Құстар әлемі. (көп мағыналы сөздер)

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылы

ЖББ Көздіғара негізгі мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі Актамгалиева Актоты Амангелдиевна

Пәні: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып:

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп: ЖББМ Көздіғара негізгі мектебі.
Күні: 15.11.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Актамгалиева А.А.
Сынып: 5 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Құстар әлемі. (көп мағыналы сөздер)
Осы сабақта

Қолжеткізілетін

Оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

5.3.6.1- мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзету және редакциялау.

5.1.1.1-тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: берілген ақпарат бойынша сұрақтарға жауап бере

Алады.

Көптеген оқушылар: ауыспалы мағыналы сөздерден көп мағыналы сөздерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар: көп мағыналы сөздер арқылы ойларын еркін жеткізе

алады.

Тілдік мақсаттар -құстардың түрлері жайлы ақпарат алады, сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуына байланысты тапсырмалар орындайды.

Құстар – птицы –

Құндылықтарды

дарыту

Ұжымдық топтық жұмыс кезінде білім беру,денсаулық сақтау және мәдениетің ұлттық жүйесін табысты дамыта отырып,ынтымақтастыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық

байланыстар

Әдебиет,биология.
АКТ қолдану дағдылары Видеролик көрсету. Мазмұнды суреттер,тірек сызбалар.
Алдыңғы тақырып Егін алқабы және омоним туралы алған білімдерін саралау.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер қалай аталады? (Омомним) Мысал келтірейік. Ауылымызда өсетін қандай емдік шөптерді білесіздер? (мия, жусан)

«Алдын-ала берілген атаулар» әдісі.

Қаз,үйрек,аққу,күріш.

Бауырсақ,сұңқар,бүркіт,қаршыға. Осы атаулардың ішіндегі артық сөзді алып тастаймыз.

Осы атауларды өзіңіз қолдану туралы мысал келтіре аласыз ба? Бұл атаулардың бүгінгі сабақпен не байланысы бар деп ойлайсыз?

Ширату (Ұ)

«Құстардың даусын ажырат» ойыны. (құстардың даусын тыңдатамын)

ҚБ:«Баспалдақ» әдісі

Оқылым. Оқулықта берілген мәтінді тізбектеп оқу.

Мәтінде аталған құстарды кім таниды. (суреттері көрсетіледі)

ҚБ:«Отшашу» әдісі

Жазылым. Берілген ақпараттардың қайсысы мәтін мазмұнына сай емес.

1.Саятшылар құстарды екі топқа бөледі.

2.Бүркіт,қаршыға,сұңқар желбесін құстарға жатады.

3.Суды сирек ішетін қанаттылар тобын қыр құстары деп атайды.

4.Тұяқты құстар өзара екіге бөлінеді.

ҚБ:«Ауызша мадақтау» әдісі

«Ой қозғау» стратегиясы

Құстардың барлығына тән ерекшелігі. (қанаты, тұмсығы)

Үй құстарының жабайы құстардан айырмашылығы?

Құстардың пайдасы?

Көп мағыналы сөздер дегеніміз – екі немесе оданда көп мағынаға ие сөздер. Мысалы: Қанат сөзі. Құстың қанаты, киіз үйдің оң сол қанаты яғни керегелері, ұшақтың қанаты.

(Ұ) ҚБ:«смайликтер»

Шөптердің суретін көрсету.

Тыңдалым ( аудио тыңдату)

Мазмұнды

суреттер.

Тапсырмалар

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

«Еркін микрофон» әдісі

Берілген сөздердің тура мағынасын табыңдар.

Өзеннің аяғы,сабақтың аяғы.

Таудың іші, орманның іші.

Етіктің тұмсығы, қайықтың тұмсығы.

Жұмыстың көзі, иненің көзі.

ҚБ:«Бас бармақ» әдісі. (жұптар бір-бірін бағалайды)

Сергіту сәті: Бейнелі роликті қайталау.

Тыңдалым: №19аудионы тыңдау.

Тыңдалған мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты көрсетіңдер:

-Мәтінде сүттің құрамы (құс сүті) көгершін мен пингвинге тән ерекшеліктер туралы айтылған.

-Көгершін балапандарын алғашқыда сүтпен (балықпен)ірімшікпен қоректендіреді.

-Пингвиндер қардың үстінде(мұхиттың дәл жағасында) судың ішінде жұмыртқалайды.

-Аналық пингвин мұхит жағасына шомылуға(балапан үшін қорек жинауға)семіруге кетеді.

Оқу мақсаты:5.3.6.1- мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзету және редакциялау.

Бағалау критерийі: Білім алушы:

-Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды.

-Анықталған қателерді сөздіктерге сүйеніп,түзетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Тапсырма:

Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай түзетіңіз.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа

көрші елдермен Россйя, Орта Азиа, Капказ елдерімен салыстырғанда бұл онша көп емес.

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрлері «Қызыл кітапқа» енген және оның сақталуына

мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.

Қазақстандағы қазырғы өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ

жапырақты орман тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, саксауіл,

шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, суптробиктік өсімдіктер, шалғындар,

тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді.

Қазақстанның жануарлар дүниясі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489,

балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы

жағынан олардың мекендері бірнеше зоогиографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала

және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий

теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылғұм, Балқаш пен

Зайсан көлінің жағасы, Бетпағдала, Сарысу, Сырдариа жағалауы жатады.

ДескрипторБілім алушы

– мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз

тіркестерін анықтайды;

– қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктерге сүйеніп түзетеді.

Тақтамен жұмыс:

Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

1.уақыт талғамау а)басқа ешкімде жоқ

2.дауысқа еліктеу ә)айнытпай салу

3.өзіне ғана тән б)күн-түн деп ажыратып жатпау

4.естігенін қайталауға шебер в)дыбысқа ұқсату.

ҚБ: Екі жұлдыз, бір ұсыныс (жұптарға айтылады)

Оқушыларға рефлексия жүргізіледі.

Бүгін оқушылар не үйренді?

-Сабақ қандай деңгейде өтті?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

-Жоспарланған саралау жұмысы іске асты ма?

Кері байланыс . «ҚБ: Блум ағашы»

Бүгінгі сабақта меңгерген білімдерін, блум ағашына өз деңгейлеріне сәйкес орналастырады.

Микрофон арқылы

Аудио тыңдау

Сәйкестендіру парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше