Маңғыстау облысы білім бөлімінің жетістіктері

«Bilimnur» білім порталы атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында өңірлердегі білім саласының жетістіктерін таныстыру үшін «Білім жетістіктері» тақырыбындағы сұхбат сұрақтары облыстық, аудандық білім бөлімдеріне ресми хат ретінде жолданды.
Алғашқы сұхбатымызда Маңғыстау облысы білім бөлімінің жетістіктері туралы жарияланды.
- Облыс көлемінде білім беру жүйесінде қандай жетістіктер бар?
2016-2017 оқу жылында «Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы» бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары арқылы 1, 5, 7 сыныптарға сабақ беретін 3624 мұғалім курстан өтті.
2012 оқу жылынан бастап әр жыл сайын облыстың мұғалімдері «Үздік педагог» байқауына қатысып, жүлделі орындармен оралып келеді:
Республикалық «Үздік педагог – 2012» байқауының жеңімпазы Жауперова Шырынгүл Түпқараған ауданы № 1 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, Тұрақова Ғайша Маңғыстау политехникалық колледжінің химия пәні оқытушысы, Төлеуова Анар Түпқараған ауданы Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Республикалық «Үздік педагог-2013» байқауының жеңімпазы Төреева Гүлжаухар Ақтау қаласы экономикалық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ускимбаев Таңат О.Тұрмағамбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы пәнінің оқытушысы
Республикалық «Үздік педагог – 2014» байқауының жеңімпазы Әбдіқалық Валентина Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Орынбаев Қожантай Бейнеу политехникалық колледжінің «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының өндірістік оқу шебері.
Республикалық «Үздік педагог–2015» байқауының жеңімпазы Асылбаева Маржан Ақтау қаласы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Атамуратова Роза Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі. Жукенова Сайлаухан О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы пәнінің оқытушысы.
Республикалық «Үздік педагог–2016» байқауының жеңімпазы Кадирова Алия Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінде тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі, Құлсымақова Ғайша Жаңаөзен мектеп лицейінің химия және биология пәні мұғалімі, Оспанов Тұрлан Бейнеу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Республикалық «Үздік педагог–2017» байқауының жеңімпазы Строева Ирина Ақтау қаласы №23 орта мектептің математика пәні мұғалімі. Мухашева Айсұлу Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің кәсіби мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді қолдау мақсатында жыл сайын «Үздік сынып жетекшісі», «Үздік әлеуметтік педагог», «Үздік психолог, «Үлгілі педагог отбасы» байқаулары, «Маңғыстаунама» танымдық сайысы, «Әбіш оқулары» байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы оқу жылында «Абай әлеміне саяхат» және аймақтық «Математикалық регата» байқауы өтті. «Математикалық регата» байқауына 4 облыстан 7 команда (28 педагог) қатысты. Батыс Қазақстан облысының «Вектор» және «Батыс», Ақтөбе облысының «Экстрим», Атырау облысының «Пирамида», «Константа», Маңғыстау облысының «Өрлеу», «Пирамида» командалары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілді командалар арасынан І орынды Ақтөбе облысының «Экстрим», ІІ орынды Батыс Қазақстан облысының «Вектор», ІІІ орынды Атырау облысының «Константа» командасы, орыс тілді командалар арасынан І орынды Маңғыстау облысының «Пирамида», ІІ орынды Батыс Қазақстан облысының «Батыс», ІІІ орынды Атырау облысының «Пирамида» командалары иеленді.
Білім беру ұйымдарында «Абай әлеміне саяхат» танымдық клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелерінің міндеті – Абайдың өлең-сөздерінен алынған 33 сөзді қазақ тілінде және Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасын дәріптеу мақсатында Елбасы ойларынан алынған қанатты сөздерін үш тілде, Абайдың 45 қара сөзін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жатқа білу. «Абай әлеміне саяхат» клубы әр тоқсан сайын оқушылар арасында жарыстар ұйымдастырып отырады.
Оқушыларға туған өлке тарихы, географиясы, әдебиеті, музыка өнері туралы кең түрде мәлімет беру мақсатында оқулықтар дайындау бойынша авторлық ұжым 2017 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады.
Авторлық ұжымның құрамында белгілі өлкетанушылар А.Еділхан, О.Көшбайұлы, А.Тулегалиев, Ж.Нұрмаханова, О.Табылдиева тарих ғылымдарының кандидаттары мен ардагер ұстаздар Р.Атақаева, Ж.Жеткізген, күйші, шежіреші А.Жаңбыршы, сазгер-педагог К.Ыбырайұлы, тарих пәнінің мұғалімі Б.Айманов пен география пәнінің мұғалімі Д.Бегейбай жұмыс жасауда. Оқулықтарды басып шығару және әзірлеу үшін «Жазушы» АҚ баспасы бекітіліп, оқулықтың жобасы сараптау комиссиясына жолданды. Өлкетану оқулығы 5 сыныпқа – 14227 дана, 6 сыныпқа – 12627дана, 7 сыныпқа – 12315данамен шығарылады деп жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысында 2010-2011 оқу жылынан бастап «mektep.edu.kz» жүйесі облыстың барлық мектептеріне енгізіліп, жұмыс жасай бастады. Жасақтаушы «Медиана-Сервис» ЖШС-і.
Бүгінгі таңда облыстағы барлық күндізгі 134 білім беру мектептері аталған жүйеге қосылған.
Жүйе интернет желісі арқылы іске қосылады және ара қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіншілігі бар.
Облыстың барлық мектептері электронды жүйеге қосылу үшін орталықтандырылған сервер арқылы жұмыс жасайды.
Мектептер аталған электронды журналды тегін пайдаланады, қосымша қаражат көзін қарастыруды талап етпейді.
Биылғы оқу жылында аталған күнделіктің ата-аналар және мұғалімдер үшін мобильді нұсқасы дайындалып, логин, парольдары таратылды. Ата-аналармен виртуалды байланыс күшейтілді.
Білім беру ұйымдарында басқару аппаратын даярлау және білім беру ұйымдары басшыларының менеджементін жетілдіру мақсатында облыс әкімінің тапсырысы бойынша Алматы Менеджемент Университетінің ұйымдастыруымен 50 басшы қызметкер 2 жылдық магистратурада, «Al-Farabi education» оқу орталығының ұйымдастыруымен «Білім саласындағы менеджемент» тақырыбындағы 1 жылдық курсқа аудан, қаладан 70 маман білім алуда.
Сонымен қатар облыс бойынша үздіктерді анықтау үшін 11 номинациядан тұратын білім беру қызметкерлеріне және ұйымдарына арналған облыс әкімінің жыл сайын тағайындалатын сыйлығына конкурс жарияланды.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Ақтау қала әкімдігі мен «Дара» жеке қоры арасында мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін анықтап, диагнозын белгілеп және оларды емдеу, оқыту және тәрбиелеуде жағдайларын жақсарту мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашуда Меморандум жасақталды. Меморандум негізінде Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.11.2017ж. № 265 қаулысымен Ақтау қаласының №8 жалпы білім беру орта мектебінің жанынан облыстық «Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Аталған мекеме мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға медициналық, арнайы білім, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Туризм орталығы
Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отанына, отбасына сүйіспеншілігін қалыптастыру, кәсіби еңбекке баулу және мазмұнды демалыстарын ұйымдастыра отырып, шығармашылығын арттыру, тарихи орындарға экскурсияларға шығару мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.07.2017ж. № 164 қаулысымен облыстық «Балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы» құрылды. Онда туризм – өлкетану, экология- билогиялық, техникалық шығармашылық үйірмелерге 1012 оқушы тартылып, жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
-
Үш тілде білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар
туралы айтсаңыз?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2017ж. №556 бұйрығы бойынша Маңғыстау облысындағы күндізгі жалпы білім беретін 134 мектептің 3 мектебі «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту, 1 мектеп 8 және 10-сыныптарға арналған ағылшын тіліндегі «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерінің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу, 23 мектеп «Биология», «Химия», «Физика» және «Информатика» пәндерін Ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізу эксперименті бойынша пилоттық мектептер қатарына енді.
Облыс бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің (физика, информатика, химия, биология) 1407 мұғалімінің 2016 жылы 12,3%-ы (174 мұғалім) курстан өтіп, А1, А2 деңгейлерін меңгерсе, 2017 жылы 55,9%-ы (787 мұғалім) курстан өтті. Олардың А2 деңгейін меңгергені – 10,8% (152 мұғалім), В1 деңгей – 40,5% (570 мұғалім), В2 деңгей – 4,6 % (65 мұғалім).
- Оқулық мәселесі де жыл артқан сайын бір жүйеге түсіп келе жатқан сыңайлы. Биыл оқулық жеткілікті болды ма?
Жаңа оқу жылына білім берудің жаңартылған бағдарламасы аясында 1, 2, 5, 7 сыныптардың оқулықтарын жаңартылған бағдарламаға сай жазылған оқулықтар беріледі. Бұл бағдарламада түбегейлі жаңартылған, жаңа технологиялар, жаңа талаптар, тиімді әдіс- тәсілдер ұсынылды. Жалпы оқулықпен қамтамасыз ету – 100%.
2, 5, 7 сыныптардың оқулықтарын алуға және қор жинау циклы бойынша басқа сыныптарға жетіспейтін оқулықтар мен оқу құралдарын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 063 995 мың теңге бөлінді. Сатып алынған оқулықтардың жалпы саны – 910 010 дана.
- Елбасы мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару керектігін айтқан еді. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Маңғыстау облысында 2010-2011 оқу жылынан бастап «mektep.edu.kz» жүйесі облыстың барлық мектептеріне енгізіліп, жұмыс жасай бастады. Бүгінгі таңда облыстағы барлық күндізгі 134 білім беру мектептері аталған жүйеге қосылған.
Жүйе интернет желісі арқылы іске қосылады және ара қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіншілігі бар.
Облыстың барлық мектептері электронды жүйеге қосылу үшін орталықтандырылған сервер арқылы жұмыс жасайды.
Мектептер аталған электронды журналды тегін пайдаланады.
Биылғы оқу жылында аталған күнделіктің ата-аналар және мұғалімдер үшін мобильді нұсқасы дайындалып, логин, парольдары таратылды. Ата-аналармен виртуалды байланыс күшейтілді.
- Мұғалім мамандығын алып, жұмыс таба алмай жүргендер бар. Жалпы мектептерде қандай пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар?
Білім беру саласында 17 мың астам педагог қызмет жасайды. Оның жоғары және бірінші санатты педагогтар – 6 мыңнан астам немесе (43%).
Облыс бойынша орыс тілімен оқитатын мектептерде математика және орыс тілі пәні мұғалімдердің жетіспеушілігі бар.
- Ұстаздарға көрсетілер құрметпен қатар қойылар талап та көп. Бүгінгінің мұғалімі қандай болуы керек?
ХХІ ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі технологиялық мәдениет дәуірі.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттерімізді ңасылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Сондықтан кез келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады.
- Ұстаздар педагогикалық тұрғыдан тәлім-тәрбиеде нақты қандай қағидаттарды ұстану керек?
Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай, бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол «өмір бойы білім алу».
қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Замануи ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол білген, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір тетігін жетік меңгерген, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерген ғана, бүгінгі қоғамымызды байытытын, дамытатын, жаңартатын мол мүмкіндік ашылатыны белгілі.
Тағы айта кететінім заман мұғалімі білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім мен тәрбие алып шығары анық. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысушылық қасиетімен, асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады.
