Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңар ту аясында «Туған жер» ұлттық идеясын енгізу, оқ ытудың ерекшеліктері
Кудайбергенова Аймен Алиаскаровна
Алматы облыс Алакөл ауданы
Екпінді ауылы «Әлем-Нұр»
балабақшасының меңгерушісі
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге –
Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Н. Ә. Назарбаев
Мектеп жасына дейінгі балаларды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің маңызы зор.Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі – халықтың береке-бірлігінде,ынтымағында, ұлан-байтақ жерінің біртұтастығында.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті,елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. «Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады»- деп атап айтты елбасымыз.
«Туған жер» ұлттық идеясын енгізу жұмыстары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында да жүргізілуде.Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің елін, жерін құрметтеп сүйюді балабақшаның қабырғасынан бастап үйренуі керек. Осы мақсатқа жету үшін, біздің алдымызда тұрған басты міндет – Тәуелсіз Қазақстанның әр баласының жүрегіне Отанына,жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату.
Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді?
Бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Тәрбие мен білімді тәрбиеші ретінде тәжірибемен ұштастырып отыру да өз нәтижесін береді. Әр мағыналы іске балаларды үнемі қатыстырып, көшбасшылыққа ұмтылудың іргетасын балабақшадан бастау Елбасымыз көрсеткен Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың басты құралы екенін ұмытпағанымыз абзал. Тарихи оқиғалар, әсіресе отаншылдыққа бағытталған ізгілікті істердің мазмұнын үнемі тәжірибемен ұштастыра отырып бала бойына сіңіру қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Бала әр нәрсеге қызығушылықпен қарайды,осыған байланысты балалармен ұлттық қасиеті жоғары, маңызын жоғалтпаған дәстүрдің озық үлгілерімен сусындатып, оның мағынасын ашатын шараларды жиі өткізу қажет.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларға, аға- апаларының Туған жерге деген ықыласын насихаттап, сол кісілердің игі істерін үлгі ете отырып, балалардың бойына өз туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге болады.
Өлкетану жұмыстарын жүргізу үшін, әрдайым балалармен туған жеріміздің мәдени ескерткіштері мен мұражайларына саяхат жасап, таныстырып отыруымыз қажет.
Балалардың жүрегіне туған өлкесіне деген махаббаты ұялату үшін, күнделікті туған өлкеміздің тауы мен қырқасы, өзені,әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелерді әңгімелеп, осы ұлан байтақ туған жерімізді жаудан қорғап, бізге мирас еткен батыр бабаларымыздың ерліктерімен таныстырып отырғанымыз жөн.
Ойын бөлмесі мен жатын орындарында туған жеріміздің көрнекі жерлерінің көрінісін көрнекілік ретінде іліп қою, ұлттық құндылықтарға байланысты суреттер салғызу, оқиғаның мағынасын ашқызу барлығы бала бойындағы ұлттық тәрбиені, туған жерге деген сүйіспеншілікті дамытудың құралы болады.
Экологияны жақсартуға және ауылымызды абаттандыруға баса мән беріп, балаларымызды туған жеріміздің табиғатын қастерлеуге және де табиғатты сақтауға тәрбиелеу керекпіз.
Осындай іс-шаралар арқылы, өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Туған жерді қадірлеп қорғай білуге тәрбиелейміз.
Қорыта келгенде, “Туған жер” бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі,саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз.
Болашақ ұрпақты Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу басты
міндетіміз болғандықтан осы «кемеде» бірге жүзейікәріптестер
Қазақстанның ең негізгі байлығы болып табылатын бейбіт күніміз Мәңгілік Елде, мәңгі болсын!
