Көптілді білу – заман талабы

Алматы облысы, Қарасай ауданы О.Жандосов атындағы орта мектеп,
мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қыдыралиева Қамажай Қалшериповна

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар қазақ халқының ана тілі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 7-бабында «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады»,-делінген. Дәл осы мәліметті Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңының 4 және 5-бабынан оқимыз. Елдегі тіл мәселесінің дамуына бағытталған бұдан өзге стратегиялық бағдарламалар бар. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасында мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытудың мақсат-міндеттері мен басым бағыттары нақты көрсетілген.

Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» дегенболатын.

Дәл қазіргі таңда үш тілді қатар меңгеру заман талабы болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел: Бір ел – бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында «Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарылған дүние емес, қажеттілік… Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы»» болады Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз», -деген. Расында ағылшын тілін меңгерген адам шексіз мүмкіндіктерге ие болады.

Ағылшын тілі – әлемдегі ең кең таралған тіл. Бүкіл жер бетінде бір миллиардтан астам адам ағылшын тілінде сөйлейді екен. Ендеше ағылшын тілін меңгерген адам дүниежүзіндегі бір миллиардтан астам адаммен тіл табыса алады. Ағылшын тілі – экономикасы қуатты, әлемдегі ең дамыған мемлекеттер Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі, ондаған мемлекеттің ресми тілі. Дүниежүзі бойынша маңызды ақпараттардың 33 пайызы ағылшын тілінен аударылады екен. Ағылшын тілі барлық шет тілдерінің ішінде алғашқы орынды бермей келеді. Бизнес, туризм, ғылым, білім беру саласы, ғаламтор т.б. түрлі салада ағылшын тілі қолданылып, саяси кездесулер мен жиындар, спорттық жарыстар мен олимпиадалар да ағылшын тілінсіз өтпейтініне куә болып келеміз. Елбасы айтқандай, ағылшын тілін меңгеру әрбір оқушыға, студентке үлкен мүмкіндіктер сыйлап, «әлем бойынша, еркін жүріп-тұруына» жағдай жасамақ. Сондықтан ағылшын тілін меңгеру – әрбір білім алушының басты міндеттерінің бірі.

Тіл білімінде бірнеше тілді меңгерген адамның ой өрісі де, мүмкіндігі де кең болатыны дәлелденген. «Неше тіл білсең, сонша адамсың»,-деп тегін айтылмаса керек. Көп тілді меңгерген адамдар өздерін батыл, өз-өзіне сенімді ұстайтындықтары және кез келген адаммен тіл табысу, қарым-қатынасқа түсу қиындық тудырмайтындығы дәлелденген. Егер бұрынғы дана, ғұлама адамдар өміріне көз жіберсек, олардың көбінің бірнеше тілді меңгергендігіне көз жеткіземіз. Мәселен, Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай қазақ, орыс тілдерімен қатар араб, парсы тілдерін еркін меңгерген. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің қиыр шеттегі туған ауылында жүріп-ақ, қазақ, орыс, түрік, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеріп, сол тілдердегі мәліметтерді өз шығармасында ерекше шығармашылықпен қолданған және тәржіма жасаған делінеді. Абай мен Шәкәрім орыс тілін орта жастан бастап қана меңгере бастаған, соның өзінде үлкен жетістікке қол жеткізген. Аз ғана ғұмырында ғылымға зор үлес қосып үлгерген Шоқан Уәлиханов қазақ, орыс, араб, шағатай тілдерін және түркі тілдерінің біразын білген екен. Қазақ тіл білімінің дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалым Құдайберген Жұбанов полиглот болған. Ақын, жазушы Мұзафар Әлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ тілдерінен сөздіктің көмегінсіз тәржіма жасаса, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай атты түркі тілдес тілдердегі шығармаларды оқып, сөздікпен аударады екен. Ал қазақ тілінің дамуына үлес қосқан неміс азаматы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі – шабытымның үш қайнар бұлағы» – деген екен. Осылайша, қазақ халқының «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген мақалы «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының негізі бола алады деп айта аламыз. А.П.Чехов «Шет тілін білмеген адам өзін паспортсыз жандай сезінеді», -деген екен. Ендеше үш тілді қатар меңгерген адам еркіндікті сезінетін, ой өрісі кең, әлемнің кез келген мәселесіне үн қоса алатын, тәуелсіз адам деуге болады.

Көп тілді меңгерген тұлға атану үшін, әр адам ең алдымен өз ана тілін жетік білгені жөн. Ал, көптілділік, жас ұрпақты өзара тығыз байланысқан әлемнің өмір сүру жағдайларына дайындау болып есептеледі. Көптілділікті қалыптастыру жүйесі «қазақ тілі – орыс тілі – ағылшын тілі» түріне ие. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев отандық білім беру ісі алдына жоғары міндеттерді қойып отыр. Қазақстандық білім бәсекеге қабілетті, сапалы болу керек. Отандық білім алған жас маманның әрқайсысы өз қалауы бойынша білімін шет елдік оқу орындарында еш қиындықсыз жалғастыра алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Еуропа елдерінде мектеп түлектері мен студенттер арасында бірнеше тілде сөйлеу бұрыннан қалыпты жағдайға айналған. Көптілділік және көптілді білім беру – уақыт талабы, себебі қазір бүкіл әлем көп тілді.

Оқушылардың пікірінше, көп тіл білу – заман талабы. Бұл бастаманы олар болашаққа апаратын жақсы мүмкіндік деп есептейді. Алайда, қостілділік, көптілділік деп жүргенде ана тіліміздің маңыздылығын жоғалтып алмауымыз керек.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, тіл – елдік пен тәуелсіздіктің басты тірегі, халықтың жүрегі. Ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіміз баянды болсын десек, ана тіліміздің мәртебесін жоғары көтеріп, ұлтымыздың есімін асқақтату – басты парыз. Біздің алдымыздағы міндет – халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Ал бұл жолда үлкен әсер тигізіп, ықпал жасайтын ел болашағы – жастар. Сондықтан жастарды оқыту үрдісіне осы мәселелердің айқын көрініс табуы керек.

Бөлім бойынша өз ойымды тұжырымдайтын болсам, көп тілді білу – уақыт талабы және оны меңгеруге тырысу қажет. Ағылшын тілін меңгеру арқылы біз төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  1. Дүниежүзі бойынша, халықаралық тілді біліп, түрлі ұлттың өкілдерімен қарым-қатынас жасай аламыз;
  2. Мол ақпаратқа ие боламыз, нәтижесінде ғылым мен техниканың дүниежүзілік даму сипатымен, болашақ бизнестің алғашқы баспалдақтарымен танысамыз.
  3. Үш тілді білу арқылы заманның талабына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіп жетіледі.
  4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!».

Сауалнама (ата-аналар үшін )

1. Сіздің балаңызға ағылшын тілі, орыс тілі пәнін оқу ұнай ма?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше