Сабақтың тақырыбы: “Етістіктің жіктелуі”

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 ЖЖБ мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Кайнулдина Айжан Маратовна

Сыныбы:4 “Ғ”

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: “Етістіктің жіктелуі”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушылардың етістік туралы білімдерін кеңейту,оның сөйлемдегі қызметі. оның лексикалық мағынасы мен қызметін, түрлену жүйесін меңгерту. Етістіктің жіктелуімен таныстыру: үш жақта айтылатыны мен жіктік жалғауларын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру,

сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,

Көрнекілік: Қима қағазар‚ «Етістіктің жіктелуі» кестесі, сызба.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімінің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру Сабаққа даярлықтарын тексеру.

-Балалар, шаттық шеңберіне келіп сабаққа деген жақсы тілегімізді білдірейік.

-Мына қораптан ұнаған жұлдызшамызды таңдап алайық.

-Ал, мынау сыныптың деңгейін анықтайтын жұлдызшамыз екен, ендеше балалар, бүгінгі сабақта барлықтарыңның жұлдыздарыңның жарқырағанын тілеймін.

Балалар бүгінгі сабақта біз жұлдызшамызға өз деңгейімізді түсіріп отырамыз

Зейіндері сабаққа шоғырланады.

Сәттілік тілеп, ұнаған жұлдызшасын алады.

-жоғары

-орта

-төмен

Қызығушылықтарын ояту. Оқу дилогі арқылы өткен сабаққа шолу жасайды.

-Үйге қандай тапсырма беріліп еді, не істеу керек еді?

-Олай болса балалар біз үй тапсырмасын мына сызбаға сәйкес тексерейік.

Бағалау критерийін ұсыну.

Дұрыстығы-2б

Шығармашылығы-2б

Әдемілігі-1б

Өткен сабақтың оқу міндетін еске түсіреді.

Кіші топ ішінде үй тапсырмасын тексеріп бағалайды.

6-жаттығу “Туған жер” тақырыбында әңгіме құрау.

-Бағалау критерийін анықтап алады, топ ішінде бағалап үздігін анықтайды.

Қысқаша рефлексия -Үй тапсырмасы бойынша қорытынды жасату Алынған міндетті ортаға салады.
Мағынаны ажырату -Жақсы балалар,ендеше бүгінгі күннің атын жазып, Мұқағали атамыздың мына өлең жолдарын әдемі сауатты жазып алсақ.

Аяулы мекенім

Оқимын, жетемін.

Туған жер, кей-кейде

Сағынып кетемін.

-Осы өлеңде кездесіп тұрған етістіктерді атап жіберейікші.

-Осы етістіктер қай жақта айтылып тұрғанын көрейікші?

-Жақсы балалар, етістікке іс-әрекеттің қай жақта айтылғанын білдіру үшін жіктік жалғаулары жалғанады. Етістікке жіктік жалғаулары жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейді.Жіктік жалғау баяндауышқа ғана тән жалғау. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз үнемі тек баяндауыш болады.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың міндеті не деп ойлайсыңдар?

– Олай болса, оқулығымыздың

122-бетін ашып, ережені бір рет оқып шығайық.

8-жаттығу бойынша жұмыс жүргіземіз.

Оқулығымызда берліген үлгі бойынша бағалаймыз.

9-жаттығу. Тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазамыз.

Жұппен бір-бірімізді бағалаймыз.

Дұрыстығы-3б

Әдемілігі-2б

Каллиграфиялық сәт.

-Өлең жолдарынан етістікті тауып сызады.

Оқимын

Жетемін етістік

Кетемін.

-Бірінші жақта айтылып тұрғанына тоқталады.

Етістіктің жіктелуі туралы анықтамамен танысады.

– Сабақтың міндетін анықтайды

Ережесімен оқып, танысады.

Мақалды жатқа жазады.

Үлгі бойынша бағалайды.

Сөйлемдерді көшіріп жазады, етістікті тауып қай жақта тұрғанын анықтайды.

Жұппен бағалайды.

Қысқаша рефлексия -Тапсырма бойынша қорытынды жасату Алынған міндетті ортаға салады.
Сергіту сәті

Ой қозғау

-Балалар барлығымыз да шаршап қалған болуымыз керек.Олай болса, денемізді сергітіп алайық

-Жақсы балалар, 10-жаттығуда берліген сөздерді топ ішінде жекеше түрде жіктеп жазамыз.

Топқа жұлдызшамыздың ортасындағы түске байланысты бөлінеміз.

Топтық жұмыстың қорытындысын шығару үшін әр топ өз ой-тұжырымын жасасын.

– Келесі тапсырма балалар, әркімнің алдынада парақта жазылған, яғни семантикалық картаға түсіреміз.

-Үлгіге қарап, баллдық жүйе бойынша бағалаймыз.

Компьютерден видео аннимация

Топтық жұмыс.

Қуантамын. топ

Табамын. ішінде

Айтамын. жіктейді

Білемін.

Көремін.

Айтамын , келесің, жаздым, оқиды, барасың, жүгіремін, қыдырасың, келеді, іштім. сөздерді сызбаға сәйкес белгілеу.

-Үлгіге қарап, бағалайды.

Әрбір дұрыс жауап 1балл.

Қорытынды рефлексия

Бағалау

-Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтың міндеті не еді есімізге түсіріп жетейікші?

-Қалай ойлайсыңдар біз алған міндетімізге жете алдық па?

– Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

-Осы сабағымызға байланысты деңгейіміздің қандай екенін байқап көрейік. Яғни, бағалау парағы бойынша әркімнің деңгейін байқаймыз.

Ой қорытып, тұжырым жасайды.

Өзін-өзі бағалап. міндет алады.

Жалпы сыныптың деңгйін байқау.

Үйге тапсырма 12-жаттығу. “Сенбілікте” тақырыбына әңгіме құрау. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше