«Қазақ – қонақжай халық. Етістіктің райлары»
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы.
Н.Крупская атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Егимбаева Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ – қонақжай халық. Етістіктің райлары
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту; етістік бойынша алған білімдерін нақтылау; етістіктің райлары туралы түсінік беру; шартты райдың жасалу жолдарымен таныстыру; түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтау.
- Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін, қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту; өзіндік пікірлерін ашық айтуға, қалыптастыруға баулу;
- Тәрбиелік: туған жерін, елін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін қастерлеуге, адамгершілікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдістері: түсіндеру, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық, ұжымдық жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: сызбалар, слайдтар, оюлар, буклеттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгертуге даярлық
- Жаңа білімді меңгерту кезеңі
- Бекіту кезеңі
- Сабақты қорыту кезеңі
- Үйге тапсырма беру
- Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
1) Топқа бөлу: 3 топ: 1т-қызыл ою
2т- сары ою
3т-көк ою
2) Көшбасшысын сайлау – (көшбасшыға бағалау парағы беріледі)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тест арқылы:
- 1-2 нұсқа – 5 сұрақтан (5мин)
- Оқушылар бір-бірін тексереді
- Слайдта тесттің дұрыс жауаптары жазылған.
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Ойын: «Сұрақтарға жауап беріңдер»
- Сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды
- Слайд көрсету: « Қазақ-қонақжай халық. Етістіктің райлары».
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:
Біздің бүгінгі сабақта қойған негізгі мақсатымыз:
- Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімелеу;
- Етістіктің райларымен танысу, шартты райға тоқталу, түрлі тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерімізді пысықта
а) кіріспе сөз
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Адамдарды тіліне, ұлтына бөлмей ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Ал біз қонақжайлығымызды көрсетіп, сабақта бар білгенімізді қонақтарға көрсетейік.
Алдыңғы сабақта біз қонақ үшке бөлінеді дегенміз:
Ал кім атап береді?
«Арнайы қонақ» – ол қандай қонақ?
«Құдайы қонақ» – ?
«Қыдырма қонақ» – ?
Ал осы тақырыппен байланысты біз бүгін мәтінмен танысамыз: 61 бет, 1-тапсырма
- Оқушы оқиды
- Әр топ бұл мәтінге 6 сұрақ жазып, бір-біріне қояды.
- Бұл мәтін бойынша оқушылар басқа да тапсырмалар орындайды.
- Грамматикалық тақырыбы: «Етістіктің райлары». Шартты рай.
1.Тапсырмалар таратылады: (ережелер)
1-т – Етістіктің райлары
2-т – Шартты рай
3-т – Шартты рай
2.Берілген ережелерді оқып,бір- біріне түсіндіріп, сызба ретінде көрсетіп, қорғау. .
3.Жаңа тақырып бойынша тапсырма беріледі.
IV. Сабақты бекіту:
3-тапсырма (слайд)
4-тапсырма (слайд) – мақал-мәтелдер
V. Сабақты қорыту:
- Қонақжайлық деген не?
- Етістіктің неше райы бар?…
VI. Үйге тапсырма: ережені жаттау; 6-7 тапсырма 63бет
VII. Оқушылардың білімдерін бағалау (көшбасшылар бағалау парағын оқып береді, баға қояды).
Қорытынды баға қойылады.
