Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды интеллектуалды дамытудың құралы ретінде қазірг і білім беру технологияларын қолдану
Астана каласы № 14 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Капанова Марьям Есентаевна
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық игілігінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі баланың зияткерлік дамуының жағдайы болып табылады, өйткені балалар еліміздің экономикалық және рухани даму деңгейін, ғылым және мәдениеттің жағдайын анықтайтын еліміздің маңызды резервін құрайды.
Сол себептен парасаттың мәселесі педагогикалық ғылымда айрықша орын алады. Жылдан-жылға өмір балалардың алдына биік талаптарды қояды: оларға беретін білімнің көлемі өсіп келеді; біз, педагогтар, осы білімді механикалық түрде емес, саналы түрде игергенін қалаймыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына балалардың қызығушылығын қалай арттыруға болады? Оқушыларды пәнге қалай баулуға болады? Қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандартының маңызды компоненті оқытудың барлық сатысында оқушылардың зияткерлік дамуы мен тілінің дамуы болған жағдайда әлеуметтік тапсырысты қалай орындауға болады? Мектеп білімінің нәтижесі озық даму болу керек: оқушылар жаңа нәрсені түсінуі және игеруі , ашық және өз ойын білдіруге қабілетті болуы, шешім қабылдай алуы, қызығушылықтарын қалыптастыруы, өз мүмкіндіктерін сезінуі керек. Бұл мәселе, қоғамға салыстыра білетін, логикалық ойлайтын, өзінің пікірін қорғай алатын, өзінің ойын дұрыс білдіретін мамандардың қажеттігінен туындайды.
Сол үшін оқу үдерісін ұйымдастыруға және мазмұнына өзгерістер енгізу қажет. Оған педагогикалық технологиялар және АКТ көмектеседі. Оқушыларды қызықтыру үшін көп жұмыс жасауға тура келді, оларға оқу ынтымақтастығының жаңа жүйесін ұсындым, айналадағы адамдарға құрметпен, түсінушілікпен қарауды үйреттім. Оқушыларды ойлауға, мәніне жетуге, керекті тұжырым жасауға көмектесетін тәсіл табу керек болды. Өзін-өзі тануға ұмтылуын дамыту арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау қабілетін қалыптастыру міндеті тұрды.
Әрбір оқушының терең және берік білім алу қажеттілігінің жүйелі қалыптасуын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын сақтай отырып, оқытудың нәтижелілігін көтеру, логикалық, аналитикалық ойлауын дамыту.
Осындай міндеттерді шешу үшін оқытудың басты ойлағыштық операцияларын үйреті керек: талдау, жинақтау, салыстыру, конкретизациялау, жүйелеу.
Мен өзіме келесі міндеттерді қойдым:
– оқушылардың аналитикалық ойлауын дамыту үшін жағдай жасау;
– кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ақпарат көздерінде бағдар таба білу, оқудың әртүрлі стратегияларын қолдана білу, оқығанын түсіну, маңыздысын таба білу, керек емесін алып тастау, жаңа білімге сынмен қарау, талдау және жалпылау.
– өз бетімен іздеу, шығармашылық іс-әрекеттерін ынталандыру, өздігінен білім алу және өзін-өзі ұйымдастыру механизмдерін қосу.
Қазақ тілі сабақтарын зияткерлік дамыту жүйесінде ұйымдастыру келесі тұжырымдарға негізделген:
1. Баланың зияткерлігіне алуан түрлі дамытушылық әсер ету тұжырымдамасы. Оқушының тілдік білімі, білігі, дағдысы, зияткерлігі: ойлау, есте сақтау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды, тапсырмаларды құрастырады және таңдайды.
2. Оқытудағы іс-әрекет тұжырымдамасы мәселені шешудің ерекше жолдарын таба білу, ойлау іс-әрекетін белсендендіру.
3. Жауабын түсіндіру тұжырымдамасы. Оқушылардың өз көзқарасын түсіндіруді қажет ететін тапсырмаларды құрастыру.
4. Ынтымақтастық тұжырымдамасы, мұғалім мен оқушының бірлесуі.
Бұл тұжырымдарды қазақ тілі сабақтарында келесі технологиялар арқылы іске асыруға болады деп ойлаймын:
1. Ойын технологиялары.
2. Дамыта оқыту технологиялары.
3. Оқу және РКМЧП жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиялары.
4. Оқытудағы жобалау және зерттеу әдістері.
5. Модульдік технологиясы.
6. Шеберлік технологиясы.
7. Коммуникативтік-іс-әрекет тұжырымдамасы.
8. Ақпараттық-коммуникативтік технология (АКТ).
Аталған технологиялардың ішінен, қазақ тілі сабақтарында оқытудың проблемалық технологиясына тоқталдым. Бұл технология 12-жылдық білім беруге көшуде оқушыларды жобалау және зерттеушілік оқытуға дайындауға мүмкіндік туғызады (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабылеттерін дамыту, қазіргі қазақстандық қоғамға қажет жеке тұлғаны оқытуға жағдай жасау).
Проблемалық жағдай туғызамын (проблемалық оқытудағы негізгі буын, сонымен қатар, интеллектуалды қиыншылықтың психологиялық жағдайы, егер адам жаңа жағдайды өз білімімен түсіндіре алмаса).
Проблемалық жағдайдың белгілері:
1. Жаңа білімге танымдық қажеттілік туғызатын іс-әрекеттің орындалуын қажет ету.
2. Оқушыға белгісіз нәрсенің болуы.
3. Оқушының өздігінен ізденуі үшін білімі жеткілікті болуы керек.
Оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын. (ойлаудың өзіндік формасы және проблемалық ой, жауап беруді, түсіндіруді қажет ететін болжам).
Проблемалық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне, өмірлік тәжірибесіне сәйкес болуы керек, қиындық дәрежесімен, жалпылау тереңдігімен ерекшелену керек.
Мысалы:
1. Белгілі жазушылардың айтуларын түсіндір?
2. Ерекше қызметтерді қолдану арқылы рухани және өнегелілік мәселелерді шешу нұсқаларын ұсыныңдар.
Оқушыларға шығармашылық тапсырма беремін. (бұл тапсырмада шешімнің жаңа алгоритмін табу).
Шығармашылық тапсырмалар мүмкіндік береді:
– жалпылауға, қайталауға және оқу материалын меңгеруге;
– оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
– бірлескен жұмыстың дағдыларын қалыптастыру;
– пәнаралық байланысты құру.
Проблемалық сұрақтарды жаңа материалды түсіндіргенде қолданамын
1-нұсқа. Жаңа материалды түсіндіргенде негізгі ойды нақты беремін, оқу заңдылықтарын ашамын, екі-үш мысалмен көрсетемін. Содан кейін, оқушылардан біліктілікті қажет ететін проблемалық сұрақ қоямын. Оқушылардың мәселені шешуін мұғалімнің әңгімесі толықтырады және сабақты мазмұнды етеді.
2-нұсқа. Жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде шешілмеген ғылыми мәселе туралы айтамын. Әңгіме барысында оқушылардың өз ойын білдіруге жетелейтін сұрақ қоямын.
Сабақты қалай проблемалық ету?
Әдебиеттің көркем туындыларының маңызды ерекшелігі, олардың өзінде автормен қойылған проблеманың болуы. Мұғалімнің міндеті сол проблемалардың маңыздылары оқушыларға да проблема туғызуына жағдай жасау.
Өзімнің педагогикалық іс-әрекетімде проблемалық жағдай туғызуда келесі тәсілдерді қолданамын:
1. Мұғалім проблеманы өзі қояды.
2. Оқушыларға бір мәселе жөнінде әртүрлі қарамақайшы пікірлер айтылады.
3. Оқушыларға әдеби фактілерді салыстыру үшін тапсырмалар беріледі.Тақырыптары бойынша, өмірлік материалдары бойынша жақын көркем туындылар салыстырылады, бірақ ондағы түсіндірулері және бағалауы әртүрлі болады.
4. Көркем шығарманы суреттерімен салыстыру немесе бірнеше суретшілердің басқа шығармалардағы суреттерімен салыстыру, немесе поэтикалық туындының әртүрлі талғап-талдап түсіндіруі бар музыкалық туындыларды, немесе бірнеше әртістердің бір рольді ойнауы т.б.
5. Идеялық мамұнды ашу мақсатында берілетін проблемалық сұрақ.
6. Шығарманың тіліне, автор жасаған суреттер мен мінездерді терең қабылдау мақсатында іс-әрекеттің қайталануына зерттеушілік бақылау жүргізу.
7. Әртүрлі аспектідегі шығарманың тілін зерттеуге ынталандыратын проблемалық тапсырмалар.
Оқушылардың алдына әрқашан проблемалық мәселе қою, прблемалық жағдай туғызу, оқушының проблемадан қорықпай, шешуге тырысуына алып келеді. Өйткені проблема – ол әрқашан кедергі. Кедергілерден өту – қозғалыс, дамудың айнымайтын серігі. «Нағыз білім тек қана есте сақтау арқылы ғана алған білім емес, өзінің ойлау әрекеті арқылы алған білім» деген сөз өте дұрыс айтылған.
Пайдаланған әдебиеттің тізімі
1.Кудрявцев, В. Т. Проблемное обучение : истоки, сущность, перспективы [Текст] / В. Т. Кудрявцев. – М. : Знание, 1991. – 80 с.
2. Лернер, И. Л. Проблемное обучение [Текст] / И. Л. Лернер. –М. : Знание, 1974. – 267 с.
3. Махмутов, М. И. Организация проблемного обучения в школе [Текст] : книга для учителей / М. И. Махмутов. – М. : Просвещение, 1977. – 240 с.
4. Махмутов, М. И. Проблемное обучение. Основные вопросы теории [Текст] / М. И. Махмутов. – М. : Педагогика, 1975. – 368 с.
