«Менің отбасым және достарым» Менің достарым. Д д ыбысы мен әрпі.
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Сарыкөл ауылы № 47 негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сакенова Анар Жетписовна
| Күні:
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | «Менің отбасым және достарым»
Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі. |
||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,
дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
||||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Дд дыбысы және әрпімен танысып,меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, көркемеңбек,дүниетану сабағы | ||||||||||||||||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым.үлестірмелі қима қағаздар. | ||||||||||||||||||||||
| Тілдік құзыреттілік | Д дыбысы мен әрпі. | ||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут 10минут |
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Ой қозғау. Көңілді музыка ойнайды.Оқушылар сандықтан қызыл, жасыл дөңгелектерді алып топқа бөлінеді. -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? -С дыбысымен. -С дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс . -С дыбысына басталатын қандай сөздерді білесіндер? -Қане кім айтады? Карточкалармен әр қатарға екі сөзден жазғызу. Бұл әуен қандай аспаппен орындалған? Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады. Домбыра. Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу. Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар? Д д д – қайталау. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Дд дыбысы мен әрпі. Дыбыстың артикуляциясы. Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді. Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа. |
Шаттық шебері
доп |
|||||||||||||||||||||
| Оқулықпен жұмыс
8 минут 1мин Қызықты тапсырма 10 минут |
№2 Оқылым.
Дала аула Дана Дулат Далада аулада Данада Дулатта Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. -Сенің досың бар ма? – Балаларға д дыбысының баспа түрі қалай жазылатынын тақтада жазып көрсетейін, сосын оны ауада жазып үйренгеннен кейін дәптерімізге жазамыз. Дескриптор. Сөздерді буындап,тұтас оқи алады. Д әрпін баспа және жазбаша түрін ажыратады. Сергіту сәті. ҚБ ауызша Әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастыр.
(Т) «Буынға буын қос» (буындарға буын қосу) Да – Кері байланыс. Ауызша бағалау |
Оқулық, дәптерлер. | |||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы
3 минут 3мин |
Бекіту. 1-ойын-«Шарларға әріптерді орналастыр» Шарты: – Балалар, мына шарлар неге тұр деп ойлайсыңдар? Олардың түстері қандай? Ал біз сауат ашу сабағында қызыл және көк түстермен нелерді белгілейміз?Әрине -*дыбыстарды, олай болса шарларға дауыссыз дыбыстарды – көк шарға, дауысты дыбыстарды – қызыл шарларға орналастырайық. Көрнекілігі: өткен әріптер санына байланысты және дауысты, дауыссызына байланысты шарлар мен кеспе әріптер. Дескриптор. Шарларға әріптерді оналастыра алады. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады. Кері байланыс 2-ойын «Дәрігер қабылдауында»-сюжеттік-ролдік ойынын ойнау. Дәрігер кеңестері: Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. |
Бас бармақтар | |||||||||||||||||||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||
| Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||
«Буынға буын қос» (буындарға буын қосу)
Дәп –
Да –
«Буынға буын қос» (буындарға буын қосу)
До –
Да –
