Коучинг. Тақырыбы: «Мұғалімдердің сабақта жоғар ы деңгейдегі сұрақтарды қоюдағы қиындықтары»

Мектеп ұжымы тарапынан қолдау көріп, өз ісімді бастауыма мүмкіндік алғаннан кейін мұғалімдердің қызығушылығын арттыру үшін ынтымақтастық сабағын өткіземін. Ынтымақтастық сабағында коучинг сессияның мақсаттары мен міндеттерін сол жерде түсіндіріп өттім.

Осы коучинг барысында мынадай үдерістер жүреді деп жоспарлаған едім, сол жоспарымды жүзеге асыру үшін мына сұрақтарды басшылыққа алдым.

1.Мұғалімдер тәжірибе алмасу кезеңінде өзінің білім деңгейін көтереді. 2.Мұғалімдердің іскерлігі, тәжірибелігі, білімділігінің сапасы арқылы оқушылардың білім деңгейін жақсартады.

3.Бағдарламаның идеяларын меңгере жүріп, іс-тәжірибеге асыруы сыныптың, мектептің дамуына үлес қосады.

4. Құзырлы оқушы дайындау үшін мұғалім өзін-өзі реттеп, көшбасшылыққа ұмтылады.

Ұстаздарды «Себетпен конфет әкелу» әдісі арқылы 3 топқа топқа бөлдім. Коучинг басында психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында, «Австралия жаңбыры» тренингін жүргіздім.

Мектептегі оқушыларды оқытуда қандай кедергілер кездеседі және оны жоюдың жолдарын қалай шешіп жүргендігі туралы әріптестеріммен сұхбаттастым. Сұхбат барысында оқушылардың пәнге деген ықыласын қалай арттыруға болады, оқушыны тереңнен ойлануға қандай жолдар арқылы жеткізуге болады деген сұрақтар әріптестерімді көп ойландыратындығын анықтадым. Осы мәселелерді шешу үшін «Мұғалімдердің сабақта жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюдағы қиындықтары» тақырыбында коучинг таңдадым. Коучинг жұмысы мына сұрақтар төңірегінде өрбіді.

Сұрақтар:

1. Жоғары деңгейдегі сұрақтар дегеніміз не?

2. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды сабақ үрдісінде қолданасыз ба?

3. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды кімдерге қоясыз?

4. Жоғары деңгейдегі сұрақтардың қарапайым сұрақтардан айырмашылығы неде?

5. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?

6. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды проблемелалық сұрақтар деп айтуға болады ма?

7. Жоғары деңгейдегі сұрақтарға қандай сұрақтар кіреді деп ойлайсыз?

Талдау жүргізу

Коучинг барысында іс-әрекетім жүйелі жүру үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

1.Мұғалімдердің ынтасын арттыру жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау және оны шешу жолдарын табу.

2.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы көшбасшылар шығарып, өз іс-әрекеттерін сын тұрғысынан ойлауға дейін жеткізу.

Мақсатыма жету үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өзіме нәтижеге жетуді міндет етіп алдым.

Слайд көрсету арқылы мұғалімдерді ойланту үшін Блум таксономиясының кезеңдеріне бірнеше мысал беремін. Ол мысалдарды алты кезеңге бөлу керек болатын. Бұл тапсырмада мұғалімдерде кішкене түсінбеушілік туындауы мүмкін, Бенжамен Блум жайында және Блум таксономиясын қайта түсіндіріп өткесін, үш топ постер қорғауға қызу кірісіп кетті.

Постер қорғауда бірінші, екінші, үшінші топтан көшбасшы шығып, тапсырманы Блум таксономиясына салып берді. 3 топқа постер қорғау ұсынылды. І топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтардың қарапайым сұрақтардан айырмашылығы неде?», ІІ топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?», ІІІ топ: «Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қандай тапсырмалар беру арқылы қоясыз?» деген тақырыптарда топтық жұмыс қорғады. Топтық жұмыс барысында әр топта жүйелі жұмыс болды, топ мүшелері барлығы бірдей белсене қатынасты, топтардың ұйымшылдығы көрінді.

Әр топ бір-біріне сағат тілі бағыты бойынша «Сэндвич» әдісі арқылы кері байланыс берді.

Топтардың жұмысы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағаланды.

Кері байланыс парағында мұғалімдер жаңа технологияға қызығушылықтарының артқанын және сабаққа қолдануға тиімді екендігін жазды.

Коуч сессия өте қызықты және сәтті өтеді деп ойлаймын. Өйткені, әр топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Орындалып жатқан тапсырмалардан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді екенін және оны болашақта өз сабақтарында іске асыратындарына сенімді болды деген ойдамын. Коучингке қатысқан мұғалімдер арасынан үлкен қызығушылық танытқан әріптестер өздерінің сұрақтарын қойып, қызығушылықтарын танытып, оң бағаларын берді.

Коучинг жоспары

Уақыты 10.11.2017ж.
Тақырыбы «Мұғалімдердің сабақта жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюдағы қиындықтары»
Жалпы мақсаттары Мұғалімдердің оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау әдістемесін меңгерту.
Оқыту нәтижесі Мұғалімдер мына әдістерді меңгеруі тиіс:

  • Жоғары деңгейдегі сұрақтарды бағалау туралы түсінік қалыптасады;
  • Жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюдың қиындықтарын меңгереді;
  • Ашық сұрақ пен жабық сұрақтың арасын ажырата біледі.
Негізгі идеялар
  • Жоғары деңгейдегі сұрақтармен бірлесе зерттеу аталған үдеріске қатысқан мұғалімдердің түсінігін жетілдіреді.
  • Жоғары сұрақтарды қоюдағы зерттеу мұғалімдерді үйретуге арналған құрал ретінде қолданылуы мүмкін.
Қолданылатын материалдар А4 формат, бағдаршам түстері, маркер.
Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Бағалау
3 мин. «Австралия жаңбыры» тренингін ұйымдастыру. Қолмен, аяқпен, саусақпен қимыл қозғалыс жасайды. Бармақпен бағалау.
2 мин. Топқа бөлу. «Әр қатысушыларды себетпен конфет әкелу тәсілі бойынша 3 топқа бөлу»
7 мин. «Миға шабуыл» сұрақтар қою.

1. Жоғары деңгейдегі сұрақтар дегеніміз не?

2. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды сабақ үрдісінде қолданасыз ба?

3. Жоғары деңгейдегі сұрақтарды кімдерге қоясыз?

Жауап береді.
10 мин. Тақырып бойынша слайдпен таныстыру. Тыңдайды, пікір айтады.
20 мин. 3 топқа тапсырма беру. Постер қорғау

1-топ: Жоғары дәрежелі сұрақтарды сабақта қолданасыз ба?

2-топ: Жоғары деңгейдегі сұрақтарды кімдерге қоясыз?

3-топ: Жоғары деңгейдегі сұрақтарды проблемалық сұрақтар деп айтуға бола ма?

Постер қорғайды. Топтық жұмыс жасайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
3 мин. Кері байланыс Ұнаған жағын айтады, сосын ұсыныс берді. «Сэндвич» әдісі

«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Доскалиева Гаухар Сериковна

САБАҚ:

Төрт түлік

Мектеп: ЖББ Қособа орта мектеп-балабақша кешені
Күні:06.11.2017ж. Мұғалімнің есімі:Доскалиева Гаухар Сериковна
СЫНЫП: 5 Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.Т/А6.коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.Ж2.жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік хат, жарнама, хабарландыру.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып №1 Бақылау жұмысы
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы 5 минут Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут

І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой – төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен – тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне – көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы – төрт түліктің бірі. Саусаң – қымызы сусын, мінсең – көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.

Төрт түлікті қалай шақырамыз? Бұлар қандай сөздер?

Қырау-қырау – қойды;

Көс-көс – түйені;

Аухау-айхау, әукім-әукім – сиырды;

Шөк-шөк – ешкіні;

Осыдан оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?

Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға “айдар көбейсін” дейді, ал малшыға “бағар көбейсін” дейді
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
* Мал сүйегін пешке салма.
* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе
Малды теппе
* Малға теріс мінбе
* Малдың басынан ұрма
Мақал – мәтел мәйегі:
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
2. Малды баға биі, бабын таба біл

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Сергіту сәті

2 минут

«Мен аңға шыққанда…» тренинг Қимыл қозғалыс жаттығуы
Аяқталуы 20 минут Талдау 10 минут Постер қорғау.

Әр топ өздерінің топтарын жарнамалайды.

І топ: «Жылқы»; ІІ топ: «Сиыр»; ІІІ топ: «Қой»

Жұмбақтар жасырайық.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2. Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең – қанат.
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Рефлексия 3 минут

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық…..
  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық………….
  • Проблеманы шешу үшін……жасадық.
  • Бұдан біз………………көрдік.
  • Демек, бұл мынаны білдіреді……………..
  • Сонымен біз……………..деген шешімге келдік.
Жұмбақтар жасырайық.

Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Төрт түліктің пірлерін, пайдасын, ерекшеліктерін айтты.

2: Постер қорғауда топтар жұмысының ұйымшылдығы.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Пәнаралық байланыс.

2: Топтардың бірін-бірі әділ бағалауы, оқушылардың өз ойларын еркін айтуы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше