Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара». Ауыл тұрмыс ы, балалар өмірі
Тізбектелген сабақтар топтамасының бесінші сабағы.
Мектеп: Қарағанды қаласы, «Жалпы білім беретін № 65 орта мектебі» КММ
Мұғалімі: Толендина Индира Бауржановна
Сыныбы: 6 «А» Пәні: Қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара». Ауыл тұрмысы, балалар өмірі.
Мақсаты: С.Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығының қыр-сыры туралы мәлімет бере отырып, қаламгер көтерген мәселенің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; сыни тұрғыдан ойлауына жағдай туғызу.
Міндеттері: -Шығарма мазмұнының идеясын толық аша отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту;
-тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
-оқушыларды зерттеушілік ізденіске баулу;
-көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру;
-көшбасшылыққа жетелеу.
Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».
Қолданылған стратегиялар: «Топтастыру», «5 жолды өлең», «Көпір сұрағы» әдісі, «Ментальды карта», Сатылай кешенді талдау, жеке, жұппен, топпен жұмыс, «Стикермен диалог», «INSERT» әдісі, бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, рефлексия.
Ресурстар: 6 сынып оқулығы, сыныптың «Алтын ережесі», Интербелсенді тақта, таратпа материалдары, бағалау парақтары, смайликтер, стикерлер.
| Сабақ кезеңі | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
| І.Кіріспе.
6 минут |
Сабақты қалай бастаймын?
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал туғызу. |
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Олай болса, сабақты бастамас бұрын «Алтын ережені» еске түсіріп жіберейікші… Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, «Ыстық алақан» атты тренинг өткізу. Қазір көңіл-күйлерің қандай болды? |
Балалар кезектесіп «Алтын ереженің» бөлімдерін айтып шығады.
Шеңбер бойына алақандарын тигізіп тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Көңіл-күйлерін бас бармақтары арқылы білдіреді. |
Жарайсыңдар, балалар! | «Алтын ереже»; | ||
| Топқа бөлу. | Жеміс-жидектерді таңдай отырып топқа бөлу.
Жеміс-жидектер бойынша мінездеме беру. Бағалау парақшалары таратылады. |
Топтағы оқушылар 10 ұпайлық жүйе бойынша бірін-бірі бағалап отырады.
-10 ұпай – өте жақсы; 5-7 ұпай – жақсы; 2-4 ұпай – қанағат.; 0-1 ұпай – нашар. |
Интербелсенді тақта,
жеміс-жидектердің суреттері |
||||
| ІІ. Тұсаукесер
9 минут |
Білу.
«Топтастыру», «5 жолды өлең» әдісіарқылыүйтапсырмасынбекіту. |
– Балалар, үйге қандай тапсырма берілген еді?
Назарымызды тақтаға аударайық… (Берілген батыр тұлғасын топтастыру арқылы ашу). Оқушылардың жауап берулері бойынша смайликтер таратылып, тиісінше бағаланды. |
– Батыр тұлғасын көз алдына елестете отырып, Б.Момышұлының нақыл сөздерін тауып келу.
|
Смайликтер арқылы бағалау. | Интербелсенді
Тақта. Бағалау парақтары. |
||
| «Көпір сұрағы» әдісі. | – Біз сендермен ержүрек жауынгер жазушы Б.Момышұлы туралы көптеген мәлімет алған болсақ, бүгінгі сабағымызда да Ұлы Отан соғысына қатысқан қаламгер өмірімен және шығармашылығымен танысамыз.
Тақтаға назар аударайық… (Сансызбай Сарғасқаев (1923-1925). Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай болмақ? |
Қазақ совет жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. | Жарайсыңдар, балалар! | Интерактивті тақта. | |||
| Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсат-міндеттерін ашып алу, дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу. | Мақсатын анықтайды, дәптермен жұмыс жасайды. | Оқулық, жұмыс дәптері. | |||||
| ІІІ.Негізгі бөлім
20 минут |
Түсіну. | Интербелсенді тақтада қаламгер туралы мәлімет беріледі. Оқушылар оқи отырып талдайды.
– Балалар, С.Сансызбаев, тақтадан көріп отырғандарыңдай, 1923-1925 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ совет жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері екен. Қаламгер өмірі туралы басқа да қандай деректер берілгеніне тоқталып көрейік… – Автордың қай шығармасы болмасын достық, жолдастық, мектеп жасындағы балалардың арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Сондай шығармаларының бірі – «Тәмпіш қара» повесті. (Тақтадағы повестің бөлімдеріне назар аударту). Үш топ повестен үзінді таңдап алады, талдау тапсырмалары беріледі. 1. Тақырып қою. 2. Жоспар құру. 3. Сұрақ-жауап. Үш сұрақ. «Бақылаушы» топ мүшелерінің жұмыстарын бақылайды. «Таймкипер» уақытты қадағалайды. |
Оқушылар тақтадағы тірек сөздерді қолдана отырып, автор шығармашылығы туралы пікір алмасады. (Әр топ кезектесіп мәлімет оқиды).
Әр топ басшысы өзіне тиселі үзінділерді таңдап алады. Қысқаша мазмұнын айтады. «Бақылаушының» түйінді ойлары. |
Жарайсыңдар, балалар! | Интербелсенді тақта. | ||
| Қолдану. Жоспар құру, сұрақ-жауап | Смайлик арқылы бағалау. | Плакаттар. | |||||
| «Ментальды карта» | Бас кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік. | Топтастыру жұмысы | Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. | Интербелсенді тақта. | |||
| Сергіту сәті. | Орындарынан тұрып, слайдта көрсетілген аңдардың қимылын салу. | Оқушыларорындарынатұрып, түрліәрекеттержасауарқылыбойларынжазады. | Жақсы, балалар! | ||||
| Сатылайкешендіталдау. Жеке жұмыс. | Шығарманыәдебиеттеориясынегізіненталдаубойыншасатылаукешендіталдаупарақшаларытаратылыпберіледі. | Оқушыларалдарынатаратылғантаратпаматериалдарбойыншажекежұмысжасайды.
Авторы: Жанры: Тақырыбы: Идеясы: Тәрбиеліктүйіні: |
Бірін-бірі бағалау
– А В С |
Таратпа материалы | |||
| ІҮ.Қорытынды
6 минут. |
Жинақтау.
Рефлексия. «INSERT» әдісі. Сабақ соңы – «Стикермен диалог». |
|
Әр оқушы жекелей жұмыс жасайды. Топтан бір оқушы толтырған кестесін оқиды.
Стикерлерге сабақ бойынша пікірлерін жазып, «Менің көңіл-күйім» плакатына іледі. |
«Менің көңіл-күйім». | |||
| Бағалау. | 1. Топтықбағалаупарағы.
2. Мадақтау. 3. Смайликарқылыбағалау. 4. Өзін-өзібағалау (Топтың өздерін бағалауы). |
Бағалаупарағынтолтырады, бір-бірінқолпаштайды. | |||||
| Үйге тапсырма. | Мәлімет жинау, «Достық» тақырыбына ойтолғау. |
