«Химия сабақтарындағы химиялық эксперименттің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру дағы маңызы»

Семей қаласы «№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық

білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ

Жоғары санатты химия пәні мұғалімі Смагулова Роза Солтанаевна

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарында химиялық тәжірибелер жасау және өзіндік білім алу іс-әрекеттері үлесінің артуы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту басымдылығы көрсетілген. Сондықтан, химия сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды қолданып,химия сабақтарында химиялық экспериментті оқушылардың өздігінен орындайтын ізденіс жұмыстары түрінде ұйымдастыру тиімділігін көрсету.

1.Мектептің химиялық білімінің негізін органикалық және бейорганикалық заттар,олардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану мен айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы білімдер жүйесі құрайды. Химия пәні стандарт талаптарында көрсеткендей мектепте жүргізілетін химия курстарының аймағында іргелі білім бере отырып,оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, теориялық ойлау мен практикалық дағдыларын дамыту, қоршаған орта туралы ғылыми көзқарастарын, экологиялық мәдениеттерін және тұлғаға тән әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру міндеттерін орындайды.Қазіргі кезеңде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда яғни, химиялық дайындығының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған тенденцияларға сүйенген жөн:

  • теория мен практиканың байланысын күшейту;
  • өз бетінше жұмыс істеуді көбейту;
  • оқу жұмысының зерттеушілік сипатына ерекше көңіл бөлу ;
  • оқыту мазмұнын практикамен, адамның күнделікті тіршілігімен, техникамен байланысын нығайту;
  • Сандық химиялық эксперименттің (компьютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және Интернеттің ролін күшейту.

Орта мектептерде оқушыларға білім беру, танымдық қызығушылық әрекетін дамыту міндеттері оқу жұмысын ұйымдастырудың сан алуан формаларында қолданылатын түрлі әдістер мен оқу құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Химияны оқыту барысында оқушылардың таным әрекетін қалыптастыру мәселесі ғалым–әдіскерлер еңбектерінде біршама зерттелген. Айталық, химиялық эксперименттерді орындау техникасын игеру, есептерді шығаруға үйрету кезінде жүзеге асатын оқушының іс-әрекеті өз шешімін тапқан. Химияны оқыту барысында қалыптасатын практикалық икемділіктер нақтыланған. Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік практикалық икемділіктер қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту процесінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі өз шешімін тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру-танымдық икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту процесінде пәндік икемділіктерді жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек.Өйткені дамыту нәтижесінде ғана оқушылар олардың құрамына кіретін істерді өз бетінше әртүрлі байланыста түрліше жағдайда алған біліммен сабақтастыра пайдаланатын болды.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда оқыту процесінде жиі қоланылатыны- химия есептері мен оқушы эксперименті.Ол лабораториялық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар.

Химиялық есептер–оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі.Сондықтан мұғалім үшін басты міндет оқушыларды шығармашылық іс-әрекетті меңгеруге бағыттау болу керек.Оқушылар алған білім,біліктерін жаңа проблемаларды шешуде шығармашылықпен қолдануға тиіс.Оқытуға осындай көзқарас болғанда оқушылар талдау,салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, жорамал(гипотеза) жасай білу, шешудің жолдарын іздестіру,алынған нәтижелерді салыстыру, талқылау, қажет болған жағдайда қайта іздену сияқты қабілеттерін дамытатын, белсенді ой-әрекетін талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгере алады. Химия есептері сан және сапа есептері болып бөлінеді.Сапа есептерін эксперимент есептері деп атайды, өйткені онда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелерді жасау арқылы шығарылады.Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап,бағалауда эксперимент есептердің маңызы зор.Эксперименттік есеп шығару арқылы теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі.Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанған оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді.

Химия ғылымы – эксперименттік ғылым. Сондықтан бұл пәннің сабақтарында эксперименттік жұмыстар: демонстрациялық тәжірибелер, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтарға көп мән беріледі. Химиялық эксперимент жүргізгенде әрбір оқушы заттарды көзбен көріп, қолмен ұстайды. Жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша талдайды. Лабораториялық сабақ мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру барысында жүргізіледі. Практикалық сабақ белгілі бір тарау немесе оның бір бөлігі өтілгеннен кейін химиялық тәжірибелерді оқушылардың өздігінен орындауы үшін арнайы бөлінетін сабақ. Лабораториялық тәжірибелер негізгі ұғымдарды қалыптастыруға байланысты болса, практикалық сабақтарда оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады.

Практикалық сабақ өз мәнінде өту үшін химия кабинеті заман талабына сай жабдықталуы қажет. Қазіргі кездегі мектептерде жалпы химия кабинеттерінде практикалық сабақ өтуге толық мүмкіндік бар.

Дұрыс ұйымдастырған практикалық сабақтың оқушыларға берері мол. Бұл сабақта оқушылар:

  1. Маңызды химиялық құбылыстар мен реакциялардың сипаты туралы білімін нақтылайды, олардың мәнін терең түсінеді;
  2. Химиялық құбылыстарды бақылап, заттарды қасиеттеріне қарай ажырата біледі;
  3. Химия лабораториясында жұмыс істеудің әдістері мен қарапайым химиялық эксперименттермен танысып, оларды игереді;
  4. Химиялық заттар және химиялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, іскерліктерін қалыптастырады;
  5. Икемділіктерін жетілдіреді.

Практикалық сабақтарда лабораториялық тәжірибелерді орындау барысында оқушылар мынадай іскерліктер мен икемділіктерді меңгереді:

  1. Химиялық ыдыстармен, лабораториялық құрал– жабдықтармен, химиялық реактивтермен жұмыс істей білу;
  2. Дайын бөлшектерден құралдар құрастыру;
  3. Сұйық заттарды өлшейтін арнайы химиялық өлшеуіш ыдыстарды қолданып сұйықтың көлемін анықтау. Таразы арқылы зат массасын өлшеу;
  4. Химиялық іс – әрекеттер жасау (сұйық және қатты заттарды еріту, заттарды сүзу, қыздыру, суалту, айдау және суды ығыстыру арқылы газ жинау, тұнбаны сүзгіде сүзу, т.б.);
  5. Сабақта танысқан заттарды физикалық, химиялық қасиеттеріне және әрқайсысының өзіне тән ерекшелігіне қарай ажырата білу;
  6. Тізбектегі химиялық өзгерістерді жүзеге асыру нәтижесінде жаңа заттарды алу;
  7. Тәжірибелердің реакция теңдеулерінің жазу және байқалған құбылыстардан қорытынды шағара білу;
  8. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер даярлау;
  9. Қауіпсіздік шараларын бұлжытпай орындауға дағдыланады.

Оқушыларда практикалық икемділіктерді қалыптастыру кезінде төменгі жағдайларды ескеру:

  1. Оқушылаға түрлі тәжірибелерді түсіндіре отырып, көрсету.
  2. Әр түрлі жұмыс әдістері қолданылатын жаттығулерды жиі жасату.
  3. Оқушылардың барлық әдістерді дұрыс қолданып, жұмыс істеуін үнемі қадағалап отыру.

Практикалық жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар:

  1. Әр оқушының өзіне тиісті орынын жыл басында белгілеу. Бұл олардың іс–әрекетін тиімді ұйымдастыруына , басқаруға және бақылауға мүмкіндігін туғызады.
  2. Жасаған жұмыстары бойынша қорытынды жасап, химиялық тәжірибелердің барысын, бақылау нәтижесін жазатын арнайы дәптердің болуын қадағалау.

Әр қатардың 5 үстелінде екі оқушы жұп болып жұмыс істеуге керекті заттармен қамтамасыз етіледі. Оқушының практикалық дәптерінде көрсетілген құралдар мен реактивтердің жеке данасын оқушы үстеліне қойып болған соң, мұғалім оқушы үстелдерін аралап көріп, олардың сабаққа даярлығын тексереді. Заттардың түгел қойылуын қадағалайды. Сонымен химия кабинеті практикалық сабақ өтуге даяр болады.

Сабақты бастағанда интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған слайдтағы көрнекі құрал бойынша бір–екі оқушыдан тәжірибе жасау барысы сұралып, олардың сабаққа әзірлігі анықталады. Барлық эксперименттік есептерді мазмұны бойынша заттарды алуға арналған есептер және заттарды танып білуге немесе анықтауға арналған есептер деп бөлуге болады. Эксперименттік есептердің мазмұны кластан класқа қарай мазмұны күрделене түседі.Мысалы, егер 8-9 кластарда химиялық айналулар бір кезеңнен ,заттарды анықтау екі заттан тұрса,10-11 кластарда 2-3 түрөзгерістерден,ал заттарды анықтау 2-3 тен 5-ке дейін болуы мүмкін.Өздігінен орындау деңгейіне байланысты эксперименттік есептерді шартты түрде екіге бөлуге болады. Біріншісі- репродуктивті, екіншісі -продуктивті есептер. Осы есептерді қарастырайық:

Репродуктивті деңгей:

1.Тәжірибе жүзінде мырыш тұз қышқылымен әрекеттескеде сутек газы бөлінетінін дәлелдеңдер.

2. Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасаңдар.

3.Сынауықтарда калий хлориді мен натрий сульфаты берілген. Қай сынауықта натрий сульфаты бар екенін анықтаңдар.

4.Түр өзгерістерді жүзеге асыратын реакцияларды жүргізіңдер.

Ca(HCO3) 2 → CaCO3 → CO2

Продуктивті деңгей:

Продуктивті деңгейдегі есепті шығаруда логикалық операцияларды жасау үшін оқушының теориялық білімінің көлемі ауқымды болуы қажет. Оқушы есепті шешудің бірнеше түрін ұсынуы мүмкін.

1.Екі түрлі әдіспен натрий хлоридін алыңдар. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық қасиеттерін сараптай келе және ерігіштік кестені қолдана отырып оқушылар затты алу әдістерін ұсынуға тиіс.

2.Мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар . Есептің шартында аралық өнім көрсетілмесе де оқушылар екі кезеңмен затты алуға тиіс.

3.Қосымша реактивтерді қолданбай нөмірленген сынауықтарда натрий карбонаты,барий хлориді,және тұз қышқылы ерітінділері берілгенін анықтаңдар.Соңғы есептің шығару жолын қарастырайық.Берілген ерітінділерді зерттей келе оқушылар ерітінділерді бір- біріне құйғанда тұнба (ВаCO3 ) немесе газ ( CO2 ) бөлінетінін білуі керек.Мысалы делік №1 сынуықтан алған сынамаға №2 сынауықтан алған сынаманы құйғанда ақ тұнба түзілген екен.Бұдан әрине, реакцияға натрий карбонаты мен барий хлориді түскенін білуге болады. Алайда , бұл жерден қай сынауықта – натрий карбонаты, ал қайсысында – барий хлориді екенін анықтай алмайды. Сондықтан №1 немесе №2 сынуықтан сынама алынып №3 сынуықтан алынған сынама құйылды делік,егер газ бөлінсе карбонат болғаны (№1-де немесе№2-де) , №3-те тұз қышқылы болғаны анықталады.

Мұндағы ең негізгі мәселе оқушыларды эксперименттік есеп шығаруға дайындау болып табылады.Оны әдетте үш жолмен жүзеге асырады.Оның біріншісі мұғалімнің оқушыға тәжірибе жасауға қажетті әртүрлі практикалық іс-әрекеттерді сабақта көрсетіп оны тәжірибе жасауға икемдеп,үйрету(сабақ үстінде: сабақ сұрағанда, сабақ айтып жатқанда, бекіту кезінде, қайталау кезінде).

Екінші жолы – лабораториялық жұмыстарды орындау.Оқушылар мұнда эксперименттік есептерді шығару арқылы тәжірибе жасап үйрену барысында икемділіктері мен біліктері біртіндеп қалыптасады.

Үшінші жол – заттарды алу және олардың қасиеттерін зерттеуге байланысты орындалатын практикалық жұмыстар кезінде жүзеге асады. Мұнда оқушылар практикалық білімдері мен практикалық біліктерін бекітеді. Міне осындай жан-жақты жүргізілетін педагогикалық әртүрлі дайындық жұмыстардың нәтижесінде оқушылар практикалық жұмыстарға енгізілген бақылау эксперименттік есептерін сәтті орындау біліктері қалыптасып, жұмыс жасауға дағдыланады.

Оқушылардың эксперименттік есепті шығару әрекеттері төмендегі кезеңдерден тұрады: а)есептің мазмұнын түсінуі, ә)теориялық тұрғыда шешуі(жоспар жасауы), реакцияның жүру жағдайын білуі, б) реактивтер мен құралдарды даярлап алуы, в) практика жүзінде орындауы, г) есеп беруі(жазба түрде) .Оқушыларды есеп шығаруға даярлағанда олардың есепті талдай білу біліктеріне ерекше көңіл аударған дұрыс. Бұл бірден бола қоятын дүние емес, біртінеп қалыптасады, оған шыдамдылық керек.Көп жағдайда біздер оқушылардың бір нұсқада ғана есепті үнсіз орыдап шыға салуына жол береміз.Олардың есепті тиімді басқа жолмен шығаруына мүмкіндік бермейміз. Тек есепті жан- жақты талқылап,ойланып шығара білгенде ғана есеп шығаруға дағдыланады.Эксперименттік есептерді шығаруға оқушыларды ҮІІІ кластан бастап дағдыландыру керек. Мысалы оксидтерді оқып білгеннен кейін яғни олар белгілі бір практикалық білік, дағдыларға үйренгеннен кейін эксперименттік есепті ұсынуға болады. Мысалы,мыс (ІІ)оксидінен мыс (ІІ) хлоридін алуды ұсынуға болады.Бір қарағанда есеп оңай сыяқты,алайда оны шығару үшін оқушы ең алдымен есепті «ойда» сызба құру арқылы шығарады, оған қажетті реактивтерді іздей бастайды. 9 кластағы «Тұздар гидролизі» сабағында эксперименттік жұмысты қарастырайық. Тұздар гидролизіне эксперименттік есепті шығару.(проблемалық жағдай тудыру арқылы орындату).

ІІ. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы.

Сабақтың тақырыбы:Тұздар гидролизі, биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы.

Сабақтың мақсаты: Тұздардың гидролизі туралы түсінік беру. Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы оқушылардың ұғымдарын тереңдету. Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру.

Әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрету. рН (сутектік көрсеткіш) жайлы түсінік беру. Организмдегі қышқылдық –негіздік балансы жайлы және тірі организмдерге жүретін процестегі гидролиздің рөлін көрсету, қанның құрамында (реакция ортасы) болатын тұздардың биологиялық рөлі туралы ұғымдарын кеңейту.Көрсетілім№1 (1.2) Тұздардың суда еруі жəне рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН əмбебап индикаторымен анықтау.

№ 2 лабораториялық тəжірибе «Тұздар гидролизін» орындату.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: дистилденген су, оқушылар үстелінде және демонстрациялық үстелде; натрий хлоридінің, мырыш нитратының, натрий карбонатының ерітінділері, лакмус, фенолфталеин, метилоранж, демонстрациялық тәжірибеге қажет стақандар мен цилиндрлер, сынауықтар мен тұрғы және шыны таяқшалар, «Тұздар гидролизі» кестесі.

Сабақтың барысы.

І.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық кезеңі.

Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау үшін сұрақ-жауап әдісін қолданамыз.

1. Қышқыл ерітінділерінің қасиеттерін не анықтайды?

2. Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады?

3. Негіздерге анықтама беріңдер. Ерітіндіде гидроксид иондарының бар екенін қалай анықтайды?

4. Неге кейбір қышқылдар мен негідер күшті электролиттерге, ал басқалары әлсіз электролиттерге жатады?

5. Тұздардың 4 типіне мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушыларға: «Су неліктен қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді?» деп сұрақ қоямыз.

Көрсету:

NaCl, NaОН,НCl, Na2CO3,AlCl3 ерітінділерін индикаторлармен сынау. Проблемалық ситуация тудыру.Тұз ерітінділері неге индикатор түсін өзгертті.

Ерітінділердің ортасы қышқылдық және сілтілік қасиеттерді тасымалдаушы бөлшектер концентрациясының ерітіндідегі мөлшерімен сипатталатынын білгеннен кейін тұздардың типтерін оқушылар анықтап кесте толтырады:

Тұздардың типтері Мысалдар (формулалар)
1.

2.

3.

4.

Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Күшті негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар

Әлсіз негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар

NaCl,

Na2CO3,

Zn(NO3)2

Al2S3.

Ерітінділердің ортасы жайлы айтылады.

H+ = OH-  – бейтарап орта;рН 7

H+ < OH- – сілтілік орта; рН >7

H+ > OH- – қышқылдық орта; Н<7

Сутектік көрсеткіш сутек ионының теріс ондық логарифмі.Әмбебап индикаторды оқушыларға көрсету.рН -lgH+

Көрсетілім№1 (1.2) Тұздардың суда еруі жəне рН шкаласын қолданып, тұз ерітінділерінің сутектік көрсеткішін рН əмбебап индикаторымен анықтау

Бұдан соң сабақ мазмұнын ашуға оқушылар дайын болғаннан кейін оұушылар оқулықтан «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын оқып біледі. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесу реакциясы екенін, гидролиз нәтижесі тұздың қандай негіз бен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін біледі.

Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылайды: Na2CO3, Zn(NO3)2, NaCl және Al2S3.

1.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизін Na2CO3 сынау барысында анықтайды. Тұз ерітіндісіне фенолфталеин тамызғанда, натрий карбонаты ерітіндісі таңқурай (малина) түске боялады.

Бастапқыда оқушыларға тұздың диссоциациялану теңдеуін жазады:

Na2CO3↔2Na+ + CO32-

Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:

2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ +HCO3- + OH-

Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.

2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.

Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl- иондары бар. Al3+ ионы судың гидроксид ионын өзіне қосып алады:

Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+

Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.

Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.

3.Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шешіп қорытынды жасайды, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы, NaCl, KCl?

Қорытынды:Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілетін тұздар гидролизденбейді, ерітіндіде

H+ = OH-

иондардың тепе-теңдігі сақталады.

4.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизін виртуалды лабораториядағы тәжірибені көрсету барысында Al2S3 гидролизінің тәжірибе жүзінде жүру жағдайын көріп біледі. Гидролиздің бұл күрделі түрі жоғары мектептің химия курсында кеңірек қаралады, гидролиздің соңына дейін, яғни қышқыл және негіз түзілгенге дейін жүретінін мұғалім ескертеді.

Аl2 S3ер-сі неге ерітінді түрінде(шығармашылықдеңгей) алынбайды. Ондай тұз ерітіндісі болмайды. Негізінде

Аl2 S3 +6 НОН →2 Al(OH)3↓+3H2S↑

жазуға болады бірақ бұл процесті тәжірибе жүзінде былай көрсетуіміз керек. Алюминий сульфидінің орнына алюминий хлориді мен калий сульфиді ерітінділерін әрекеттестіргенде реакция нәтижесінде күкіртті сутек газ күйінде бөлініп кетеді де , алюминий гидроксиді ақ тұнба түрінде бөлініп ,пробиркада калий хлориді ерітіндісі қалады.

2Al Cl3 +3 K2 S +6H2 O →2 Al(OH)3↓+3H2 S↑ + 6KCl

виртуалды лабораториядан көрген тәжірибені жасап көрсетеміз.

Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑

Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтыр:

Тұз формуласы Лакмус түсі Орта Қандай қышқылмен негізден түзілген тұз
Na2CO3 Көк Сілтілік Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан
AlCl3 Қызыл Қышқылдық Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан

Содан соң гидролиз нәтижесінде тұз иондары ерітіндіде сумен әрекеттесетіндігіне жаттығуларды жаңа жағдайда орындатамыз.

Зерттеу жұмысын жүргізуге тапсырма беріледі:

Нұсқау: бес сынуыққа(1/3 көлеміне) дистильденген су құйып,шпательдің ұшымен төменде берілген тұздарды: калий карбонаты,алюминий хлориді, мыс сульфаты,аммоний хлориді, калий хлоридін немесе калий сульфатын салып,ерітіндіні араластырыңдар. Шыны таяқшаның көмегімен индикатор қағазы тілігіне калий карбонатын тигізіңдер,ортаны анықтап,нәтижесін жазыңдар.Шыны таяқшаны басқа тұз ерітіндісіне салмай тұрып,жуып алып тәжірибені басқа тұздармен жасаңдар.

тұз ерітіндісі бақылау Реакция теңдеуі қорытынды
К2 CO3 ер-сі Фенолфталейн-таңқурай түске, метилоранж- сары түске,лакмус- көк түске өзгереді CO32- +Н+ +ОН – =

Н CO3-+ ОН-

Күшті негіз бен әлсіз қышқыл тұзы гидролизге ұшырайды,орта сілтілік болады.
К2SO4 ер-сі

NaCl ер-сі

өзгерген жоқ К2SO4=2 К++SO42- Н2О Н+ +ОН – Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы гидролизге ұшырмайды,орта бейтарап болады.
NH4Cl ер-сі Лакмус қызарды

орта қышқылдық болады

NH4++Cl-+Н++ ОН- =NH3↑+Н2О+Н++Cl- Күшті қышқыл мен әлсіз негіз тұзы гидролизге ұшырайды
Аl2 S3 ер-сі виртуалды лабораторияны қолдану) өзгерген жоқ ,орта бейтарап болады Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз тұзы толық гидролизге ұшырайды

Егер тұз катионы гидроксид ионды қосып алса, онда ортақ қышқылдық болады, ал егер тұз анионы сутек ионын байланыстырса, онда ерітінді сілтілік болады. Дәптерлерінде жұмыс жасайды.Гидролиз анықтамасын жазады, реакция теңдеулерін жазады.

Бұдан кейін тірі организмде жүретін көптеген процестерде гидролиздің мәні зор екеніне тоқталамыз. Мысалы, қанның құрамына кіретін бірқатар тұздардың биологиялық маңызы, негізінені, олардың гидролизі есебінен сутек ионының концентрациясын тұрақты ұстап тұрумен анықталады.

Гидролиз, сондай-ақ химиялық және тамақ өнеркәсіптерінде де кең қолданылады

ІҮ Бекіту. Эксперименттік есепті шығару.(Оқушылардың алдында беріледі)

1.(репродуктивті деңгей)Натрий карбонаты,калий сульфаты, аммоний гидрокарбонаты,алюминий сульфиді,дистилденген су, НCl ,NаOН ерітінділерін индикаторлар: фенолфталеин, лакмус немесе метилоранжбен сынап,алынған нәтижелерге түсініктеме беріп, реакцияның жүру мәнісін түсіндіру.

2.(шығармашылық деңгей)Берілген нөмірленген сынауықтардағы тұздарды анықтаңдар: мырыш сульфаты,калий хлориді,калий карбонаты.Гидролиздің иондық теңдеуін жаз. Бұдан кейін оқушылардың алған білімі тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары, эксперименттік есептер және мысалдарды талдау арқылы тексеріледі.

Ү.Үйге тапсырма. §12

Сабынды судың, ас содасының, ас тұзының,сүттің,айранның ортасын өсімдік индикаторлармен сынау. Оқушыларға үйде бар өсімдіктерден индикатор даярлау ұсынылады.Ол үшін өсімдік индикаторлары жайлы түсінік беріледі.Ең алғаш индикаторларды қолдануды ағылшын химигі Роберт Боиль(1627-1691) жазған.Ол кейбір өсімдік гүлдерінің тұндырмасы қышқылдық,сілтілік ортада әртүрлі түске боялатынын байқаған.Тропикалық қынаның -лакмусты және фиалка мен василек гүлдерінің тұндырмаларын ең алғаш сүзгі қағазға сіңіріп, индикатор ретінде пайдаланған.Индикатор қағаздарын(«реактив қағаздарын») қолданудың негізін Р.Бойль қалағанын оқушылар білетін болады.

Қорытынды: Химияны оқытуда оқушылардың меңгерген теориялық білімін лабораториялық және практикалық жұмыстармен байланыстыра бекітудің маңызы өте зор. Химияны оқыту барысында оқушылардың пәндік практикалық икемділіктер қалыптастыру арқылы таным әрекетін белсендіру мәселесі толық шешілді деуге болмайды. Әлі де болса оқыту процесінде пәндік икемділікті дамыту әдістемесі өз шешімін тапқан жоқ, олардың зерделік ұйымдастыру-танымдық икемділіктің қалыптасқанын анықтайтын көрсеткіштер толық емес. Сондықтан химияны оқыту процесінде пәндік икемділіктерді жетілдіріп қана қоймай, дамыту мәселесіне де көңіл бөлу керек.

М

Қолданылған әдебиеттер

  • Оқулықтар мен оқыту құралдары
  1. Химический эксперимент в школе: учеб.пособие /Т.С.Назарова,А.А. Грабецкий,В.Н.Лаврова-М.:Просвещение,1987.-240с.:(Б-ка учителя химии)
  2. Химия .11 класс : в 2ч.П:Настольная книга учителя Часть II / О.С. Габриелян,Г.Г. Лысова,А.Г. Введенская-М.:Дрофа,2003.-320с
  3. Химический эксперимент с малым количествами реактивов: /Чертков И.Н.,Жуков П.Н. Кн. Для учителя.-М.:Просвещение, 1989.-191с.,
  • Периодты басылымдар

1.Э.Г.Злотников РГПУ им. А.И.Герцена, Э.Р.Эстрин ВГПУ,г.Киров /Особенности организации экспериментальных работ // Химия в школе 2003.-№4.-С.66-68

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше