«Қаңқа құпиясы» Ашық сабақ (Жаратылыстану пәні)

БҚО,Сырым ауданы,Қособа ауылы «Сырым аудандық

білім беру бөлімінің жалпы білім беретін

Қособа орта мектеп-балабақша кешені» КММ

Мусина Зульфия Амангельдиевна

Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім:Тірі табиғат. Адам

Күні: 22.11.2017 Мұғалімі: Мусина Зульфия Амангельдиевна
Сынып: 2 Қатысқандар саны:7

Қатыспағандар саны: 7

Сабақтың тақырыбы Қаңқақұпиялары
Оқумақсаты 2.3 Адам.
Сабақтың мақсаттары 2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау
Бағалау критерийлері Білім алушылар:

  • қаңқаның құрылымын анықтайды;
  • адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.
Тілдікмақсат Оқушылар «қаңқа», «дене қалпы», «денеңді еңкейткенде» «тірек қимыл» .
Құндылықтарды дарыту Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдыңғы білімдер Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т.б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы (Ұ)

1. Салемдесу.

2. Өткенге шолу (үй жұмысын пысықтау)

«Сыртқы және ішкі» шеңбер әдісі

– Қандай бөлімді оқып аяқтадық?

-Өсімдіктің бөліктері?

-Ылғал сүйгіш өсімдік пен құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің тамыр мен жапырақтарындағы айырмашылық?

-Жануарлардың алуан түрлері.Олар:

– Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады?

-Бунақденелілерге нелер жатады?

-Қосмекенді мен бауырыменжорғалаушылардың айырмашылығы неде?

3.Топқа бөлу(ішкі, сыртқы шеңбер бойынша)

Қызығушылықты ояту.

Сабақты адам денесінің бөліктерін қайталаудан бастау.

– Балалар «Адам» бөлімін оқып бастаймыз.

– Бұл бөлімде адам анатомиясымен, бұлшық еттер қызметімен, тістерге қалай күтім жасау керек екенін, және жалпы гигиена сақтау яғни салауатты өмір салты туралы білетін боламыз.

-Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар (Бас, кеуде, аяқ-қолдар.)

– Қолдың бөліктерін атаңдар (Білек, шынтақ, иық.)

– Адамның қолдары қандай қызмет атқарады?

– Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)

-Енді саусақтарынды, басынды, шынтақтарынды ұстап көррінде.

– Нені байқадыңдар? (Ішінде қатты негіз бар.)

Құпия сөз жасыру. Құпия сөз «Қаңқа»

(Жасырылған сөзден бүгінгі тақырыпты ашу.)

Сабақтың ортасы

Кітаппен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Жұптық жұмыс

(Қаңқа адам денесінің қалпын құрайды және қорғанышы болады. Сүйектер жұмсақ ұлпалардың мықты қорғаны болып табылады)

(МК) Оқушыларға суреттегі қаңқаның бөліктеріне мұқият қарауға ұсыныс жасау.

  • Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді? (сауыт немесе шлем)
  • Сауытты немесе шлемді не үшін киеміз? (басымызды қорғау үшін)
  • Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады?
  • Ол нені қорғайды? (Бас сүйегі миды қорғайтынын, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайтынын түсіндіру).
  • Кеуде қуысының ішінде қандай ағзалар орналасқан? (өкпе, бауыр, жүрек, бүйрек)

– Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектеседі.

-Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккен? Назар аударыңдар. (Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау).

(Топтық жұмыс)

Қосымша мәлімет беру.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша мәліметті топта талқылау.

Тапсырмалар:

І топқа «Сәйкестендіру» кестесі

ІІ топқа Қаңқа бөлікітерін құрастыру.

Т) Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру

Қаңқа сұлбасынан сүйектерді көрсетіп, алған мәліметтерін қорғау.

Видео көрсету (Дене сымбаты)

Балалар енді видеоға назар аударыңдар.

– Дұрыс отырмаған жағдайда не болады?( сүйектер қисаяды)

Суреттерге қара. Салыстыр.

-1 -суреттегі қай балаға денесін дұрыс ұстауға кеңес берер едің?

– Партада қалай отыру керек?

– Оның дене сымбатына қандай әсері бар?

Сен партада қалай отырасың?

2- суретте қандай жағдай байқап тұрсың?

  • Қай балалар қисық жүріп келеді?
  • Неге?
  • Оларға қандай кеңес берер едің?

Ойлан

-Қаңқа сүйектері өсе ме?

(Ө) Жұмыс дәптеріндегі жұмыс.

Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жамбас, аяқ-қол сүйектері)

Қаңқаның қызметі. Қалып кеткен сөздерді мәтін шығатындай етіп бос орындарға қою.

(Адамның басының қалпын бас сүйегі береді. Қабырғалар, кеуде және омыртқа кеуде қуысын құрайды. Аяқтар мен қолдардың сүйектері олардың қалпын құрайды. Оларды аяқ және қол сүйектері деп атайды).

Зерттеу-балалар біздің дене сымбатымыз түзу немесе қисық екенін зерттеу жұмысын жасап анықтаймыз.

Бір оқушы орнынан тұрып қабырғаға сүйенеді. Желкесі, иығы, жамбасы, өкшелері міндетті түрде қабырғаға тиіп тұруы қажет. Ол балаға осындай қалып ыңғайлы болды ма, әлде ыңғайсыз болдыма?

  • Екінші оқушы оны бақылап тұрады. Егер оқушы өзін ыңғайсыз сезінсе онда ол денесін түзу ұстамайды. ( келесі жұбы сол арекетті қайталайды. Бірінші оқушы бақылайды.
Суреттер

«Адам қаңқасы» көрнекі кестесі; (банер)

қаңқаның жеке бөліктерінің суреттері мен олардың аттары жазылған кесте;

Қаңқаның бөлшектенген нұсқасы, маркер, А3 формат, желім

«Партада және компьютерде дұрыс отыру ережесі» видиосы.

Сюжетті суреттер

Дәптер

Сабақтың соңы Топтық жұмыс

Кері байланыс

«Ыстық орындық»

Сабақты қорыту:

  • Адам денесінің қалпын не құрайды?
  • Қаңқа қандай қызмет атқарады?
  • Кеуде қуысы нені қорғайды?
  • Бас сүйегі ше?

«Жетістік сатысы»

Бағалау. Смайликтер арқылы

Орындық

Бағдаршам бағалау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше