Диалогтық оқытуға жаңа көзқарас

ОҚО, Арыс қаласы «Арыс бастауыш мектебі» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Шарапат Туралиевна

Мұғаліммін, білім беру –міндетім,

Болсам деймін жерге –жауын, гүлге –Күн.

Бойымдағы бәрін берем барымның ,

Алсам болды шәкіртімнің құрметін

Бүгінгі таңда мемлекетімізге еркін сөйлейтін, мемлекеттің тарихы мен салтын білетін,саналы да білімді ұрпақ қажет болып тұр.Осындай тұлғаны тәрбиелеу біздің қолымызда.

Менің мақсатым біліктілікті арттыру мақсатында бағдарлама аясында жеті модульді түсіне отырып, оны сабақта қолдану болатын.Бағдарламаға енгізілген жаңа әдіс –тәсілдердің барлығы мұғалімнің өз тәжірибесінде жүйелі түрде ойлануы және сынып деңгейінде тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу талабының қойылуы болып табылады.Осы орайда сабақ жоспарын құруда ойлануыма тура келді.

Мерcер мен Литлтон (2007) өз еңбектерiнде диaлог caбaқтa оқушылaрдың қызығушылығын aрттыру мен қaтaр, олaрдың бiлiм деңгейiнiң өcуiне едәуiр үлеc қоcaтындығы туралы айтады. Ғалымдардың айтқанына сүйене отырып, сабаққа құлшынысын арттыру мақсатында диалогтік оқытуды ескере отырып,балаларға қоятын сауалдарды толық жауап беретіндей етіп құрдым.Диалог құруда қоятын сұрақтарымды алдын ала жақсылап дайындап алып, баланың ойымен санасуды жөн көрдім.Диалог дұрыс жолға қойылған жағдайда оқу үрдісі ынтымақтастықта дамиды.Диалог негізінде «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» қарым-қатынас пайда болады. Менің сабағымда диалогтік оқыту көбінесе сұрақ-жауап тәсілі арқылы жүзеге асты. Сұраққа жауап беруде уақыт бердім.

Ал бала қателескен жағдайда «дұрыс емес» деп сөкпей, «ойланып көрші, тағы да қалай айтуға болады, қосатындарың бар ма, кім көмектеседі?» деп оқушылардың ойлауына ықпал еттім. Оқушылармен сөйлесу мен тындау арасындағы байланыс нәтижеге жетелеп отырды.Әсіресе ол топтық жұмыста көрінді. Олар пікір алмасып, идеяларын ортаға салды,бір-біріне түсіндірді, жауаптарын дәлелдеуге тырысты.Бұрынғы сабақта оқушылар диалог құрғанда «ия» және «жоқ» деп дайын жауап бере салатын. Осыны қанағат етіп, олардың ойын әрі қарай өрбітуге назар аудармай келдім.Байқасам, осындай қысқа жауап оқушының сындарлы ойлау қабілетін өсірмей, білім алуына кедергі жасайды екен.Ал қазір оларға алға жетелейтін дұрыс сұрақтар қойылған соң жауабына «меніңше,өйткені, себебі, неге десеңіз» т.б. сөздері қосатын болды.

сабақ

Әдебиеттік оқу пәнінен Ш.Мұртазаның «Интернат қоймасы» тақырыбында ашық сабақ өттім. Алғашқы сабақтан бастап топпен жұмыс жүргізетін болғандықтан, топқа бірігуге үйреттім.

І-топ «Желтоқсаншылар»

ІІ-топ «Экспо»

ІІІ- топ «Тәуелсіздік»

Топқа біріккеннен кейін топ ережесін құрдық.

Ол -тәртіп, бірлік ,ұйымшылдық , әдептілік ,белсенділік ,мұқият тыңдау, сыйластық , ынтымақтастық сияқты ережелерді басшылыққа алды .Топ ережеге бағына отырып ,сабақты өз деңгейінде жақсы алып баратынына көзім жетті .

Мен оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып диалогтік оқытуды дұрыс жолға қоюға бағыттадым, өйткені диалогтік оқыту оқушылардың білім сапасын арттырады. Диалогтік оқыту оқушының оқушыға, мұғалімнің оқушыға сұрақтарды жүйелі түрде қою арқылы оқу материалын меңгеруге көмектесті.

Сабақта оқушының басқалармен қарым-қатынасқа түсудің маңызы зор.Өйткені ақпараттық технология заманында балалардың көбі басқалармен қарым-қатынасқа түспейді, өзіне қажет ақпаратты ғаламтордан алады. Сондықтан көбінесе оқушының сөйлеу тіліне назар аудардым.

Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушылардың психологиялық тұрғыдан,көңіл –күйін көтеру ,бойын сергіту мақсатында «Кезбе тілші» әдісімен аштым. Мұнда «тілші» өзін таныстырып,оқушылармен сұрақ –жауап жүргізді

Сабақта оқушының басқалармен қарым-қатынасқа түсудің маңызы зор.Өйткені ақпараттық технологиязаманында балалардың көбі басқалармен қарым-қатынасқа түспейді. Сондықтан көбінесе оқушының сөйлеу тіліне назар аудардым.

Білім алуда диалогтік әңгіме сабақтың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.

1.Әңгіме- дебат;

2.Топтық әңгіме;

3.Зерттеушілік әңгіме

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Кедей» тақырыбында «Академиялық дау-дамай» әдісі бойынша дебатқа түсті.

І-топ-«Қазір кедей адам жоқ»

ІІ-топ-«Қазіргі кезде кедей адамдар бар»

ІІІ-топ-«Кедей болмас үшін не істеу керек?»

Әр топ нақты дәлелдер келтіре отырып,өз ұстанымдарын жақтап шықты.

Жаңа мәтінді ЖИГСО әдісі бойынша мағынасын аштық.

Бұл әдістің тиімділігі мынада :оқушылардың барлығы қалыс қалмай , мазмұнын игеріп, айтқандарын зер салып тыңдап бір –бірін түзетіп ,жауап беруге ықыласын білдіріп жатты.Ендігі сабақтарда осы әдісті жиі қолданамын деген ойдамын . Бұл әдістің ерекшелігі мүғалімнің араласуынсыз өзара әңгімелесе отырып , өздері әрі балаға мәтін мазмұнын қарапайым тілмен толық жеткізіп ,ойлау және есте сақтау қабілетіне көп әсер етеді , әрі мұнда бірін –бірі тыңдамайды деген болмайды .

Дәстүрлі сабақтарда оқушыларға тақырып меңгерту үшін тізбектеп ,іштей , дауыстатып оқытып , кестемен жұмыс жасап , мысалдармен түсіндіріп кететінмін .Жаңа тақырып бойынша , жалпы алғанда сабақ барысында өзім көп сөйлейтінмін . Сонда оқушылардың барлығы түсінбей қалғандарын сұрап жататын . Дәстүрлі сабақтарда үй тапсырмасын сұрағанда ,уақытты тиімді пайдалана алмай , оқушыларда бірінің айқанын бірі қайталап тыңдаудан жалығатынын енді түсіндім. Оған себеп жаңа оқу бағдарламасы . Жаңа әдістерді қолдана отырып , оқушылардың өздеріне топ болып әр топқа тақырып бойынша ресурстар таратылады .

Сонымен қатар оқушылар топтық тапсырмалар орындады.Мәселен, мәтін кейіпкерлерін «Ассоциация» әдісі бойынша зерттеп,сипатады.

Мәтіннің мазмұнын «Сот отырысы» әдісі бойынша сахналады.

Мұнда оқушыларым рөлдерге бөліне отырып,Серікті жазалау керек пе,жоқ па деген мәселені қарастырды

Серіктің қорғаушысы оның кінәлі емес екенін дәлелдеп,сот өз үкімін шығарды.

Өз ойларын диолог арқылы дәделдей алды.

Топқа берілген тапсырманы өзара талқылау жасап, ортақ шешім шығара білді. Топтық әңгімеге белсенділігі төмен балалар да басқалармен сұхбаттасу арқылы қатысып отырды. Зерттеушілік әңгіме де топтық жұмыста іске асты.

Дәстүрлі сабақты өткізгенде оқушылар екі –екіден бір партада отырып,білімді меңгеретін еді .Осы орайда қарап,оқушылардың сыныпта тыныштық сақтауын,бір –бірімен орынсыз сөйлеспеуін,артына бұрылып қарамауын,еріксіз қозғалмауын қадағалайтынмын.Оның нәтижесінде оқушылар өз –өзінен дараланып,сыныпта үлгерімі төмен ,орташа оқушылар сабақта жауап беруге жасқанып,үндемей отыра беретін .Ал енді жұптасып, топтасып отыру кезінде сыныптағы атмосфера басқаша болды.Балалар бір –біріне күлімсіреп қарап ,сабаққа көзқарастарын өзгертіп,еркін отырды .Сол себебті оқушыларды топқа біріктіріп алу керек сияқты.Оқушы бір –бірімен бетпе –бет отырғанда ғана бір –бірімен жақын байланыста болады тіпті бір бірінің пікірін тыңдап ,ережеге бағыны отырып,ыммен сөйлесіп отыратын болды . Дәстүрлі сабақ барысында оқушылардың әрқайсысы өздігінен тапсырма орындайтын болса ,топ арасында бірлесіп ,қауымдасып жұмыс жүргізеді .Осы орайда сабаққа мүлдем қатыспайтын оқушы болмайтыны анық. Оқушылар топ болып ,мәтінмен таныса бастады .Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырылып ,әр топ жауап беруге тырысып жатты.Менің байқағаным: Выготскийдің жақын арада даму аймағын басшылыққа ала отырып, оқушылардың өзара жұптасып әңгімелесуде олардың арасында жақсы қарым –қатынас орнағандай болды .Сабақ барысында бір –біріне сұрақтар қою арқылы ойын жинақтауға ,сөйлеу әрекетіне жағдай жасадым .Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ,тапсырмаларды қызықты әрі тиімді өткізуге ұйғардым .Тапсырмаларды төрт топ жарыса орындай отырып,бір –біріне жақсы жауап айтуға машықтанды .Топпен ,жұппен жұмыс жасау кезінде бірінші ,екінші сабақтарда өз ойын ашық айта алмаған оқушыларда болды.Олар үшінші ,төртінші сабақтарда төселіп,қызығушылықпен жауап беруге тырысты .Топпен жұмыс барысында балалардың сабаққа деген көзқарастары біртіндеп өзгеріп ,әңгімелесу кезінде бір –біріне деген қарым –қатынасы кеңейді;өз –өздеріне сенімді болады;басқаларды қолдап, белсенділік танытады ;қасындағы балаларды бақылай отырып ,топтың басқа да мүшелеріне қарым –қатынас барысында ықылас танытады .Сөйтіп топтың қарқыны біртіндеп өзгеріп қажеттіліктеріне қарай сабақты жақсы алып баруға дайын болатынына көз жеткіздім.Мен бұрынғы өткізіп жүрген сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің кейбір элементтерін қолданатынмын ,ал енді сабақтарымда оданда басқа әдістерді :АКТ –ны ,білім алудағы жаңа әдіс тәсілдерді ,оқыту үшін бағалауды ,дарынды балаларды оқытуды , оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды, оқыту барысындағы көшбасшылықты пайдалануға тырысамын деген ойдамын.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан шығудың бірден – бір жолы оқу – тәрбие процесінде жаңа технолгиялардың әдіс – тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.

.Бағалау әдісінде балалар өздері бір –бірін топ болып бағалап ,өз пікірлерін ортаға салды .Топ болып бірін –бірі «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы жақсы екі сәтті, бір сәтсіз жерлерін жазуға да парақшалар дайындап, төрт топқа бердім. Әр топ басшысы өзінің достарымен ақылдаса отырып ,ойларын жинақтап, бақылағандарын қағазға түсіріп айтып жатты .Олар топтың жақсы жақтарын көруге ұмтылғанын ,топтық жұмыстың белсенділікке жетелейтінін көрсетті .Критериймен бағалағанның өзінде барлық бала ,яғни жиырма баланың тоғызы «4» деген ,алтауы «5» деген , ал қалған сегізі «3» деген баға алды .Осы жерде балаларға кері байланыс орнаттым. Оқушылардың бәріне сабақ ұнап ,соның ішінде постерді қорғау мен бағалау кезінде болды, әрі кейбір оқушылар сабақта ойын элементтерін қолданып ,қызықты өткізуге болатынын жазып , лебіздерін білдірді..Кері байланыс арқылы балалар сабаққа деген жеке ойларын, көңілінен шыққан пікірлерін тыңдауға болады .

Мұғаліммін, білім беру –міндетім,

Болсам деймін жерге –жауын, гүлге –Күн.

Бойымдағы бәрін берем барымның ,

Алсам болды шәкіртімнің құрметін

Осы қасиетті де қастерлі ұғымдарды оқушылар бойына сіңіріп , бойымдағы бүршік атқан гүлдің иісін сезіндіріп, жүрегімдегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп , санамда жағалай аққан «білім» атты жырдың жүйесін түсіндіріп , сол арқылы іші нұр мен шуаққа толы «мектеп» атты кемеге мініп «білім» атты теңізбен жүзіп ,болашақ атты тұғырға шәкірттерімді қондыру –менің мәңгілік мақсатым. Тоқсан ауыз сөздің , тобықтай түйінін айта келе мен өз тәжірибемде өзімнің де, оқушылардың да көзқарастары жақсы жағына қарай өзгерді деп есептеймін .Заман талабына сай оқу үдерісін ақпараттандыру технологиямен жүргізіп , жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр . Осы орайда Елбасымыз Н .Ә . Назарбаев : «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін , ұзтаздар , сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар .Олар заман талабына сай тәрбиеленуі керек» деген болатын .

Қытай даналығына сүйенсек «Ауызша айтылғанды ұмытамын ,көрсетсең ,мүмкін есімде сақтармын , қатысушы болсам ,мен түсінемін» . Міне, сабақ барысында орнайтын диологтік оқытудың маңыздылығын осыдан көреміз .Яғни оқушы қатысушы болса ,көп нәрсе үйреніп түсінеді. Өйткені оқушының қызығушылығын арттырып ,білім алуға деген ынтасын күшейтеді .

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше