Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:7.2
Күні:
Мектеп: « Жанама қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Мұғалімнің есімі: Дутпаева Н.С.
Сынып : 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.2.2.10 масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
- Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажыратып, формуласын, өлшем бірлігін жаза алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
- Тапсырмалардың нәтижелерін салыстыра отырып есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар:
- Ауырлық күшіне есептерді өз беттерімен шығарып, топтасып талдау жасай алады.
Бағалау критерийі
- Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын біледі. формулаларын қолданып есептер шығарады.
Тілдік мақсат
Пәнді оқыту мақсаты:Тартылыс құбылысы және ауырлық күші, салмақты оқып мысалдар келтіреді
Тілді оқыту мақсаты: Ауызша жазбаша жүйелей алады.
Оқушылар диалогты қарым-қатынасқа түседі.
Пәндік лексика және терминология: Тартылыс құбылысы, Ауырлық күші, гравитация, бүкіләлемдік тартылыс заңы, күш, масса, салмақ
Талқылауға арналған тармақтар: Бүкіл әлемдік тартылыс күшін қай кезде пайда болады?
Сіз айта аласыз ба? Бүкіл әлемдік тартылыс күшін қандай жағдайда орындалады.
Құндылықтарға баулу
Өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайды және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады
Пәнаралық байланыс
Математика, жаратылыстану, информатика
Алдыңғы оқу
Күш түрлерін, дененің массасын
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
1 минут
Жеке жұмыс
5 минут
Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін байқау үшін «Көңіл-күй» смайликтерін көтеру арқылы білдіреді.
«Жедел хат» әдісі бойынша почта жәшігіндегі жасырынған хаттардағы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың үй тапсырмасын, өткен тақырыптарды қалай меңгергенін тексеру және топқа бөлу.
1. Масса дегеніміз не?
2. Зат тығыздығы дегеніміз не?
3. Зат тығыздығының физикалық шамасы қандай?
4. Инерттілік дегеніміз не?
5. Күш дегеніміз не?
6. Деформация деп нені айтамыз?
7. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
8. Қандай күшті теңәрекетті күш деп айтамыз?
9. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
10. Жылдамдық
11. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыстың теңдеуі ұандай?
12. Инерция деп нені айтамыз?
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
І топ «Масса»
ІІ топ «Күш»
ІІІ топ «Қозғалыс»
Смайликтер
Конвертер
Сабақтың ортасы
2 минут
3 минут
Топтық жұмыс 10 минут
7 минут
Топтық жұмыс 7 минут
Жеке жұмыс 5 минут
Ой қозғау«Суреттер сөйлейді» әдісі
Проблемалық сұрақ: Неліктен барлық денелер Жерге қайтадан түседі, неге олар жоғарға ұшып кетпейді? Әрбір оқушының ойын білу.
Бағалау: «Мадақтау» әдісі
Жаңа сабақты меңгерту
Осы тақырыпты түсіндіру мақсатында барысында Bilim.land.kz.сайытынан бейне жазба көрсету. «Мандарин» әдісі Оқушылар осы бейнежазбаны көре отырып және тыңдай отырып «Постермен жұмыс» жасап, қорғайды.
Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі
«Кім жылдам» әдісі 1- тапсырма: 1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады? а) б) ә)
2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
а) 30Н; ә) 20Н; б) 15 Н.
3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.
а) 2,5 кг ә) 25 кг б) 0,25 кг
2-тапсырма:
1-есеп: Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
2-есеп: Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?
3-тапсырма:
1-есеп: Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады?
Бағалау критерийі
Дескрипторлар
Масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын біледі. формулаларын қолданып есептер шығарады.
Ауырлық күшінің формуласын жаза алады
Есептің шешімін таба алады
Сұраққа дұрыс жауап бере алады
Заттың массасын таба алады
Бағала
