ХХ-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар
Алматы облысы, Алакөл ауданы «Жыланды орта мектеп-лицейі» КММ
Тарих пәні мұғалімі Кенжебаева Бакытгуль Нурдыгалиевна
Сабақ жоспары
Сыныбы күні сабақ реті
Сабақтың тақырыбы: ХХ-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: карта, слайд, тірек-сызба
Ой қозғау
Бабалар азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шаhид кеткен.
Солардың құдіреті, ой-арманы,
Таңы боп, тәуелсіздік бізге жеткен.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:
ХХ ғасырдың басындағы патша өкіметінің отарлау саясатының жалғасуы, оған қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстардың жаңа кезеңінің басталуы, олардың маңызы, ерекшелігі және тарихи сабақтары туралы талдау жасап, өзіндік баға беру, көзқарастарын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар істей алады:
1. Көтерілістің тарихын біледі
2.Себебі, қозғаушы күші, барысы, нәтижесі, маңызы туралы мәліметті меңгереді
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
1. ХХ ғ басында саяси қозғалыстарғы ықпал еткен оқиғаларды анықтайды, ерекшелігін саралап, басқа көтерілістерден айырмашылығы туралы салыстырып, суреттей алады.
2. Олардың даму ерекшелігіне сипаттама бере алады.
Кейбір оқушылар істей алады:
• Бұл көтерілістердің қазақ халқының тәуелсіздік алуындағы алатын орнын анықтап, жетістігіне баға береді, маңызын суреттейді
Оқытудың белсенді әдістері:
Интерактивті оқыту әдісі, СТООй қозғау, мәтінмен жұмыс, жеке жұмыс жұппен жұмыс, топпен жұмыс, АКТ, тірек сызбамен жұмыс.
Тілдік мақсаттары:
Саяси, рухани отарлау, ұлт-азаттық қозғалыс, революция, Столыпин реформасы, қоныс аудару, депортация, метрополия, жерінен айрылу, қос өкімет
Талқылауға берілетін сұрақтар
- ХХ ғасырдың басындағы Ресейде болған саяси және экономикалық өзгерістер?
- Олардың отар аймақтар мен Қазақстанға тигізген ықпалы?
- ХХ ғасырдың басындағы отарлау саясатының жалғасуы, оның көрінісі неде болды?
- ХХ ғ басындағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар, саяси ұйымдар?
5.ХІХ ғасырдағы көтерілістердің қазақ елінің тәуелсіздік алуына ықпалы
болды ма?
“Білу”. Оқушылардың өзіндік тәжірибесін өзектілендіру кезеңі.
Өткен сабақта алған білімдерін саралау
1. “Блиц турнир”- әр топқа «Күрделі» және «жеңіл» сұрақтар қою арқылы
көтерілістер бойынша алған білімдерін саралау. /әр дұрыс жауап 1 балл/
2. Постер қорғау.
Әр топ өзіне берілген сұрақ бойынша постерді толтырып, қорғайды.
1-топ. 1773-1775 ж Е.Пугачёв бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы
2-топ. 1783-1797 ж С.Датұлы бастаған көтеріліс.
3-топ. 1837-1847 ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
4-топ. 1836-1838 ж Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс.
5- топ. ХІХ ғ 50 ж Ж.Нұрмұханбетұлы мен Есет батыр бастаған көтеріліс/ оңт.Қаз, Сыр бойы
6-топ. ХІХ ғ 60-70 ж 1868-1869 ж Орал, Торғай мен 1870 ж. Маңғыстауда болған көтерілістер
Бағалау критерийі:
-көтерілістің себебін, сипатын, қозғаушы күшін,
мақсатын, мерзімі мен аумағын нақты көрсетуі;
-негізгі оқиғаларын көрсетуі;
-нәтижесі мен маңызын ашуы.
Оқушы көзқарасы:
–Кенесары көтерілісін «шоқтығы биік көтеріліс»
деп айтуға бола ма? /-Не себепті? Басқа көтерілістен өзгешелігі
неде деп ойлайсыңдар?/
-БАҚ-а Кенесары «қатігез хан» деген пікір бар.
Сенің ойыңша неге олай атаған?
- Ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызы неде?
- Кенесары т.б. көтерілістер туралы қандай еңбектер жазылған?
- -Патша өкіметінің отарлау саясатының зардабы неде болды? Ұлт-азаттық қозғалыстар оған тежеу бола алды ма?
- -ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстар болашақта қазақ халқының саяси көзқарасы мен белсенділігінің қалыптасуына ықпалы болды ма?
Критерийі:
-айтылған ойдың мазмұндылығы, анықтылығы;
-сөйлеген сөздің нанымдылығы, дәлелділігі;
-сөздің нақтылылығы
Жаңа білімді меңгеру.
“…Ол жылдардағы қазақ халқы қараңғылықта…адам төзгісіз қорлыққа
шыдады…ауыр салық, зорлық, парақорлық үйреншікті іске айналды…
Ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып
берілді. Патша үкіметі мектептер салуға тыйым салды. Мектеп ашуға
әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды /Қосшығұлов т.б.
Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің
отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті”
М.Дулатов
“Қазақ еңбекшілерін “ғасырлық ұйқыдан” оятқан оқиға”
Бұл қай жылғы, қандай оқиға деп ойлайсыңдар?
“Қабылдауды ұйымдастыру”. Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру. /жаңа тақырыпты өту/
- Ресейдегі саяси-экономикалық жағдай
- Ұлттардың “сілкініп оянуы”
- Қазақ даласындағы саяси-экономикалық жағдай
- Отарлау саясатының күшеюі
- Күштеп қоныстандыру, депортация
Белсенді оқыту.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары, тың деректері:
1.ХХ ғасыр басындағы патша өкіметінің қазақ даласындағы
қоныстандыру саясаты, оның зардабы.
2. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласында өндірістердің дамуы және жұмысшы табының қалыптасуы.
3. 1905-1907 жылғы Ресейдегі революция және ұлт аудандарының “сілкініп оянуы”. Қазақ даласындағы саяси қозғалыстар
4. Қазақ зиялыларының ХХ ғасыр басындағы саяси қозғалыстарға қатысуы
Тың деректер
1906-1910 ж Столыпиннің аграрлық реформасы. “Қоныстандыру қоры” салдары:
-1853-1905 ж.4 млн. дес жер
-1906-1907ж. 17 млн. дес жер
-1916 ж-40 млн. дес жер
-1917 ж-45 млн. дес жер тартып алында
Әр қоныстанушыға 3,17 дес жер
Әр жергілікті тұрғынға-0,21 дес жер берілді
-1902 ж-887 өндіріс, 25392 жұмысшы болды.
-1906 ж темір жолдар саны өсті
-Қазақстан аграрлы ел болып қалды. 90 пайызы ауылда тұрды
-экономикасы Ресейге тәуелді болды
1870-1906 ж -521 023 қоныстанушы
-1907-1912 ж-2 млн 400 мың қоныстанушы болды.
-1914 ж аштық кезінде қоныстанушылар саны 211 есеге өскен, ал жергілікті халық саны күрт азайған
–1870-1906 ж -521 023 қоныстанушы
-1907-1912 ж-2 млн 400 мың қоныстанушы болды.
-1914 ж аштық кезінде қоныстанушылар саны 211 есеге өскен, ал жергілікті халық саны күрт азайған
“Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды
құрбан етуді талап етсе,
әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ”
Столыпин
Түсіну. Оқулықтағы мәтінді оқып, сұраққа жазбаша жауап береді. /бірінші бітірген бірнеше баладан тұрғызып сұрау/
Жекелей жұмыс:
ХХ ғасырдың басындағы Ресейде болған саяси ахуалдың қазақ даласына ықпалы қандай болды?
Критерийі:
-айтылған ойдың нақтылығы,
-саралап, баға бере білуі;
-ел дамуына ықпалын дұрыс аша білуі
Саралау, талдау.
Топтық жұмыс. Сурет бойынша.
-көрсетілген суреттегі адамның ХХ ғ басындағы саяси оқиғаларға қандай қатысы бар екенін анықтау.
Критерийі:
- Дәлелді пайымдау дағдысы;
- Тарихи айғақтарды талдау және
бағалау негізінде дәйекті
қорытынды жасайды;
- Сын тұрғысынан ойлауы;
- Тарихи білімді қолдана білуі;
Қолдану.
Сараланған тапсырма
Проблеманы шешетін сұрақ
ХХ ғ басындағы саяси қозғалыстардың қайта жандануына қандай оқиғалар
себеп болды деп ойлайсыңдар?
Критерийі:
- Дәлелді пайымдау дағдысы;
- Тарихи айғақтарды келтіре отырып
дәйекті қорытынды жасайды;
- Сын тұрғысынан ойлауы;
Тарихи білімді қолдана білуі
Қорытындылау. Жеке жұмыс
Венн диограммасы арқылы ХІХ ғ ұлт-азаттық және ХХ ғ басындағы саяси қозғалыстарды салыстырып, баға беру
Критериалды бағалау
Кестедегі көрсеткіштер бойынша, өзін-өзі бағалау
Кері байланыс:
| Білемін | Білгім келеді | білдім |
Үйге тапсырма: 17-18 оқу, тест құрау
