Дәмді әрі пайдалы. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Жамалхан Ақмарал

Тақырып:Дәмді әрі пайдалы Мектеп: Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп

Пәні: дүниетану

Күні: 15.04.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Жамалхан Ақмарал
СЫНЫП: 1 «З» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары:

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар:
  • дұрыс тамақтану туралы біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
  • дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;
Кейбір оқушылар:
  • Пайдалы және зиян тағамдарды ажыратады;
Бағалау критерийлері:
  • Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі.
  • Пайдалы және зиян тағамдарды ажыратады.
  • Жаңғақтың түрлерімен танысады
  • Дұрыс тамақтану ережесін құрастырады.
Тілдік мақсаттар/ зерттеу дағдылары

  • Тыңдалым/ есептерді түсіну. Құрастыру, шешім қабылдау, бақылау, зерттеу
  • Айтылым
  • Жазылым
  • Оқылым
Мәтінді түсініп тыңдайды.
Қойылған сұраққа нақты, толық жауап береді.
Өз ойын білдіріп, көмек ретінде хат жазады.

Жазған хатын оқиды.

Құндылықтарды дарыту (Мәңгілік ел)
  • Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыс
  • Математика, көркем еңбек.
Алдыңғы білім

(осы тақырып бойынша оқушылар нені біледі?)

  • Дұрыс тамақтану адам өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екенін, дұрыс тамақтану ережесін құрастыруды біледі.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

(Сыныпты қадағалау)

  • Оқу бөлмесінің оқушы өміріне қауіпсіз екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың барысы
Уақыт

(минут, секунд)

)

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Оқушыдағы ойлау дағдылары Қалыптастырушы бағалау Ресурстар
4 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөліну. Тақта жемістердің суреттері ілініп тұрады, сол бойынша 4 топқа бөлінеді. Сабақтың мақсаты айтылады.

Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушылар ұнаған жемісіне қарай топқа бөлінеді. Ойлайды, таңдайды, бөлінеді Ізет білдіру Жемістерлің суреттері
4 мин. Жедел хат.

Мұғалім «Русланның хатын» оқиды. Осы мәтінге байланысты сұрақ қойылады.

«Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауыралы. Анам мұның себебі дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет»

Русланның хаты не жайлы?

Русланға қандай кеңес айтар едіңдер?

Русланға қалай көмектесуге болады?

Дұрыс тамақтану ережесі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінді тыңдайды. Қойылған сұраққа жауап береді. Түсінеді, сыни тұрғыдан ойлайды Ізет білдіру Хат қалташа
6 мин 30 сек Топтық тапсырма. Русланға көмектес.Оқушылардың алдына себет, пайдалы және зиян тағамдардың макеті, муляждары жатады. Оқушылар Русланға қажетті заттарды себетке салулары керек. Русланға қажетті пайдалы тағамдарды салады. Әр топтан бір оқушы қорғайды. Пайдалы және зиян тағамдарды ажыратады. Сыни тұрғыдан ойлайды, біледі, түсінеді, қолданады. «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалау Жеміс жидектің макеттері, сүт өнімдерінің муляждары, себет.
3 мин Сен білесің бе?

Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз.

Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы. Слайдта көрсетілген жаңғақтың бірнеше түрі оқушыларға ұсынылады. Жаңғақтың түрілерімен және атауымен танысып ажыратады.

Жаңғақ туралы қызықты ақпаратты тыңдайды. Жаңғақ түрлерімен танысады.Өздері білетін пайдалы дәрумендермен бөліседі. Түсінеді, біледі, ажыратады. Ізет білдіру Слайд
3 мин Слайд

Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында слайд көрсетіледі.

Әр ұлттың ұлттық тағамдарымен танысады.

Слайдты көру барысында оқушылар әр ұлт өкілдерімен және әр ұлттың ұлттық тағамдарымен танысады. Біледі, түсінеді Ізет білдіру АКТ-ны қолдану
1 мин 30 сек Сергіту сәті Әрекетті қарап жасайды Ізет білдіру АКТ-ны қолдану
8 мин Топтық тапсырма. Сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріледі. Олар тапсырмаларды

постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырады. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасайды.

Сағаттың циферблатына «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады.Дұрыс тамақтану ережесін құрастырады. Ойлайды, түсінеді, біледі, қолданады «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалау А 3 форматтағы қағаз. Қима суреттер, клей, сағат
5 мин Дәптермен жұмыс.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар Русланға хат жазады. Әр топтан бір оқушы жазған хаттын оқып береді.

Русланға арнап хат жазады. Әр топтан бір оқушы өз хатын оқып береді. Терең ойлайды «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалау Дәптер
5 мин Қорытынды. Бағалау.

Алма ағашы

Оқушылардың алдына жасыл, сары, қызыл алма беріледі. Жасыл алма – түсіндім, сары алма – жартылай түсінбедім, қызыл алма – түсінбедім. Таңдаған алманы аты – жөнін жазып алма ағашына іледі.

Оқушылар тақырыпты меңгергеніне байланысты алманы таңдайды да алма ағашына іледі. Ойлайды Ізет білдіру Алма ағашының суреті. Алмалардың суреті
Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше