Мұғалімнің портфолиосы. «Тиімді оқыту мен оқу» А -B-C бөлімдері
Павлодар облысы, Павлодар қаласы ПШО
Математика пәнінің мұғалімі
Хадай Сагыныш Хадайқызы
Мектептегi тәжiрибе кезеңін математика пәнінен 4 сыныптағы оқушыларымен өткіземін. Өйткені оқушылары белесенді, сабаққа қызығушылықпен қатысады. Осы сыныптағы оқушылардың жас шамалары 10-11 аралығында. Осы сыныпта бір А , бір В және С оқушы бар. Бұл сыныпты таңдаған себебім шығармашылықты дамытып, дарынды және талантты балаларды анықтау. А оқушымның мінезі салмақты , жауапкершілігі мол , ынтасы жоғары, логикалық ойлауы өте жақсы, бірақ тапсырманы баяу орындайды дегенмен дұрыс жауап береді жәнеде өзінің идеясын қосады. В оқушымның мінезі жайдарлы, сабаққа белсенді қатысады ,тапсырманы жақсы орындағанмен қателіктерге бой алдырады, сабақты қызығушылықпен орындайды. Ал С оқушымның мінезі беймазасыз, қызба мінезді, тапсырманы әрдайым шапшаң, тез орындауға тырысады және көптеген қателіктер жіберіп, шатасады. Бұрын дәстүрлі сабақ барысында «мұғалім – оқушы» бағытында ғана болатын. Бұл оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамытуына, сөйлеу мәдениетінің төмендеуіне, өз ойларын жеттік дәлелдей алмайтынына, кез -келген мәселелерден өз бетінше шыға алмауына әсерін тигізуде. Сол себептен, қазіргі таңда орта білім беруде өзгерістердің орын алуынан, мен де осы жаңа оқыту тәсілдерін өзімнің тәжірибемде қолдануға мүмкіндік алдым. Мектептегі тәжірибеде осы олқылықтарды жою бағытында, зерттеушілік әңгімелер арқылы әр баланың қажеттіліктерін, тіл мәдениетін, жеке ерекшеліктерін дамытуға бағыттадым. Тәжірбиеге барғанда математика пәнін өткізгендіктен зерттеуге алып отырған модуль тізбектелген 4 сабақтың барлық кезеңдерінде көрініс табады.
Негізгі мақсатым жұптық, шағын топтық пiкiртaлaс кезінде оқушылар өз ойын, идеяларын толық, жетік жеткізу, өзіндік пікірінің анық болуына дағдыландыру; кері байланыс арқылы оқушылардың өз білімдеріне рефлексия жасауын қалыптастыру. Мерсердің айтуынша, топтық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады (Ман, 47 б). Егер зерттеушілік әңгіме aрқылы оқыту болса oқушылaрдың сөйлеу мәдениетін арттыруға жол ашылады. Өзiн-өзi рeттeугe дaғдылaнып, oйлaу қaбiлeттeрiнiң жoғaрғы дeңгeйiндe жұмыс iстeуiнe мүмкiндiк тудырaды.
