Бір түзу бойымен денеге әрекет ететін күштерді қ осу. Сыныбы: 7
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы
ЖББ Қособа орта мектеп- балабақша кешені
Жоғары санатты I деңгейдің сертификатталған мұғалімі
Кунанова Гулмайра Бактыгалиевна
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Денелердің өзара әрекеттесуі |
Мектеп: Жалпы білім беретін Қособа орта мектеп- балабақша кешені
Мұғалімнің аты-жөні: Кунанова Гулмайра Бактыгалиевна |
||||||||||||||
| Күні:
Date: |
Сыныбы: 7
Form: |
||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы:
Themeof the lesson: |
Бір түзу бойымен денеге әрекет ететін күштерді қосу | ||||||||||||||
| Оқу мақсаттары:
Aims: |
7.2.2.8- Күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету
7.2.2.9- Денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау |
||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты:
Result of the lesson: |
Кейбірі:
|
||||||||||||||
| Бағалау критерийі:
Evaluation: |
а) Оқушылар күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсете алады.
б) Денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулімен бағытын анықтап үйренеді. в)Берілген есептердің шешімін таба алады және өз мысалдарын түсіндіріп, талдай алады. |
||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар:
Language goals: |
Арнайы пәндік лексика мен терминология
|
||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу:
Creative value |
а) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбексүйгіштік және шығармашылық арқылы іске асырылады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру.
б) Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Оқушыларға ырыс алды ынтымақ екендігін ұғындыру.Топтық жұмыс арқылы ынтымақтаса жұмыс жүргізеді. |
||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс:
Concern the lesson: |
Математика, геометрия, әдебиет, орыс әдебиеті, ағылшын, сурет | ||||||||||||||
| Сабақ кезендері:
Stages of the lesson: |
Сабақтағы іс-әрекеттер:
Scheduled work: |
Құрал-жабдықтар (ресурстар)Resources: | |||||||||||||
| Сабақтың басы
Introduc- tion 0-2 мин Check up homework: (3мин) New lesson (3 мин) |
Тренинг. «Қарын және төбе» Мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін бала кезден белгілі мынадай әрекет жасауға болады. Оқушылар сол қолымен қарындарын 5 рет сипалап, оң қолдарымен төбелерін 5 рет ақырындап шапалақтайды.Мұғалімнің берген командасы бойынша (Бір, екі, үш, төрт! Қолдарыңды ауыстырыңдар!) олар қолдарын ауыстыруы қажет. Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. Сұрақтар: 1.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды? 2.Үйкеліс күші қалай пайда болады? 3.Тыныштық үйкеліс күші мен сырғанау үйкеліс күшінің айырмашылығы қандай? 4.Домалау үйкеліс күші қай кезде болады? 5.Үйкеліс күшінің пайдалы , зиянды жақтарына мысал келтір. 6.Неліктен үйкелісетін беттерді майлайды? ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы арқылы бағалау «От шашу» әдісі Қызығушылықты ояту. Motivation Жаңа сабақ: Ортаға екі ер баланы шақырып «Білек күшін» сынасу ойынын ойнатып, оқушыларға жетектеу сұрақтарын қою арқылы денеге әр түрлі күштердің әсер ететіндігін және оның бағыттарын қалай анықтап, есептеуге болатынын бүгінгі сабақтан білетіндігіміз айтылып, оқушыларға сабақ тақырыбы жаздырылады. |
Тренинг: «Қарын және төбе»
«Серпілген сауал» әдісі АКТ пайдалану Интерактив тақтада сұрақтар шығып отырады. «Білек күшін» сынасу ойыны |
|||||||||||||
| 2 мин
10 мин |
Топқа бөлу: (Ньютон, Күш, Динамометр) сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.
3.Мағынаны тану: Understand the theme: Оқушыларға жаңа тақырыпты өз беттерімен талдап ашуға тапсырма беру. Эксперименттік тапсырма 1-топқа: № 1- эксперименттік тапсырма. «Шалқан» ертегісі желісімен көрініс қойып, бір нүктеге бір бағытта түсірілген күштерді қосу ережесін тұжырымдау.
F1 F |
Эксперименттік тапсырма
«Шалқан» ертегісі Көрініске қатысты құралдар, маскалар, маркерлер, А4 қағазы |
|||||||||||||
| Creative work
(7 мин) Level work (8 мин) |
2-топқа: № 2- эксперименттік тапсырма.
«Арқан тартысу» ойыны арқылы топ мүшелері бір нүктеге қарама-қарсы бағытта түсірілген күштерді анықтау жолдарын көрсету. F1 F2
3-топқа: № 3- эксперименттік тапсырма. Бір нүктеге бірнеше бағытта түсірілген күштерді қосуды түсіндіру. ҚБ: «Екі жұлдыз , бір тілек» тәсілі Шығармашылық жұмыс: «Аққу, шаян һәм шортан» (мысал) Крыловтан аударған Ахмет Байтұрсынов Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін- дүркін. Тартады Аққу көкке , Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай – ақ , Асылы , жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан пәлен деуде тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер , мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. ҚБ: Бағдаршам. Мақсаты:Есеп шығару барысында денеге түсірілген күштердің тең әрекетті күшін анықтай алады. ІІ. Тапсырма: «Кеңейтілген тапсырма» тақырып бойынша формулаларды қолданып,есептерді шығару. Деңгейлік тапсырмалар 1.Электровоз вагондарды 320 кН күшпен тартып келеді. Кедергі күш 180 кН. Бұл күштердің теңәрекет күші неге тең? 2. Денеге 9 Н күш әрекет етеді. (3.45 –сурет) Теңәрекет күші осы күштің бағытымен бағыттас және 7 Н-ға тең болуы үшін қандай күшті қай бағытта түсіруіміз қажет? 3. Денеге F1 ꞊3 кН,F2 ꞊4 кН күш түсірілген (3.46 сурет). Денеге түсірілген екі күштің теңәрекет күші неге тең және қай жаққа бағытталған? 4. А нүктесіне түсірілген үш күштің теңәрекет күшін табыңдар және бағытын көрсетіңдер. (3.47 сурет) 5. Денеге бір түзудің бойымен 3Н, 4Н, 5Н күш әрекет етеді. Бұл күштердің теңәрекет күші қандай мәндерге ие болуы мүмкін?
ҚБ: Смайлик арқылы бағалау |
Дарынды оқушылар
ға «Әдебиет тік оқу кітабы» 5-сынып түсінбедім шамалы түсіндім жақсы түсіндім Деңгейлік Тапсырма лар Физика. Тоқбергенова У.Қ Кронгарт Б.А 7-сынып |
|||||||||||||
| Сабақтың соңы
(3 мин) End of the lesson : |
Үйге тапсырма
Дидактикалық материалдардан есептер Кері байланыс |
«Жетістік баспалдағы» | |||||||||||||
| Reflexion | Рефлексия (2 мин) | ||||||||||||||
