Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы

Қособа орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің математика пәнінің мұғалімі

Губашева Алия Темирхановна

Сабақтың тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңбердің теңдеуін жаза білуге, ол арқылы радиусын, центрін таба білуге үйрету

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, іскерлікке, мейірімділікке баулу, өзін-өзі бақылау дағдыларын нығайту

Көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, фишкалар, көмбе сыйы, тапсырмалар

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

а) «Білімімізді нақтылайық!» ә) сөзжұмбақ шешу

3.Жаңа сабақ

4.Жаңа сабақты бекіту

А)оқулықпен жұмыс ә)сәйкестік тесті б)тест тапсырмалары («Бәйге»)

5.Үйге тапсырма

6.Қорытынды

Сабақтың барысы:

1.а)Жақсы психологиялық ахуал туғызу ә)сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау

2.а)Үйге берілген есептерді топ басшылары күні бұрын тексереді, бағалау парағына түсіруі

«Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле»

Ж.Баласағұн

«Білімімізді нақтылайық!»

I.А(-1:-2), В(-4;2) нүктелерінің ара қашықтығын табыңдар

15 12 19

II.А(2;2), В(-1;2) С(-1:2) нүктелері төбелері болып табылатын үшбұрыштың периметрін табыңдар

29 5 3

III.Төбелері А(-4;2), В(-3;7) С(2;8) Д(1;3) нүктелері болып табылатын төртбұрыштың түрын анықтаңдар

Квадрат Ромб Трапеция

«Білгенге маржан» (сөзжұмбақ шешу)

1.Координаталық жазықтың ¼ бөлігі

2.Ең үлкен хорда

3.Айнымалысы бар теңдік

4.х осінің аталуы

5.Тікбұрышты координаталар жуықтығын енгізген ғалым

6.Шеңбердің 2 нүктесін қосатын кесінді

Балдырғандар тілімен

(Жұмбақ)

Сөзжұмбақ және балдырған тілімен жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.

Бұрышы жоқ фигура (фигура)

Ал, шеңбер деп қандай фигураны айтамыз?Жазықтықта берілген нүктеден берілген қашықтықта орналасқан нүктелер жиынынан тұратын фигура шеңбер деп аталады.

Егер қисықтың барлық нүктелерінің координаталары қандай да бір теңдеуді қанағаттандырса, онда ол қисықтың теңдеуі деп аталады.Теориялық білім электронды оқулық арқылы баяндалады.

Жалпы түрі F(х;у)=0 мұндағы F шамасы, х пен у арасында орындалуы тиіс амалды көрсетеді.

Жұптық жұмыс центрі

1)Координаталар басымен беттесетін осінде

2)Абсцисса осінде

3)Ординаталар осінде жататын шеңбердін теңдеуін құрып көріңіздер

Бекіту:

Конфуцийдің сөзі. Оқулық бойынша №213, 214, 219 шығару

Математика тілі-формула тілі

(Сәйкестік тесті)

Жауабы:1

1 2 3 4 5 6

Д Е К А Р Т

Оқушыларға күні бұрын өздеріне ұнайтын төрт түлік малдың бірі жылқының суретін салып келу тапсырылады.Күй ойнатылып ат жарыс «Бәйге» ойнатылады

«Бәйге»

Қос жүйріктей дөңгеле,

Үзіп от бәйге көрмесін

Бірінші жетсін көмбеге,

Екінші өзің көмбесің

Тапсырмалар:

I. Центрі (-1:2) радиусы 12 болатын шеңбердің теңдеуін жазыңдар

II.(х+1)2+у2=25 теңдеуімен берілген шеңбердін радиусы неге тең?

III.Шеңбердін радиусын және центрінің координаталарын табыңдар

IV.(х-2)2+(у+2)2 =9 Мына нүктелердің қайсысы х2+у2=4 теңдеуімен анықталатын шеңберде жатады?

А(2;1) В(-1;1) С(0;3) Д

V.Центрі координаталар басында болатын шеңбердің теңдеуі.

Өте жақсы білімді меңгерген оқушыларға сый-сияпат беріледі.Мектепте жүргізіліп жатқан мейірімділік айына байланысты қорғаншылықтағы балаларға сыйлықтар ұсынылады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше