М м дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы
№ 4 Хромтау орта мектебінің мектеп алды даярлық тәрбиешісі
Қуантаева Назерке Асылжанқызы
Тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
а) білімділік: М м әрпімен таныстыру арқылы білім беру, М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.
ә) дамытушылық: дидактикалық материалдарды пайдаланып. Дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.
б) тәрбиелік: әдемі – көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, әліппе – дәптер.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру
– Сәлеметсіңдер ме балалар?
– Сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
(ортаға шығып) Шеңбер болып тұрайық
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың жер ана
Армысың жан досым
Міне менің қолым
Жылуыма жылу қос.
Балалар көңіл күйіміз қалай? Балалар көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
– Рахмет балалар.
Қайталау.
– Балалар өткен сабақта не өттік? Қай дыбыспен таныстық?
– С дыбысымен
– Ол қандай дыбыс
– Қандай сөздермен таныстық?
– Сағат,сырға, сақина.
2.Тапсырма
Өткен сабақты пысықтау.
А-на Ша-на Са-ра
А-та Нан Та-ра
А-ра Шаш Ат
От Нар Ор-ал
Тор Ар-на Ар-ал
– Бүгін біз М м әрпімен танысамыз.
3. Жаңа сабақ
– Балалар мені мұқият тыңдаңдар:
Мамырда бар
Ақпанда жоқ
Қамырда бар.
Ақ нанда жоқ. М дыбысы.
Инелектің апасы
Ызыңдаған дыбысы
Шақса белгі салады
Қаныңды да сорады (Маса)
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)
Маса,Мысық сөдерін буынға бөлу және дауыстарын салу.
– Қай сөзде М м дыбысы естіліп тұр?
– Мамырда, қамырда
– М қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
– Дауыссыз
– Неліктен? Еріндеріміз бір – біріне тиіп, кедергі болып тұр. Тақтада ілініп тұрған суреттерді атап, сөздерді буынға бөліп, сөйлемдер құраймыз.
4.Ибрагим Мүсіпбаевтың “Мысық” әнін тыңдау.
.5.Тапсырма
Сауат ашу дәптерінен М дыбысын әдемі,маржандай етіп жазамыз.
6.Тапсырма
Сергіту сәті.
7.Кім тапқыр ойыны: Бұл ойында балалар өткен әріптерді тауып атаймыз және сол әріптен келетін сөз айтып,буынғабөлеміз.
8.М әрпін бояймыз
9. Қорытындылау.
- М дыбысы дауысыты ма,дауыссыз ба?
- Бүгін қай әріппен таныстық?
М әрпінен келетін сөзер айтамыз?
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту, бағалау.
