Менің Отаным – Қазақстан! Сынып сағаты
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 ЖЖБ мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Газиза Ахметжановна
Менің Отаным – Қазақстан!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
– Кәне балалар Отан деген не?
– Адамның туып өскен жері, туған – туысқандары, біз тұратын атамекен.
– Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
– Біздің – Отанымыз Қазақстан.
– Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 4 – топқа бөлу.
1 – топ: Туған жер
2 – топ: Отан
3 – топ: Атамекен
4-топ: Болашақ
Әр топ өз топ аттарын қорғап шығады әдемі қорғаған топқа смаилк беріп мадақтау.
Әр топқа сұрақтар қойып дұрыс берген топқа смаилктер беру.
-ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
– Еліміздің бас қаласы
-ҚР президенті кім
-ҚР туының авторы
-ҚР елтаңбасының авторлары
-Әнұранымыздың авторлары
-Еліміздің көрікті жерлері
-Отан туралы өлең айт
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 – оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 – оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 – оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 – оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 – оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
өз қолыңмен аш маған.
6 – оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 – оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп – мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
8 – оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
– Отан, туған жер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
1 – оқушы: Отан от басынан басталады.
2 – оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 – оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4 – оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 – оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.
Әр топқа тапсырма:кластер,сөз жұмбақ, аяқталмаған мақалды аяқтау,эссе жазу
Тілек.
Оқушылар көгершінің суретіне тілектерін жазып тақтаға іледі.
– Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымы
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, оқушылар осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
