Қысқа мерзімді жоспар. Тақырып: Қымбат-арзан

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын»

Бөлім:

«Математикалық модельдеу»

Бөлімше: «Есептер және математикалық модель»

№ 69 мектеп-гимназия

8-сабақ

Тақырып: Қымбат-арзан

Күні:15.04.2017

1 сынып ІV тоқсан Мұғалімнің аты-жөні: Бакутова Гүльпери Шадиманқызы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару

1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды/заттардың орналасуын, бағыттарын және ара қашықтықтарын анықтайтын терминдерді пайдалану

Ойлау дағдыларының деңгейі білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі
  • айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады;
  • тауар бағаларын салыстыру кезінде «арзан», « қымбат» терминдерін дұрыс пайдаланады;
Тілдік сөздер «сонша», «қымбат», «арзан» ұғымдарын қолданады.
Бастапқы білім Бағаның не екенін, монеталарды қалай пайдаланатынын және ұсақтауды, саудаға қатысты есептерді шығаруды үйренді, есепке сайкес тірек сызбаны сызады.
Пән аралық байланыс сауат ашу
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс – әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

8 мин

Жағымды көңіл күй орнату.

– Қайырлы күн, балалар! Жақсы сөз жанымызды жадыратады дегендей , бәріміз бір-бірімізге алақандарымызды қосып, жылы лебізімізді, жақсы тілегімізді айтайық.

Бүгінгі күніміз сәтті болсын.

Қойылған мақсатқа жету үшін,

Ойымыз нақты болсын,

Ал еңбегіміз жемісін берсін.

(Ұ) Кіріспе тапсырма.

Әр топқа 20 теңгелік екі монетадан беріледі.Тақтаға бағасы жазылған бөлке нанның, тоқаштың, батонның суреті ілінеді.

20 теңгелік он монета
  • Алдарыңда неше теңге бар?
  • 40 теңге.
  • Осы ақша тоқашты сатып алуға жете ме? Неге?
  • Тоқашты сатып алуға жетеді. Себебі, ол арзан тұрады.
  • Осы ақша батонды сатып алуға жете ме? Неге?
  • Қайсысы қымбат: тоқаш па, әлде батон ба? Қаншаға қымбат?
  • Нан батоннан қаншаға арзан?
  • Батон наннан қаншаға қымбат?

70тг 30тг 50тг

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтап көрейік.
  • Айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару,
  • Сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану;
  • Сабақта жетістікке жету үшін не істей алуымыз қажет?
  • айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады;
  • тауар бағаларын салыстыру кезінде «арзан»,

« қымбат» терминдерін дұрыс пайдаланады;

бөлке нанның, тоқаштың, батонның суреті
Сабақтың ортасы

6 мин

15 мин

6 мин

Сабақтың соңы

5 мин

(Ж) Орындап көр.

Суретке мұқият қараңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Есептің шешуін өрнек түрінде жазыңыз және мәнін табыңыз.

  • Қай сусын қымбат?
  • Неше теңгеге қымбат?

Дескриптор

  • Қай сусынның қымбат екенін анықтайды;
  • Қанша теңгеге қымбат екенін өрнек түрінде жазады;
  • Өрнектің мәнін табады;
  • Заттың неше теңгеге қымбат екенін анықтайды.

Жұмысты аяқтап болған соң оқушылар жұмыстарын өзара тексереді, дескриптор бойынша бағалайды, кері байланыс ұсынады.

(Т) Әр топқа бағалары жазылған заттардың суреттері беріледі. Суретке қарап, есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу ұсынылады.

I топ:

60тг 30тг

Пицца – 60 тг

Шырын – 30 тг? арзан қымбат

Шешуі: 60 – 30 = 30 тг

Жауабы: пицца шырыннан 30 теңгеге қымбат, шырын пиццадан 30 теңгеге арзан

ІІ топ:

50тг 40тг

Шырын – 50 тг

Самса – 40 тг? арзан қымбат

Шешуі: 50 – 40 = 10 тг

Жауабы:шырын самсадан 10 теңгеге қымбат, самса шырыннан 10 теңгеге арзан

ІІІ-топ:

60 тг 30 тг

Батон – 60 тг

Кекс – 30 тг ? арзан қымбат

Шешуі: 60 – 30 = 30 тг

Жауабы: батон кекстан 30 тенгеге қымбат, кекс батоннан 30 теңгеге арзан

IV- топ

30 тг 20 тг

Алмұрт – 30 тг

Алма – 20 тг ? арзан қымбат

Шешуі: 30 – 20 = 10 тг

Жауабы: алмұрт алмадан 10 теңгеге қымбат, алма алмұрттан 10 теңгеге арзан.

V– топ

60 тг 40 тг

Айран- 60 тг

Сүт – 40 тг ? арзан қымбат

Шешуі: 60 – 40 = 20 тг

Жауабы: Айран сүттен 20 теңгеге қымбат, сүт айраннан 20 теңгеге арзан.

Дескриптор.

– Есептің шартын жаза алады;

– Салыстыру сұрағын қоя алады;

– Есептің шешуін өрнек түрінде жазады;;

– Өрнектің мәнін табады;

– Жауабын дұрыс жазады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз.

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

1,2,3,4. 1,2,3,4.

Жоғары, төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

(Ө) «Қымбат па, арзан ба?»

Кестеге мұқият қараңыз. Заттардың бағаларын салыстыр. Бір заттын бағасы екіншісінен қаншаға қымбат немесе арзан екенін анықтаңыз. Шешуі мен жауабын кестеге жазыңыз.

Дескриптор.

– Бананның алмадан қаншаға арзан екенің анықтай алады.

– Балмуздақтың тоқаштан қаншаға қымбат екенің анықтай алады.

– Қызанақтын бұрыштан қаншаға қымбат екенің анықтай алады.

– Қиярдың алмұрттан қаншаға арзан екенің анықтайды.

  • Әр оқушыға 100 теңгелік монетаның шаблоны беріледі. Сабақты түсіну деңгейіне қарай тиісті шардың ішіне салу ұсынылады.

.

Рефлексия

  • Мен __________ білдім.
  • Маған _________ әлі де жаттығу керек.
тапсырма мен дескриптор жазылған 22 кеспе қағаз

А3 қағазына жазылған 5 тапсырма

Жұмыс дәптері

100 теңгелік 22 монетаның шаблоны

Саралау тапсырмасы: Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушыларға келесі есепті шығаруды ұсынамын.

  • Қымбат дегеніміз не?
  • Шартты толықтыр.

Алма 80 теңге, ал сәбіз 60 теңге тұрады.

  • Алма сәбізден қаншаға _______?
  • Сәбіз алмадан қаншаға ________?
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау мақсатында дескриптор арқылы бірін бірі бағалау, өзін өзі бағалау, кері байланыс ұсыну жұмыстары сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі. Партада дұрыс отыру, заттарын таза, ұқыпты ұстау ескертіледі.
Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да)

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше