Жер асты сулары. Минералды сулар

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы,

«Зырян қаласының № 9 орта мектебі» КММ

бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Матаева Аглиман Бултукановна

Пәннің аты: дүниетану

Уақыты: 23. 11.2017ж Кабинет: 38 Мұғалімі: Матаева А.Б.
Сабақтың атауы Жер асты сулары. Минералды сулар
Мақсаты Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік алып, дүниетанымдарын кеңейтуге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай жасай отырып, суды үнемді жұмсауды, табиғатқа зиян келтірмеуді дәріптеу.

Барлығы: Жер асты сулары, минералды сулар туралы түсініп, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі: Мәтінмен жұмыс жасап, құрдастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады.

Жекелеген оқушылар: қосымша материалдармен жұмыс істеп, құрдастарының білімдерін толықтыруға қадам жасайды.

ресурстар -стикерлер, А-3, А-4 парақтары, АВС кеспелері, слайд, ғаламтор материалдары
Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Мен де» ойыны

жүргізуші сөйлем айтып тұрады. Қатысушылар келіссе, мен де деп қосылып тұрады.

Оқушылар топта шеңберге жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
«Мен де»

1 минут

  1. Бүгін сабақта құрдастарыма көмектесемін.
  2. Достарымның айтқанын тыңдаймын.
  3. Достарымның жауаптарында қателіктер болса, түзетемін.
  4. Сабақ үстінде жұмыс істемей, басқаларға кедергі жасаймын.
  5. Топта жұмыс істегенде шулап, қатты сөйлеймін.
  6. Достарыма бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Сабақтың мақсатын айту

1 минут

Жұмбақ шешкізу:

1.Жылт – жылт етеді. Сылқ – сылқ күледі
Жылғалардан өтеді(СУ) Аяғы жоқ жүреді(су)
3.Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.(СУ)
4. Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң – қорын тек, Барша тiрлiк қурайды.(СУ)

– Бүгінгі сабақта біз сендермен су туралы сөз қозғаймыз, өткенді қайталап, жаңа мәліметтермен білімімізді толықтырамыз, шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.

Хормен айтқызу:

Күндей күлімдеп, Айдай арайлап

Судай таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастайық.

-Судың сылдырымен сыныпқа кіреді.

Бағалау критерийін айту

1 минут

-Әр баланың алдында саусағы салынған сурет жатыр. Жауап берген сайын тырнағын бояп отырады. Тырнақ жетпей қалса, саусақтарына сақина кигізеді. Сабақ соңында соған қарап өзін бағалайды.

-Саусақтарында сақинасы бар оқушылар «5»

-4-5 саусақтың тырнағы толық боялған оқушы «4» алады.

– 3 саусақтың тырнағы боялса- «3» алады.

Қайталау- білім анасы

6 минут

Топтық жұмыс. 3 минут даярлануға беріледі

1-топ: Бағыттауыш сызықтармен қос. 4 бет

2-топ: Кескін картамен жұмыс 6-бет

3-топ: Пайдалы қазбаларды өндірудің жолдарын ретімен қой 12 бет

4-топ: Географиялық жазба 14-бет

5-топ: Сызбаны толықтыр 16-бет

«Тырнақ бояу» Топ жетекшісі жақсы қатысқан балаларға стикер береді. Кім стикер алса, бір ұпай алады.

Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

«АВС» стратегиясы 3 минут

Тест
1. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А. сұйық, қатты, газ.
В. сұйық, газ, ащы.
С. сұйық, газ, жұмсақ.
2. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А. үштен бір.
В. үштен екі
С. екіден бір
3. 70 кг. адамның денесінде қанша кг. су бар?
А. 60 кг.
В. 70 кг.
С. 50 кг
4. Адам су ішпей қанша шыдайды?
А. 1 күн.
В. 1 апта
С. 3 күн.
5. Судың күйі неге байланысты болады?
А. Суыққа
В. Ауа райына
С. Температура мен ауаға

2 минут Топтық жұмыс: Су айналымының қалай жүретіндігін реттік белгісіне қарай орналастыр: 20 бет

«Ай –мектеп» Табиғаттағы су айналымы- бейнежазба көрсетіп, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

15 минут

  1. Проблемалық сұрақ:

– Жерге түскен барлық сулар өзен-көлге қосыла ма?

– Ол тағы қайда кетуі мүмкін?

– Жерге сіңген су қайда жұмсалады?

– Бүгінгі тақырыбымыз «Жер саты сулары. Минералды сулар» деп аталады.

Оқулықты ашыңдар. №1,№2,№3,№4 болып бөліну. 3 минут

Сараптама тобына жиналу. Сұрақтарды талдау. Жауап іздеу.

№1. Жер асты сулары қалай пайда болады? Сұрағына жауап ізде.

№2. Жер асты суларын адам пайдалана ма? Қалай?

№3. Минералды сулар дегеніміз не? Тұзды суға ерітіп көрсетеді.

№4. Шипалы сулар дегеніміз не?

№5. «Білімқұмарларға» Қазақстанда қандай шипажайлар бар? қосымша материалмен жұмыс:

  • Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаркент-Арасан, Рахман қайнары туралы мәліметтерді оқып, айтады.

Үй тобына барып, топта талдап, айтады.

Ұжымға шығып сөйлейді. (Жаңа сабақ бойынша топ жетекшісі стикер берген бала жауап парағын бояйды)

Бекіту

5 минут

Топтық жұмыс: 3 минут дайындалады

А тобы: Жер асты суының қабаттарын сызбаға жаз.

В тобы: Сызбаны толтыр: №3 тапсырма

С тобы: Берілген мәліметтерге қарап, жер асты суларын минералдану деңгейіне байланысты жіктеп шығыңдар.

Қортынды -Бүгін сабақта не білдік?

Подземные воды – ютубтан көрсету.

Кері байланыс: + – қызықты

стикерге бір сөзден жазғызу:

-Не білдің? Нені ұқпадың? Не қызықты болды?

Тақтаға жапсырады.

Үйге тапсырма
  • Барлығына: 42-43 бет.оқу айту. Қосымша:
  • А тобы: Жер асты суларының пайда болу сызбасын жасайды.
  • В тобы: Жер асты сулары нәтижесінде пайда болған үңгірлер туралы мәлімет қарастыр.
  • Қазақстандағы шипажайлар туралы бір мәлімет жазып, оны кескін картаға сал.
Бағалау
  • Өз бағалау парағына қарап, өзін-өзі бағалайды.

«5» – Саусақтың барлығы боялса.

«4» – 4 саусақ боялса

«3» – 3 саусақ боялса

«2» – 2саусақ боялса

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше