Түнгі сәуле. Әдебиеттік оқу

ОҚО Арыс қаласы «Арыс бастауыш мектебі» КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Алтынай Лесбаевна

Сабақ Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Түнгі сәуле
Күні: 10.04.2017 ж Мұғалімі: А.Мухаева
Сыныбы: 4 «Б» сынып Қатысқаны: Қатыспағаны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Мәтіннің мазмұнын түсінеді, әңгімедегі негізгі ойды ашады, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді.
Сабақтың критерийлері Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Басым бөлігі:

Мәтіндегі негізгі ойды ашады, әңгімелейді.

Кейбір оқушылар:

Кейіпкерлерді сипаттайды, іс-әрекеттеріне баға береді.

Мәтінді өз бетінше аяқтай алады.

Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер.

Оқушылар сұрақ қоя алады, жауап бере алады, ойларын нақты жазады.

Тақылауға арналған сұрақтар:

Мәтіндегі түнгі сәулені, кейіпкерлерді сипаттай алады, мәтінді өз бетінше аяқтай алады.

Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?

Егер Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар деп ойлайсың?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөздіктердің мағынасын дұрыс түсініп, жаза білу.

Дананың кілттері

І топ ІІ топ ІІІ топ
Ата – анасының қобалжуы Бауыржанның қорқуы Балалардың адасқан машинаға көмектесуі
Алдыңғы тақырып Арыстан мен тышқан мысалы Бағалау Ресурстар
Жоспарланған уақыт 45 минут Жоспарланған жаттығулар
Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

Басталу 10 минут

Қызығушылықтарын ояту

Шаттық шеңберін құрып бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

«Күн», «Түн», «Сәуле» суреттері бойынша шағын топқа бөлінеді.

«Тастау», «таңдау» әдісі арқылы әр оқушы үйге берілген тапсырмадан бір сұрақтан жазып, бір – біріне әуелетіп тастайды

Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта отырып, «Пасьянс» әдісі арқылы жаңа материалды игеруге дайындық жасау

«Бас бармақ» арқылы бағалау Қиынды қағаздар

Стикер, маркер

Ортасы 25 минут Жаңа сабақ: С.Жүнісов «Түнгі сәуле»

Мәтінді оқулық бойынша оқыту.

«Кино лента» әдісі арқылы кері байланыс жасап, оқушылардың сабақтан нені білгісі келетінін анықтап аламын.

«Дананың кілттері» әдісі арқылы мәтінді топта талдап, постер құру.

«Кеме» әдісі арқылы бағалау (өзара топтық бағалау) Лента қағазы

Флепчарт, маркер, стикер

Дескриптор 1.Мәтінді түсіне алады, түсіндіре алады.

2.Бауыржанның қараңғыда жалғыз қалған сәтін, қатты қорыққан тұсты суреттеп береді.

3.Кейіпкерлерге сипаттама бере алады.

4.Мәтінді өз бетінше аяқтай алады.

Аяқталуы 10 минут «Уақыт сызбасы» әдісі арқылы әр топқа тапсырма беріледі.

І топ – әр азат жолдан сөз тіркесін дайындайды.

ІІ топ – сөз тіркестері пайдаланып, сөйлем құрап түсіндіреді.

ІІІ топ – мәтін бойынша ұнаған жақтарын суреттейді.

«Кеме» әдісі Флепчарт, маркер, стикер
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсету қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз. Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше