«Мен өз Отанымның патриотымын». Сыныбы: 4 «А»
Ақтөбе қаласы Есет батыр атындағы мектеп-бақша
Бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Камшат Алпысбаевна
Тақырыбы:«Мен өз Отанымның патриотымын». Сыныбы: 4 «А»
Мақсаты:
- Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
- Оқушыларға патриоттық, эстетикалық адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, рәміздер суреттері.
Барысы:
- Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз – бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбық бәріміз!
- Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- – Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған – туысқаның. Отан – бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
- Отан деген не, кім қалай түсінеді?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемелекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
- Астана – Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенініңжағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. 2017 жылы Астана қаласында «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесі өтеді.
1.
- Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Міне, содан бері 25 жыл өтті. Биыл ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр.
- Аумалы – төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде. Әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер көп.
- Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілін білу – әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
- Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Биыл ҚР Конституциясының қабылданғанына 21 жыл болды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, әнұран (гимн).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы:
Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн – мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді.оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың,
Одан қуат аламын.
Әнұран ол – тынысы
Кең жазира даламның.
Отан туралы өлең-жырлар.
- Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
- Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
2.
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
- Балалар, биыл әлемде 4 жылда бір рет болатын ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығымен сәйкес келген қандай іс- шара болды? Қай мемлекетте және қай қалада?
- Олимпиада. Бразилия мемлекетінің Рио қаласында.
- Ал осы олимпиадада жүлде санына қарай Қазақстан мемлекеті нешінші орында тұр? (22 орында.)
- Медаль саны қанша? Оның ішінде қанша алтын, қанша күміс, қанша қола медаль бар?
- 17 медаль. 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальдар.
- Алтын медаль иегерлері: Данияр Елеусінов – бокс
Дмитрий Баландин – суға жүзу
Нижат Рахимов – ауыр атлетика.
Күміс медаль иегерлері:
Жазира Жаппарқұл – ауыр атлетика, Әділбек Ниязымбетов – бокс,
Василий Левит – бокс, Елдос Сметов – дзюдо, Гөзел Манюрова – еркін күрес.
Қола медаль иегерлері:
ақтөбелік Фархад Харки – ауыр атлетика, Карина Горичева – ауыр атлетика,
Дариға Шәкімова – бокс, Эльмира Сыздықова – еркін күрес,
Александр Зайчиков – ауыр атлетика, Отгонцэцэг Галбадрах – дзюдо,
Ольга Рыпакова – жеңіл атлетика, Екатерина Ларионова – еркін күрес, Иван Дычко – бокс.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Ән: «Көк тудың желбірегені».
Қорытынды:
– Міне, балалар, бүгін өздеріңді тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, – деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
3.
