Отын-энергетикалық кешен. Металлургия және маши на жасау өнеркәсібі.

Павлодар облысы, Зырян ауданы «Зырян қаласы № 9 орта мектебі» КММ

География пәнінің мұғалімі Жампеисов Ерлан Турсбекович

Сабақ№________Сыныбы____10_____Күні_________

Тақырыбы:Отын-энергетикалық кешен. Металлургия және машина жасау өнеркәсібі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға отын-энергетика кешені, металлургия және машина жасау өнеркәсібі, таралу заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Семантикалық кесте.

3. Тірек-сызба. 6. Сәйкестендірілген тест.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпта кім жоғын тексеру. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

2) Оқушыларды жұпқа және топқа бөліп отырғызу.

а) Дарынды оқушылар жеке топ;

ә) Қалған оқушылар жұптасып отырады.

3) Психологиялық ахуал туғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Дарынды оқушыларға тапсырма: ( Ерекше топ ) А) «Ұлы жетілік» елдерінің біреуіне жоспар бойынша толық георгафиялық байланыс жаса.

( тақтаға бір оқушы – Франция ) «Бармақпен» бағалау.

1.Мемлекет материктің қай жағында орналасқан?

2.Қандай елдермен шектеседі және қай жағында?

3. Мемлекеттің астанасы қай қала?

4.Астанасының географиялық координатасын анықта?

Ә) Венн диаграммасы. ( 1-жұп – АҚШ, Канада ) «Бағдаршам» арқылы бағалау.

АҚШ Ұқсастықтары Канада
1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

2) Жұптық тапсырмалар: Мемлекеттерді даму деңгейі бойынша топтастыру.(семантикалық кесте )

№ елдер «Ұлы жетілік» елдері «Жаңа индустриялық» елдер «Мұнай экспорттаушы» елдер
1 Сингапур +
2 Канада +
3 Сауд Арабиясы +
4 Жапония +
5 Тайвань +
6 Кувейт +
7 Венесуэла +
8 АҚШ +
9 Малайзия +

Бағалау: «5» – 9 «4» – 8 «3» – 5-7

3) Жұптық тапсырмалар: Даму деңгейі бойынша мемлекеттерді сәйкестендіріп жаз.

№ елдер топшасы № елдер
1 Сингапур
2 Шри-Ланка
1) «Жетекші дамушы елдер» 3 Қытай
2) «Жаңа индустриялық елдер» 4 Мальта
3) «Плантациялық шаруашылық елдері» 5 Тайвань
4) «Жалға пәтер беруші елдер» 6 Үндістан
7 Панама
8 Коста-Рика

Бағалау: «5» – 8 «4» – 7 «3» – 5-6. Жауабы: 1) – 3, 6 2) – 1, 5 3) – 2, 8 4) – 4, 7

* «Ерекше топ» Үй тапсырмасын тексереді және бағалайды.

4) «Мен саған – сен маған»оқыта үйрету стратегиясы: Топ ішінде атласпен жұмыс, елдерді атластан табу, анықтау. ( әр топ бір-бірлеріне атлас бойынша сұрақтар қояды )

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Видео ролик. «Қазіргі таңдағы дүниежүзілік өнеркәсіптің дамуы» (виде ролик арқылы жаңа тақырыптың тақырыбын ашу )

А) Отын-энергетикалық кешен;

Ә) Металлургия және машина жасау кешені.

2. «Ассоциация құрастыру» құрастыру: «Конфет» беру арқылы бағалау.

І – топ: «Отын-энергетика»

ІІ – топ: «Металлургия»

ІІІ – топ: «Машина жасау»

* Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы отын-энергетика кешенінің салаларын түсіндіру.

3. «Рөлдік оқыта үйрету» стратегиясы. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша «Ерекше топ» (дарынды оқушылар) жаңа сабақты әрбір топқа барып түсіндіреді, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауаптар алады. ( автобус аялдамасы: 1*2*3*1 ) «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы дарынды оқушыларды бағалау.

4. Физминутка.

5. Сыныпты 2-ші рет топқа бөлу. ( конфет арқылы )

1 – топ: «Ерекше» топ ( өздері қалады )

2- топ: қызыл 3 – топ: жасыл 4 – топ: көк

6. Тақырыптарды топ ішінде талқылау. ( бірін-бірі оқыту ) «Ерекше топ» оқушылары қалған оқушылардың топ ішіндегі жұмыстарын қадағалайды, табыс критерилері бойынша бағалайды және толықтырады.

7. «Ерекше топ» оқушылары өз тақырыптарын қорғайды. Сынып оқушылары «Ерекше топтың» жұмыстарын «Бармақпен бағалау» арқылы жүзеге асырады. Ерекше топтың әр оқушысы тақырыбын қорғап болған соң «Ыстық орындыққа» отырады, қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды.

8. «Ыстық орындық»

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1.«Аукцион» оқыта үйрету стратегиясы. ( «Купюро» арқылы бағалау )

1.Отын өнеркәсібі қандай саладан тұрады? ( мұнай, газ, көмір )

2.ОПЕК ұйымы қай жылы құрылды? ( 1960 ж. )

3.Әлемдегі жетекші мұнай өндіретін ел?( Ресей )

4.Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде 1 орындағы ел? ( Кувейт )

5. Көмір экспортында жетекші орындағы ел? ( Аустралия, ОАР, АҚШ )

6.Электр энергетикасы қандай салалардан тұрады? ( ЖЭС,СЭС,АЭС )

7.СЭС бойынша жан басында шаққанда алдыңғы орындағы ел? ( Норвегия )

8.Энергияның 80 пайызын АЭС алатын ел? ( Франция )

9.Болат өндіруден дүниежүзінде жетекші орындағы ел? ( Жапония )

10.Шойын балқытудан 1 орындағы ел? ( Қытай )

11.Ірі алюминий балқыту зауыттары қай елде? ( Канада, Бразилия, Норвегия )

12.Тазартылған мыс өндіруден алдыңғы орындағы ел? ( АҚШ, Ресей, Жапония )

13.Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары? ( Б.Еуропа, С.Америка, Жапония )

14.АҰШ-тың «Автомобиль астанасы» қай қала? ( Детройт )

15.Дүниежүзіндегі ең мықты дәл жүретін сағат қай елде? ( Швейцария )

V. Бағалау.

1) Кері байланыс ( стикер толтыру )

2) Өзін-өзі бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

1)Тақырыпты оқу.

2)39-сызбанұсқадағы елдерді кескін картаға салу.

3)39-43сызбанұсқаларды дәптерге салу және қорытындысын жазу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше