреп, шаршап-шалдыққыш келеді. Ештеңеге зауқы соқпай, болмайтын нәрсеге ашуланып, жұқпалы ауруларға тез беріледі.

Тамақта витаминдердің жетіспеуі ерте көктемде жиі болып тұратын жағдай. Әрбір витаминнің адам организмінде атқаратын өзіндік ерекше қасиеті немесе орны бар. Адам организміндегі барлық зат алмасу үрдісін жүргізетін фермент-тердің жеке адамның ішкі бездерінен тікелей қанға бөлінетін гормондардың биохимиялық құрамдары витаминдердің құрамына жақын болады.. Сол себепті адам дұрыс тамақтанып, қажет витаминдер уақытында жеткізіліп отырса, организмдегі ферменттер мен гормондар да қасиеттерін сақтайды, зат алмасу үрдісі де ойдағыдай жүреді. Соның әсерінен адамның күш-қуаты күшейіп, организмнің әр түрлі аурулармен күресу қабілеті артып, ауырған күннің өзінде, дер кезінде емделсе, тез арада сауығуына мүмкіндігі молаяды.

Эфир майлары – күрделі органикалық заттар. Ол әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар жүрек-қан тамыры жүйесінің және асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады.

Илік заттар – танидтер тобына жататын көп атомды фенолдар. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерицидтік препарат ретінде жиі қолданылады. Сонымен бірге организм алкалоидтармен және ауыр металл тұздарымен уланғанда пайдаланылады.

Ферменттер – тағамдық заттардың адам организміне тез сіңірілуіне әсер ететін нәруызды заттар. Организмдегі химиялық өзгерістерді реттеу, бағыттау және жылдамдату тек ферменттердің қызметтерінің арқасында болып отырады. Өсімдік организміндегі керекті заттар негізінен ферменттердің күші арқылы пайда болады. Жеміс тағамында ферменттер түгелдей сақталатындықтан, оларды шикі күйінде пайдаланғанда, көбірек мөлшерде сіңеді.

Қант (сахароза) – көмірсуға жататын дисахарид. Оның ең басты рөлі – организмнің күш қуатын сақтау, яғни негізгі энергия көзі. Ол – асқазан мен ішек жолында глюкоза мен фруктоза молекулаларына өте тез ыдырайды. Қант адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін глюкоген түзу үшін қажет. Сондай-ақ қант орталық жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін де керек. Қант глюкозаға ыдырауы арқылы зат алмасу үдерісіне қатысады. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады.

«Балласты» заттар немесе тамақ талшықтары (целлюлоза, пектин) – поли-сахаридке жататын кешенді қосылыс. Бұл заттар адамды тез тойғызады да, тамақты артық ішін жіберуден сақтайды. Бұлар асқазанымыз бен ішегімізге барғанда қорытылмайтын, бойға сіңбейтін тамақ қалдықтары. Балласты заттар организмге түскен соң қант диабетінің өршуіне, жүректің анемиялық ауруының дамуына, бауырдың кейбір сырқатының бой көрсетуіне кедергі келтіреді. Өйткені, балласты заттардың қандағы холестерин деңгейін төмендететін қасиеті бар. Олар ішектегі бактериялардың өсіп-өнуіне әсер етеді. Сонымен бірге ішектерді жақсы қозғалтады, тамақтың бойға дұрыс сіңуіне көмектеседі. Және балласты заттар холестеринді, соған қоса ішекте асқорыту барысында пайда болған улы заттары өз бойларына сіңіріп алады да, сыртқа шығуын жылдамдата-ды. Әйтпесе осы улы заттар адамдардың асқазандары мен ішектерінің жұмыс-тарын нашарлатады, гастрит (асқазан жарасы) және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар қылады. Колиттен тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, мидың және бүйректің де жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етуі мүмкін.

3.4. Алма жемісінің емдік қасиеттері

Рим дәрігері Клавдий Гален (130-200 ж.ж.) алғаш рет өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы, олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысы-мен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Парацель мына сөйлемді қайталап айтуды ұнатқан.

«Бар нәрсе у және улылықтан еш нәрсе құтылмаған; тек бір ғана мөлшері уды байқалмайтын етеді».

Басқа жеміс-жидек секілді алма жемістің де адам денсаулығына пайдалы дәрілік шөптерден кем түспейді. Жеміс-жидектердің тағамдық құндылығымен қатар, олардың көптеген ауруларға да ем болатыны дәлелденген.

Алма жемістің құрамында жоғарыда айтылғандай, көптеген биологиялық әсерлі заттар (қант, алма, лимон қышқылдары, жасунық (клетчатка), пектин және илік заттар, эфир майы, А, В, С, Р, Е витаминдері, каротин, фитонцидтер, минералды тұздар (калий, натрий, кальций, фосфор, марганец, молибден, мырыш, темір) бар.

Жемісті емдік мақсатта пайдаланғанда бұл заттар адам организміне еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер тудырады. Жемістердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты.

Алма жемістің жалпы денсаулықты түзетіп, бекітетін, күш жинататын ерекшелігі бар, сондықтан ауыр науқастан кейін әлсіреп қалған адамға өте қажет.

Алма жемісі атеросклероз ауруын (май алмасу бұзылғанда, холестериннің де алмасуы да бұзылады, холестерин эфирлері жиналып, қан тамыр қабырғасы қалыңдайды) емдеуге тиімді. Бұған микроэлементтер мырыш пен марганец тұздарының әсері бар. Алма жемісінің ішектегі инфекцияларды болдырмауы оның құрамындағы фитонцидтер мен эфир майларына қатысты. Алма жемісіндегі микроэлементтер мыс, магний, калий, кальций асқазан жарасының жазылуына мүмкіндік жасайды.

Сондай-ақ, алма жемісі жүрек-қан тамырына, асқазан жарасына, апелияға (қаназдыққа), гипертонияға (қан қысымының жоғарылауы), бауырға, өт жолына, бүйректегі тасты түсіруге бірден-бір ем бола алады.

Сондықтан да алма жемісі, әсіресе атеросклероз, гипертония, гастрит, миокард инфаркті сияқты ауруларға шалдыққан адамдардың тамақ рационына кіреді.

Көктем айында иммунитетіңіз төмендеп әлсіздік басталса, 5 дана алманы турап, үстіне 1 литр қайың шырынын құйып, 10 минут баяу отта қайнатып, 200 граммнан күніне 3 рет ішіңіз. Бұл тек иммунитетті күшейтіп қана қоймай, жөтел, бас ауруына, қаназдыққа, ұмытшақтыққа, іш кеуіп қатқанда зор көмегін тигізеді.

Қазіргі кезде көп адамдарды асқазан жарасы ауруы мазалайды. Сол ауруға байланысты олар көптеген тағамдардан бас тартып, қатаң диетаға отырады. Асқазан жарасымен ауырған адамға алманың көмегі зор. Ол аурудан дәрігерлер-дің көмегінсіз-ақ емделуге болады. Ол үшін 5-6 алманың қабығын аршып, үккіштен өткізіп, тамақтанып болғаннан кейін араға 5 сағат салып жеу керек. 5 сағат бойы асқазанға ешнәрсе болмауын қатаң түрде қадағалап, сусындарды да пайдаланбауы тиіс. Күніне бір рет осы емді пайдаланып тұрса ауру адам 2 аптада өзгерістерді өзі-ақ байқайды. Ал 3 ай уақыттан кейін бұл аурудан құлантаза айығып кетеді.

Алманың көмегімен тісті ағартуға болады. Жатар алдында бір дана алманы күнделікті қолданып тұрсаңыз, уақыт өткен сайын тісіңіздің ағара бастағанын байқайсыз.

Емдік мақсатта алманың өзін немесе қайнатқан шырынын пайдаланады. Кепкен алманың қайнатпасын қыста ішкенде адам тұмау ауруынан, бас ауруынан сақтанады. Соңғы жағдайда алма жемісінен сусын дайындап ішкен өте пайдалы. Ол әсіресе, оның кепкен қабығынан дайындалуы абзал. Ол үшін: 1 ас қасық кепкен, ұсақталған алма қабығын 1 стақан ыстық сумен араластырып ішу керек. Мысалға, қышқыл түрлерін қант диабетіне қарсы қолдануға болады. Инфакт болған адамдарға дәрігерлер алма жеуге кеңес береді.

Алма жүрек-қан тамырларын жақсартады, ой еңбегімен айналысатын адамдарға алманы көбірек жеген пайдалы. Алма жемістің құрамында қанның құрамындағы элменттер көптеп кездеседі.

Жемістегі керекті заттар негізінен ферменттердің күші арқылы пайда болады. Ферменттер – нәруызды заттар. Жемісті шикі күйінде жегенде, ондағы ферменттер түгелдей сақталады. Осыған байланысты жемістерден әзірленген тағамды (тосап, шырын, т.б.) сол күйінде пайдаланғанда, ондағы емдік қасиетті органикалық заттар адам организміне бұзылмай, көбірек мөлшерде сіңеді.

3.5. Алманың қолданылуы

«Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алма-ның қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады.

Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем-дәмдік таға ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Витамин жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, повидло, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ алманы тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Шырынынан шарап, сусын дайындалады.

Алма тәнге күш беріп, организмнің әртүрлі ауруларымен күресуге көмектесе-ді. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алма сусындары.1. Денеге май біткенде мына сусынды пайдаланған жөн, оны дайындау үшін: алма сусынынан – 100 мл, қауын сусынынан – 50 мл, қызанақ сусынынан – 5 мл, лимон қышқылынан – 25 мл қоспа дайындап ішкен абзал. Бұл сусынды авитаминоз және қаназдық ауруларында ем ретінде пайдаланған жөн. Сусынды өт жолдарын айдауға жарты стақаннан тамақ жер алдында 15-30 минут бұрын ішу керек. Алманың қышқыл түрлерін асқазанда қышқыл азайғанда және іш қатқанда пайдаланған жөн.

2. 4-5 қышқыл сұрыпты алма, 1 литр қайнаған су, 2-3 ас қасық қант, бір шымшым дәмқабық алынады. Алманы езіп, үстіне қайнатылған су құяды.

3. 4-5 қышқыл дәмді алма, 0,5 кг сәбіз, 4 стақан қайнаған су, қант қажетінше алынады. Сәбізді езіп, дәкемен сүзіп, алынған тұнбаны алма шырынына қосады. Бұл қоспаны жақсылап араластырып, керекті мөлшерде қант қосу керек.

Алма тосабы. Тосаптың құрамында қант (сахароза, глюкоза, фруктоза), органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, әсіресе С витамині мен каротин (А провитамині) көп болады, яғни ол – адамның денсаулығына пайдалы, нәрлі тағам. Сондықтан қыста жеуге тосапты молырақ қайнатып алған дұрыс. Алманың тосап жасауға қолайлы тәтті сұрыптары: Коричное, Боровинка, Антоновка мен Анис. Тосап қайнатарда алманың қабығын аршып, ішіндегі өзегін алып тастайды да, қалыңдығы 2 см-дей етіп, тілімдеп турайсыз. Туралған алмаңыз қарайып кетпес үшін оның үстінен қайнаған су құйып, сол ыстық суда 5-6 минут ұстайсыз. Бұдан алма жұмсарады. Одан кейін алманы сүзіп аласыз да, дереу суық сыға салып салқындатасыз. Алма салынған ыстық суды шырын жасауға пайдалануыңызға болады.

Салқындатылған алманың үстінен ыстық шырын құйып, 3-4 сағат суытып қоясыз. Бұдан соң оны отын жайлап жағып, 5-7 минут қайнатасыз да, 6-8 сағат суытып қоясыз. Осылайша 3-4 рет қайталап қайнатасыз.

Егер алма кесінділерінің кейбіреулері ертерек пісіп кетсе, оларды ағаш қасықпен теріп алып, банкаға салып қойыңыз да, қалғандарын әбден піскенше қайната беріңіз. Тосап кейін қанттанып кетпес үшін алманың тәтті сұрыптарына қайнатуы аяқтала берген кезде аздап лимон қышқылын (1 кг алмаға 3 г лимон қышқылы есебінен) қосу керек. Сондай-ақ аздап ванилин қосқан да жақсы.

Тосап жасауға 1 кг алмаға 1 кг шекер, 1-1,5 стақан су қажет. Майда алмалардан қайнатқан тосап та дәмді болады.

Алмадан шай, тұнба, ботқа жасау. Алма шайы. Тазаланбаған 3-5 алманы бірнеше бөліктерге кесіп, 1 литр суға салады, 15 минут қайнатып күніне 3 рет тамақтанар алдында 1 стақан мөлшерінде ішеді.

Алма тұнбасы. Алманың кептірілген қабығынан дайындайды. Ол үшін 1 ас қасық шикі алманы алып, 1 стақан қайнаған суға салып, шай сияқты тұндырып қояды, дайын тұнбаны күніне 5-6 рет жарты стақаннан ішіп емделеді.

Алма ботқасы. Үккіштен өткізілген алмаға 1:1 қатынасында сұйық май қосады, сөйтіп жақпамаймен терісі сыдырлаған жерлерін, ерін, қол ұштары жарылған тұстарын да емдеуге болады.

Тәжірибе №1

Алма құрамында Fe (темір) элементінің көптігімен ерекшеленеді. Мен осыны тәжірибе жүзінде былай анықтадық.

1. Биік штативті мықты шынжыр жіп байлаймыз, оған әйнек таяқшаны ортасынан бекітіп, екі жағынан тең салмақты алманы қадап қоямыз.

2. Содан кейін магниттің бірнешеуін біріне-бірін жапсырып, алмаға қарай жақындатамыз.

3. Сол кезде алманың магнитке тартылғанын байқаймыз.

Тәжірибе нәтижесі: Апорт алмасының құрамы Fe (темір) элементіне бай екендігіне көз жеткіземіз.

Тәжірибе №2

Бұл тәжірибедегі негізгі мақсатым алғашқы тәжірибеге ұқсастығы бар. Бұнда алма құрамындағы темір элементінің ауамен тотығу жағдайын анықтадым және оның тотығу жағдайын анықтадым, соған қоса, оны тотығу процессінен қалай сақтауға болатынын көрсеттім.

1. Алманы қақ ортасынан екіге бөлеміз.

2. Осы тәсілмен лимонды да кесіп аламыз.

3. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығамыз да, екіншісін сол күйі қалдырамыз.

4. Нәтижесінде лимон шырынын құйған алма сол балғын қалпында, ал лимон шырынына батырмаған алма қарая түскенін байқаймыз.

Тәжірибе нәтижесі: Лимон шырынының алма құрамындағы темірді ауамен тотығуынан қорғап қалғанын байқаймыз.

Тәжірибе №3

Ғалымдардың пайымдауынша піспеген алманың құрамында піскенге қарағанда крахмал көп болады екен. Осыған орай, тәжірибеде біз алманың піскен немесе піспеген қалпын айыруды үйрендік.

1. Піскен алманың кішкентай бөлігін кесіп алып, оның үстіне йод ерітіндісін тамызамыз.

2. Нәтижесінде йодтың түсі өзгермегендігін байқаймыз.

3. Ал піспеген алмадағы йодтың түсі қара көк түске боялғанын байқауға болады.

Тәжірибе нәтижесі: Піскен алмада піспегенге қарағанда крахмал аз екендігін анықтадық.

3.6. Ақпараттық құралдар бойынша жинақтаған пайдалы кеңестерім

Әлемде алманың 7 мыңнан астам түрі бар екен. Дәрігерлер оның 7 түрлі пайдасын анықтап отыр.

1. Алманың химиялық құрамының қандай болатыны оның түріне байланысты. Әрі құнарлығы да сортына қарай бөлінеді. Жасыл түсті алмаларда қызыл түріне қарағанда калория төмендеу. Сондықтан артық салмақтан арыламын деген адамдарға жасыл алманы таңдаған дұрыс дейді мамандар.

2. Дегенмен, ақ халаттылар күніне ер адамдарға 700, нәзік жандыларға 500 граммнан жеуге болмайтынын ескертеді. Алманың құрамында болатын қышқыл қарын сөлін бөлетіндіктен, оны түскі ас алдында пайдалану қажет. Сонда әдеттегіден гөрі миға тойғаныңыз туралы хабар тезірек жетеді.

3. Алманың дәндерінде йодтың көп мөлшері болғандықтан күніне 2-3 алманы сүйегімен жеген өте пайдалы. Себебі, ол қатерлі ісіктің алдын-алуға көмектесетін көрінеді.

4. Пісірілген алмада шикі алмаға қарағанда калория жоғары болады деген қате пікір қалыптасқан. Егер алманы қайнатып жегіңіз келсе, бал қант қоспаңыз, калориясы көбеймейді.

5. Темірге бай жеміс адам ағзасын тыныштандыратын қасиетке ие. Егер гемоглобиніңіз төмен болса. Алма дертіңізге таптырмас ем. Сондай-ақ, С дәрумені мен пектинге бай жеміс ішек қызметтерін де реттейді.

6. Кез келген алманың 80% -ы судан тұрады. Жасыл сортты алманы кептіріңіз. Өйткені, ондағы микроэлементтер ағзаны дәрумендермен қоректендіреді.

7. Ас қорыту жүйесінің ауруларында алмамен емделуге болады. Әсіресе, гастрит, колит, эрозия, жара секілді сырқаттарға жақсы дауа.

3.7. Алма ағашы жайлы түсінік

Алма ағашы – раушангүлділер тұқымдасына жататын өте кең таралған жеміс дақылы. Ол қысқа төзімді, 300С-ге дейінгі аязға төтеп береді.

Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы түрі мен сұрыпына қарай 20-150 жыл жасайды. 3-12 жылда жеміс береді. Күтімі жақсы болса, алма бағының бір гектарынан 100-300 ц өнім алынады. Қазақстанда алма ағаштары Солтүстік және Батыс Тянь-Шань таулы алабының – Талас Алатауы, Қаратау, Өгем жоталарының ортаңғы және төменгі белдеулерінде өседі.

Қазіргі таңда Астана қаласының маңындағы Орман шаруашылығында өсірілген алманың майда түрлері (ранеткалар) тоғайға айналған. Алма ағаштары жер бетін күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтайды. Алма ағашы басқа ағаштардан ерте көктемде оңай ажыратылады. Бұл қысқа діңді, аласа ағаш (биіктігі 3-10 м болады). Діңінің өте көп бұтақты бөлігін – бұтақты орталық бой немесе бөрікбас деп атайды. Діңінің жоғарғы жақ бөлігі ұзарту бұтақшасы деп аталады.

Ағаштың діңінде негізгі бұтақтар (өркендер) орналасады. Олардың екі түрін ажыратуға болады: өсу өркендері – жайыла өскен ұзын бұтақтар (оның қабығы тегіс) және қысқа жеміс өркендері немесе жемістіктер (олардың бүршіктері жиі орналасқан, қабықтары тілімденген, тегіс емес).

Алма ағаштарының жас өркендері жаз бойы 1-1,5 метрге жетеді.

Жеміс ағашында екі түрлі бүршік болады:

1) қысқа, келте жапырақ бүршіктері, бұдан жапырақты ұзын бұталар өседі;

2) өте ірі және жуан гүл бүршіктері, олардан кейіннен гүлі және азын-аулақ жапырағы бар қысқа бұталар жетіледі. Көктемде гүл бүршіктері ісініп, көлемі ұлғайып ашыла бастайды. Олардан гүлшанақ өсіп шығады. Алма ағашының гүлі мен жапырағы бір мезгілде ашылады.

Гүлі дұрысгүл, қосжынысты, қос гүлсерікті, жасыл түсті біріккен 5 тостағанша жапырақшадан және ақ, алқызыл біріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Аталықтары көп, аналығы біріккен 5 жеміс жапырақшалы. Гүлдері бунақденелілер (аралар) арқылы айқас тозаңданады. Өздігінен тозаңдану болмайды. Себебі гүлде жемістік (аналық) ерте, ал аталық кешірек дамиды. Гүлдері тозаңданып ұрықтанғаннан кейін түйін (жатын) түзе бастағанда күлтелері тегіс түсе бастайды.

Алманың отаны – Қазақстан. Алма атауына қатысты бірнеше жер аттары бар. Солардың біреуіне тоқталсақ. Ол – Қазақстанның оңтүстік астанасының Алматы деп аталатындығы.

Алма мен Алматы атауының төркіне тереңде жатыр. Оны қаланың ескі орнынан табылған археологиялық қвзбалар толық дәлелдеп отыр. Мұндай деректерді біз ескі заман шежіресінен де көптеп кездестіреміз. Солардың ішінен Захиреддин Бабыр ғұламаның пікірін ерекше айтуға болады. Онда ғұлама ғалым Жетісу өңірінде Алмалы деген жердің болғанын, табиғаты әсем бұл қаланы моңғол шапқыншылары қаратып кеткенін жазған.

Тарих деректеріне үңілсек, оның сол кездегі даңқы мұнымен бітпейді. Алатаудың алмасы 1908 жылы Германияның Мангейм қаласындағы халықаралық жеміс-жидек көрмесіне апарылады. Онда да ол көрермендерді өзінің ерекше қасиетімен таң қалдырған.

1961 жылы шетелдегі Эрфрут жеміс-жидек жәрмеңкесіне қатысып, халықаралық бұл байқаудың кезекті алтын медалін жеңіп алған.

Дүние жүзінде алманың 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сі шаруашылықтық маңызы бар. Соның 20 түрі Алматыда өседі.

Алманың майда сұрыптарын ранет деп атайды. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған. Оның 20-сын (Алмалы, Жетісу, Салтанат, Іле Алатау маңы, Алматы, т.б.) Қазақстандық селекционерлер өсіріп шығарған.

Қазақстанда негізінен Апорт, Сиверс алмасы, Недзвецкий, Қырғыз алмасы өседі. Алманың бұр сұрыпы (сорты) – Алматы апорты. Ол XIX ғасырдың аяғында Воронеж губерниясынан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350-400 г,шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті. Апорт – Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі.

Негізінен алманың жаздық, күздік және қыстық сұрыптары бар. Апорт – кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айында ғана пісіп жетіледі.

Алманың қазіргі алуан түрлі сұрыптары, негізінен, Алатау баурайындағы Алматыда өскен алмадан бүкіл әлемге таралған. 1793 жылы орыс ботанигі Иоганн Сиверс Алматының алмасын зерттеп, шын мәнінде алманың негізгі атасы екендігін дәлелдеп қағаз бетіне түсірген. Алманың отаны – Қазақстан саналады.

Алматының алмасы (Ертегі). Баяғы өткен заманда Алатаудың кең шатқалында орналасқан елді мекенде Медеу деген бала өмір сүріпті. Таудың етегі көкорай шалғын, ал қар басқан заңғар шыңдарына тіпті көшкен бұлттардың да бойы жетпейді екен. Таудың бөктерлерінде Медеу бала малын жаяды екен. Күндердің күнінде масатыдай құлпырған мамыр айында қой жайып жүрген балаға бір қария кезігіпті. Ұзын бойлы, аппақ күміс сақалын тау самалы желпіген қария – құдды ертегіден түсе қалғандай екен.

– Ау, балам, жер жәннаты Жетісуды іздеп жүр едім, осы жер емес пе екен? – деп сұрайды қария.

– Жеттіңіз ата, сол жерге,

Айналаға қараңыз:

Ағаш, бұта, шөптер де,

Гүлдеп тұр ғой далаңыз – деп жауап қатады бала.

– Әсем көрініске көңілім толып тұр балам, енді бері жақындап келде алақаныңды аш! – деп қалтасынан түйілген түйіншек алып, Медеу баланың қолына ұстатып, оны шеше бастайды. Бір түйіншекті шешеді, ішінен тағы бір түйіншек көрінеді. Оны да асықпай байыппен ашқанда, ішінен бір уыс дән көрінеді.

– Бұл – «тұқым» – деді ол, таңырқап қараған балаға. – Арасын алшақ етіп осы таудың бөктерлеріне егіп шық. Егер сен осы дәнді егіп, ол дәннен ағаш өсіп шығатын болса, өзіңде, еліңде байлыққа кенеледі. Бірақ, елдің өзі байқамайынша, бір адамға тіс жарып сырыңды айтпа, балам! – дейді.

Медеу, қарияның өтінішін орындап, тұқымдарды таудың бөктеріне егеді. Күндер, айлар өтеді, тұқым жерден өніп шығады. Жылдар өтеді, олар үлкен ағаштарға айналады. Олармен бірге Медеу де ержетіп, жігіт болады. Қарияның айтқан құпиясын сақтайды. Басқа бұта, ағаштардың арасынан жаңа өскен ағаштарды ешкім байқай қоймайды.

Алма ағашының сұрыптары. 1) Алма жемістерінің пісу мерзіміне байланысты алманың жаздық, күздік және қыстық сұрыптары болады. Жаздық сұрыптың (Папаровка, Белый налив) жемістері шілде-тамызда; күздік сұрыптың (қоңыр жолақты, күзгі жолақты, Антоновка, Боровинка, Анис жолақты) жемістері-қыркүйекте пісіп жетілсе, қыстық сұрып (Апорт, Репет Симиренко, Пепин шафран) жемістерін ағаштан қыркүйекте теріп алады. Қыстық сұрып жемістері көктемге дейін жақсы сақталады.

2) Күтімі жақсы болса, алма бағының бір гектарынан 200 ц-ден астам жеміс алуға болады.

Күздік және қыстық сұрыптарға Алматының Бельфлер, Қазақстандық ранет, қыстық Аркад, Сүйкімді, Бере, т.б. жатқызылады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған. Оның 20-сын (Салтанат, Іле Алатау маңы, Алмалы, Жетісу, Алматы, т.б.) Қазақстандық селекционерлер өсіріп шығарған. Салмағы 250-400 г алма беретін алма ағаштары бар.

Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал 30-35 жыл өткен соң, мұндай сұрып-тардың жеміс беруі нашарлай бастайды.

Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу, әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады.

Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс. Алма ағаштарын іріктеп өсіру және күтіп-баптау тәртібін орындаған жағдайда алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды болып, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

Бүгінгі күндері Алматыдағы Бас ботаникалық бақтағы жемісті өсімдіктер жинағы жабайы алманың 167 формасынан, мәдени алманың 600-ге тарта сұрыпынан тұрады. Бақтағы өсімдіктер географиялық тұрғыда орналас-тырылуымен қатар адамға пайдалы қасиеттеріне орай да топтастырылған.

Алманың түрлері мен сұрыптарын тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейтеді. Алманы көбейту кейде ұластыру (телу) арқылы да жүргізіледі.

Сиверс алмасы

(Раушангүлділер тұқымдасы)

Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі (Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) тауларында кең тараған. Беткейлерде, өзен аңғарларында, кейде көп мөлшерде, әсіресе Жоңғар және Іле Алатауында, тіпті таза алмалы орман құрай өседі. Аласа таулардан бастап ортаңғы белдеуге дейін, кейде жекелеген түрлер теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі. Ағаш ортаңғы биіктікте (8 м-ге дейін) қоңырлау сұр қатпарлы қабықты және бас жағы жалпақ. Жапырағы ірі, жалпақ қандауырша, сабағы түкті. Гүлдері ірі (диаметрі 6 см-ге дейін), ақшыл күлгін немесе ақ шатыр тәрізді шашақша жиналған. Аталықтарының саны көп, тозаңдану жәндіктердің көмегімен жүреді. Сәуір-мамырда гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Алмалардың бес-екі тұқымды ұялары қатты қабыршақпен бөлінген. Түр үлкен өзгергіштігімен, әсіресе көлемі, түсі, пішіні және жемістерінің дәмімен ерекшеленеді. Жемісті өте көп береді, 1 гектар алма орманынан 5-10 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Тұқыммен және вегетативті жолмен көбейеді. Жеміс салуды шамамен 12 жаста бастайды, тіршілік ұзақтығы 150 жылға дейін созылады. Жемістері дәмі жағынан бауда өсірілетін іріктемелерден кем түспейді, шырындары, шарап, компоттар және тосап жасауға жарамды. Қабығынан сары, жасыл, қоңыр және қара бояу алынады, сүрегі ұсақ, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданылады. Бұл түр көптеген мәдени іріктемелердің туысы болып табылады. Жабайы аңдар үшін азық ретінде маңызды (қабандар, аюлар), сондай-ақ тау беткейлерінде тұрақтандырғыш. Қолда жақсы өседі. Екі түрде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Алма ағашын көбейту және өсіру. Алма ағашы – айқас тозаңданатын өсімдік болғандықтан жемісі түйін салу үшін гүлі басқа сұрыптық тозаңымен тозаңдануы қажет. Сондықтан алма бағында бір мезгілде гүлдеп, жеміс беретін ең кем дегенде өзара тозаңданатын үш түрлі сұрып (іріктеме) болуы тиіс. Алма ағашын телу арқылы вегетативті және сұлатпа бұтақтарымен көбейтеді. Көшеттен отырғызады.

Телу дегеніміз – бір өсімдіктің бүршігін алып, екінші өсімдікке ұластыру. Дәмді, суыққа төзімді, зиянкестерге щыдамды сұрыптар шығаруға телу әдісін қолданады. Суыққа төзімді жеміс алу үшін мәдени өсімдіктің бүршігін жабайы өсімдікке телиді. Сонда суыққа төзімділік қасиеті жемістерге беріледі.

Телудің көбірек қолданылып жүргендері – жанастыра телу, кесінділеп телу, көзшелеп телу. Жанастыра телу қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастыра-ды. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.

Кесінділеп телу – бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.

Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәрізді тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды. Бүршік ұластырылатын өсімдікті телітуші, ұластыруға дайындалған өсімдік бұтағын (қалемшесін) немесе бүршігін (көзшесін) телінуші дейді.

Телітуші мен телінушінің камбий қабаттарын бір-біріне тығыз орналастырса, екеуі бірігіп өсіп, бір өсімдіктің ағзасы қалыптасады.

Ұластыру өсімдіктің камбий қабаттарының тіршілік әрекеті жақсы жүріп тұрған кезде (көктемде) жүргізіледі. Сұрыптамасына және телітушіге байланысты алма ағашының биіктігі 4-10 м-ге жетеді. Соңғы жылдары алма ағашын көбейтуге қысқалау телітуші пайдаланылады, одан аласа ағаш өседі де күтуге және түсімін жинауға қолайлы болады. Қысқалау телітуші алма ағашы 3-4 жылы жеміс бере бастайды. Бақта бойшаң телітуші алма ағаштарын 8 х 4 м, орташа биіктікте өсетіндерін – 6 х 4, 5 х 5, қысқалау телітуші алма ағашын 4 х 2 м қашықтыққа тігеді.

Жеміс ағаштарының тікпе көшеттерін күзде және көктемде егеді. Көктемде топырақтың тоңы еріп жібігенде, күзде жапырақтарын түсіре бастағанда отырғызады. Егуді көбінесе бұлтты күндері бастайды. Егер күн ашық болса, таңертеңгі салқында немесе кешке қарай екке жөн. Ол үшін алма ағашын отырғызатын шұңқырлар алдын ала қазылады. Ағашты отырғызу үшін шұңқырды көктемде – егуден 5 күн бұрын, күзде 15 күн бұрын қазып қояды. Қазылатын шұңқырдың тереңдігі 60-70 см, ені 1-1,2 метрден кем болмау керек. Егу үшін алынатын алма ағаштарының көшеттерінің биіктігі 50-60 см-ден, тамырының ұзындығы 35 см-ден кем болмауы қажет.

Егілетін алма ағаштарының қатар аралықтары 6 м, арақашықтығы 5-6 м-дей болғаны жөн. Шұңқырды қазғанда түп жағы тарылтпай, енін беткі жағымен бірдей жасайды. Үстіңгі жағындағы құнарлы топырақты бір жаққа, астыңғы қабатын екінші жаққа бөлек үйеді. Ағашты тігу барысында шұңқырдың түбіндегі топырағын қопсытады. Дәл ортасына ұзындығы 120-130 см қазық қағады. Үстіңгі жағынан алынып, бөлек үйілген топыраққа 2-3 шелек қарашірік, 0,8-1 кг фосфор тұзы, 0,3-0,4 кг калий тұзын қосып, шұңқырдың түбіне үйеді. Үстіңгі құнарлы топырақ жас тамырдың өсіп дамуына қоректік затты мол береді. Ағашты еккен соң, топырағын шұңқыр-дың шетінен ортасына қарай нығыздап таптайды.

Тамыры топыраққа әбден бекігенше әртүрлі қатты соққыдан сақтау үшін қазыққа байлайды. Шыбықты екеулеп тігеді. Бір адам тікпе көшетті шұңқырдың түбіне түсіреді, екіншісі үйінді топыраққа тамырларды таратып салып, борпылдақ топырақпен көмеді. Тамырлардың топыраққа жақсы жанасуы үшін тікпе көшетті аздап сілкілеп, топырақты дұрыстап нығыздайды. Тіпе көшеттің тамыр мойны топырақ деңгейінен 5-8 см жоғары болуын қадағалау керек. Сонда шұңқырдағы топырақ шөккенде тамыр мойны жер бетіне теңеледі. Қысқалау телінуші тікпе көшетті телінген жерге дейін көмеді, сонда тамыр жүйесі тереңірек түзіледі де, ағашты орнықты етеді. Көшетті отырғызу соңынан суарады (2-3 шелек су құяды).

Күзде ағаштың өсуіне қарай алма ағашының бөрікбасын қалыптастырып, қысқартып қияды. Егер қырықпаса, ағаш жақсы өспейді.

Алма ағашының жас өркендерін кескеннен кейін олардың бойлай өсуі бәсеңдеп, жанама өркендердің өсуі артады. Алма ағаштарының жас өркендері жаз бойы 1-1,5 метрге ұзарып өседі.

Егер жас алма ағашының төбе өркендері ұзын болып өсіп кетсе, бойлап өсуін тоқтату үшін және жанама өркендер даму үшін бұтақтың ұшын кеседі. Соның нәтижесінде өсімдіктің қоректенуі жақсарып, түсімділігі артады. Ал егер ағаштың бұтақтары өте жиіленіп, бірін-бірі көлеңкелесе, онда ағаштың діңіне қарай бағытталып өскен өркендерін шырпиды.

Сонымен бірге ағаш ауырмай жақсы өсуі үшін жіңішке, қисық, әлсіз, зақым-данған және қураған өркендерін де шырпып тастайды.

Ағаш діңінің айналасын айналдыра жылма-жыл қопсытып қазып, ағаш түбіне органикалық және минералды тыңайтқыштар шашады. Түптенген ағаштың өсуі, тыныс алуы жақсарады.

Алманың зиянкестері. Алма жемісжегісі, алма гүлжегісі, алма биті, шие бізтұмсығы, алма кенесі, бітелер, жемісжегілер алманың зиянкестері болып табылады.

Алма жемісжегісі алма ағашының зиянкесі. Оның қанатын жазғандағы мөлшері 15-19 мм. Бұл қорегін түнде аулайтын көбелек. Алма жемісжегісінің дернәсілі (жұлдызқұрты) алманың жұмсағын жеп бүлдіреді.

Алма кенесі – тұрқы бір мм-ге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма ағашына зиян тигізеді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7-9 ұрпақ береді.

Алма аурулары. Алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Алма зиянкестерімен күресу шаралары. Алма зиянкестері алма ағашының жапырағын ширатып, гүлін, жапырағын жейді. Олардың дернәсілдері жас өскіндердің тамырын қорек етеді. Жеміс бағына орасан зиян келтіреді. Бұлардан құтылу үшін жеміс ағаштарының түбін ағарту, төңірегіндегі топырақты қопсыту қажет. Оларды мерзімінде суару керек. Жеміс бағын сынған бұтақтардан, түскен жапырақтардан тазартудың маңызы зор. Тазартылған аумақты қабықжегі, зерқоңыз, сүген тәрізді зиянкестер паналай алмайтын болады. Алма кенелерін жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2-4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жояды.

IV. Жоба жетекшісінің пікірі

1. Жоба қорғаушы оқушының ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді.

2. Шығармашылықпен айналысуға өз білімін сынауға тырысады.

3. Мінез-құлығы орнықты, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге талпынады.

4. Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.

5. Сөйлеу мәдениеті қалыптасқан.

Жеткен табыстарымыз.

Дертке дауа болатын алма жеміс, біріншіден, денсаулығымызды сақтауға септігі тиеді, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейді. Сондықтан алма жеміспенде ішек, өт жолдарын, асқазан жарасын, бас ауруын, қаназдықты, атеросклероз, гипертония, жүрек ауруын, әлсіздікті емдеуге болады.

Жобаның практикалық маңызы. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» дейді халқымыз.

Алманы қолдан өсіргенде, оны күтіп-баптаудың маңызы өте зор. Сондықтан ауылдық жерлердегі бақтарда, мектептің оқу-тәжірибе үлескесінде, қосалқы шаруашылықтарда, жеке меншік бақтарда және үй маңында ексе пайдасы ұшан-теңіз.

Біріншіден, ауылдың ауасы тазарып, үй айналасында демалуға жағдай туады; басқа ағаштармен бірге күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтап, күн энергиясын бірқалыпқа түсіріп отырады;

Екіншіден, ат терлетіп алысқа бармай-ақ үй айналасынан жемісін жинап алып, керекті тағам, сусын, тосап жасап алуға жол ашық;

Үшіншіден, отбасының шаруашылық экономикасының артуына көмегі тиеді;

Төртіншіден, топырақ бекіп, ауа шаң-тозаңнан тазарады, қарашірік көбейіп, жер тыңайады.

Ең негізгісі мұндай істі бастаған адам қазіргі маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, денсаулықты сақтауға және табиғатты қорғауға үлесін қосар еді.

V. Қорытынды бөлім

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Дүниетану Б.Л. Хаджиев, Т.С. Идилова, Қ.А. Аймағамбетова.

2. «Рассвет земли казахстанской» Д.А. Кунаев.

3. Сұрақ және жауап энциклопедиясы.

4. Т.Шарманов. Ас ішудің әліппесі. Алматы, «Білім қоғамы», 1990 ж., 5-10-бет.

5. М.Қожабеков. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1982 ж., 18-бет.

6. М.Оспанова. Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа. Алматы, «Қайнар», 1992 ж., 127-150-бет.

7. Т.Шарманов. «Егемен Қазақстан» №21, 2015 ж., 1-5-бет.

8. Қ.Сыбанбеков. Жабайы өсімдіктер сыры. Алматы, «Қайнар», 1986 ж., 87-88-бет.

9. Р.Әлімқұлова. Өсімдік өмір өзегі. Алматы, «Қайнар», 1991 ж.

10. Ж.Байжанова. Қызым, саған айтам… Алматы, «Қайнар», 1985 ж.

11. Р.Нұрбаева. Биология және салауаттылық негізі №1, 2012 ж., 54-55-бет.

12. Ә.Өмешұлы. Биология және салауаттылық негізі №1, 2004 ж., 26-34-бет.

13. Р.Өтеғалиева. Биологиялық белсенді қосылыстар. Биология және салауаттылық негізі №2, 2008 ж., 13-15-бет.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше