Музыка әдебиет және бейнелеу өнері

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Музыка пәнінің мұғалімі Кулушова Гүлнар Қалижанқызы

Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі- музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек.Музыкаға үйрету- тәрбиелеуші процесс; онын барысында педагог музыкалық тәжіребе жинақтауға, ең қарапайым мәліметтер, білім, дағдылар алуға көмектеседі.Өз тарапынан бала оны белсенді түрде меңгереді. Жантанушы Л.С. Выготскийдің айтунша, тұтастай алғанда тәрбие, атап айтқанда, оқыту ісі дамытудан «озық» жүріп отыруы, сөйтіп, оны соңынан ілестіріп отыруы тиіс.Музыкалық дамыту тәрбие мен оқыту процесіне байланысты. Егер бала өз талабымен құмарта ән салып, аспапта ойнау, мәнерлі де дұрыс істесе, онда оның музыкалық дамуының жеткілікті дәрежеде жоғары екендігі туралы айтуға болады.

Біздін елде соңғы жылдары білім беру үдерісі күрделене түсті және оқыту жүйесінің өзіндегі жаңа тұжырымдамаларымен және теорияларымен молықты.Кез келген шығармашылық еңбектің ең басты құраушысы шығармашылық атмосферасы, процесі және жұмысқа арналған қажетті шарттары болып табылады.Оқушылар үшін оқуға міндетті болып келетіні тақырыптық материалдар, олардың шығармашылық әлеуетін ашатын қызықты тапсырмалар орындау. Бұл музыка студиясының сабақтарында өнердің межелес түрлерінің өзара әрекеттестігін талап етеді. Дәстүрлі бағдарламалық материалға кіріктірілген енгізу оқушылардың шығармашылық әлеуетін кеңейтеді, байытады.Мұғалім үнемі бір әдісті қолданып ,бір ғана тапсырманы орындаумен сабақты өткізіп отырса, ол балалардың сабаққа деген қызығушылығын басып тастайды, қызығушылық болмаған жерде балалардың қабілеті дамымайды.

Музыка студиясында музыка әдебиет сабақтарында өнердің межелес түрлерінің өзара әрекеттестігін пайдалануға болады.

Музыка әдебиет және бейнелеу өнерінің кіріктірілген сабағының ұстанымдық сипаттамалары:

  • жеке тұлғаның рухани және эмоциялық бейнелік құралымын дамыту;
  • жаңа материалды игерудегі шығармашылық еркіндік пен бастаманы дамыту;
  • тіпті балаларға таныс материал болғанның өзінде де кез келген сабақ олардың дәстүрлі пәндік білімдер қосалысындағы өнер саласындағы ұғымдарын тереңдете түсіп, жаңа білімді игеруін көздейді;
  • материал мазмұнында тарихи фактордың болуы;
  • сабақта оқу материалын тану үдерісінде белсенді өмірлік позицияның, шығармашылық дербестіктің дамуына жағдай жасайтын проблемалылықтың болуы;
  • уақытты барынша аз жұмсаған, назар мен ішкі күш-жігер айтарлықтай жұмылдырылған кезде білімнің тиянақтылығына қол жеткізу.

Музыка әдебиет пәнінің музыка тыңдау кіреді,оны аспаптық орындауымен өткізуге болады.Мысалы, фортепиано немесе домбыра мен орындау пайдаланып қарастыру.

Әр аспаптың өз орындаушысы болатыны анық.Осылардың ішінде қобыз- ең киын аспаптың бірі.

Қобыз аспабының алға қойған міндеті –домбыра күйлерін қобызда да ойната отырып, қара домбырамен де ойнайтын күйлерді өңдеген жазу.Осындай жаңа үрдісті біздің студия мұғалімдері алып жатыр.

Бүгінде балаларға арналған музыкалық педагогика оқу құралдары жан-жақты жазылып жүр.Қазақстан композиторларлары да балалар үшін көптеген шығармалар жазған, бірақ жас музыкантардың қазақ халқының өнерімен, тарихымен танысуы жеткіліксіз болып келеді.

Алайда кіріктірілген сабақтарды асыра пайдаланудың қажеті жоқ, олар жалпылау немесе қорытындылау сабақтары ретінде өткізілуі тиіс.

Жалпы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен жұрізу әдістері барынша ойланып жасалса, ыңғайлы әрекеттерге баланың өзі де ынталы болады.Бүл оңай шаруа емес, ло үшін жетекшімқас шебер, мінезге бай ізденгіш болуы керек. Міне,сондықтан да әрбір маман өз жұмысын деңгейде және өте жауыпкершілікпен орындайтын болса, өз еліне деген намысын түсіне білсе, біз Елбасымыздың 30 елдің қатарында болуға қойған мақсатына тез арада жетеміз.

Әдебиет:

1.Выготский Л.С. Психология.М.Апрель Пресс 2000ж..

2.Некрасова О.А.Музыка сабағы Музыка анықтамалығы Тамыз 2012.

3.Топоркова Л.К. – кпн, педагог ДМШ №1Астана

Актуальные вопросы воспитания духовно-нравственных ценностей подрастающего поколения.2015ж.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше