Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтард ың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүше лері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.
| Сабақтың тақырыбы:
Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы. |
Мұғалімнің аты-жөні: Нуржанова Гулхат Талгатовна
Күні: |
||||
| СЫНЫП: 8 | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | |||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Тақырып бойынша ойларын айқын айтады.
Оқу және оқытудағы түрлі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады. |
||||
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
| Бағалау
критерийі |
Сұраққа жауап береді, жауаптарын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||
| Тілдік құзіреттілік | Сабаққа қатысты биологиялық термин сөздермен жұмыс жасау | ||||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||
| Әдіс-тәсілдер | Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойлан, жұптас, бөліс әдісі, ой қозғау, серпілген сауал, сингвич әдісі | ||||
| Сабақтың жоспары | |||||
| Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||
| Басталуы
5 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут 1.«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі. Ең бірінші әр оқушы өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылуы қажет.Ол үшін әр оқушы қағазға бойындағы кездесетін,өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді жазады.Барлығы жазып болған соң,қағазды жыртып,қоқыс жәшігіне тастайды.Міне,осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз.Енді сендердің бойларында жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейміз. «Көршінің жақсы қасиеттерін ата». Әр оқушы өз көршісінің жақсы жақтарына сипаттама жасайды. 2. Фигуралар арқылы топқа бөлу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі І-топ Жоғарғы сатыдағы жануарларда желіден омыртқа жотасы пайда болған. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік- терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. ІІ-топАсцидияның денесі екі бүйірінен қысыңқы болып келеді. Қандауыршаның ұрықтануы суда жүреді,яғни сыртта ұрықтанады. Қандауыршаның ауыз қуысының айналасында көптегген қармалауыштары орналасқан. 2.Адасқан әріптер І-топҚсіырбақ тіер ғнзаы реежліліл ІІ-топ сипэмрдеи браесдзіскейүс ілеж ҚБ. Басбармақ әдісі арқылы бірін –бірі бағалайды |
1-топ: Сүйекті балықтар класы
2-топ: Шеміршекті балықтар .«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі, стикер, қоқыс жәшігі |
|||
| Жаңа білім
10 минут |
Білу және түсіну
«Миға шабуыл » әдісі арқылы жаңа сабаққа бағыттаймын. Сұрақтар: Балықтар туралы не білесіңдер? Өздеріңіз тұрған мекенде балықтардың қандай түрлері таралған? Оқушыларға жалпы тақырыпты ашып және өмірмен байланыстыру Бейне фильм (5 мин) Оқушылар оқығандарын жұпта, сосын топта талқылай отырып, бірін-бірі оқытады. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы Жасыл түс-түсіндім Қызыл түс-қиналдым Сары түс- мүлдем түсінбедім |
Оқулық,
ресурс |
|||
| Ортасы
10 минут |
Қолдану
ҚБ. Қолпаштау. «От шашу» әдісі 1 шапалақ – қанағаттанамын 2 шапалақ – жақсы 3 шапалақ – жарайсың |
Қабырғаға ілінген А4 де жауаптар жазылған түрлі-түсті | |||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
Талдау
«Шеңбердегі доп» әдісі Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады. |
Шеңберге отырғызу, доп. | |||
| Бағалау
5 минут Үй тапсырмасы: Рефлексия 3 минут |
Бағалау
Мазмұндау Балықтар әлемі шығарма жазу
|
Бағалау парақшасы | |||
