Сандар, оларды оқу, жазу және жіктеу, салыстыру
Қарағанды қаласы ЖББ КММ №65 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жумадилова Замзагул Рымбековна
Математика
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандар, оларды оқу, жазу және жіктеу, салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, батылдыққа, еңбек сүйгіштікке, бүтін сандар нумерациясы мен оларға амалдар қолдана білуге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Баланың жан-жақты ойлауын ізденуін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Туған жерін, табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Бринг-Ринг ойнына карточкалар, «Бәйге» ойынына карточкалар, тірек сызбалар, бүктеме.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың барысы: Жаңа сабақ
| қ/с | Сабақтың барысы | Өтілу әдісі | Ресурстар |
| 1 | Сабақты ұйымдастыру | Сәлемдесу, топ аттарын белгілеу | |
| 2 | Саяхатқа дайындық тақырыпты ашу | Топтық әдіс,
Бәйге сұрақтары |
Бәйге сұрақтарын жазу |
| 3 | Сандарды оқу | Мультимедия кабинетінде слайдпен | Мультимедия кабинетінде слайд |
| 4 | Сергіту сәті | Халықтық педагогика | |
| 5 | Сандарды жазу | Дәптермен жұмыс | Сұрақ кітапшасы |
| 6 | Сандарды жіктеу | Топтық әдіс | Брейн-Ринг ойыны |
| 7 | Сандарды салыстыру | Ой қозғау | Сөзжұмбақ шешу |
| 8 | Қорытынды |
Оқушылар: Келіңіз, төрлетіңіз,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкендермен,
Бас иеміз біз!
Сіздерменен ой бөлісіп нұрлы жүректерімен ұштастырғалы отырған жарқын болашақка нық қадам басқан жас өркендер осы мектептің 4-сынып оқушылары.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар» – деген екен Ж.Баласағұн.
Сабақты 3 топқа бөліп сол үш топ бойынша алып барамын.
І топ – Білгірлер
ІІ топ – Алғырлар
ІІІ топ – Тапқырлар
Ұрандары:
а) Отанымыздың болашағы үшін
ә) Халқымыздың келешегі үшін
б) Дарынды болып өсеміз.
Сынып қалай таза ма? Сүртілдіме тақтамыз?
Денің сау болсын десеңіз – Тазалықты сақтаңыз,
Құрал жабдық дайын ба?Тұрсын бәрі жайында.
Ұстаз айтқан әр сөздің, Қажеттігін пайымда.
1.Бүгін біз сіздермен Отанымыздың біраз жерлеріне саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз өзіміздің туған өлкемізден басталады.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Саяхатымызды бастамас бұрын менің сендерге берер тапсырмам бар. Қараңдаршы кәне:
Бір дегенім – беру,
Екі дегенім – егу
Үш дегенім – үю
Төрт дегенім – түю
Бес дегенім – бағу
Алты дегенім – ағу
Жеті дегенім – жою
Сегіз дегенім – тою
Он дегенім – ою
Соңына нүкте қою.
Мұғалім:
-Мен сендерге не айттым?
-Санамақ
– Не туралы?
-Сандар туралы.
-Санау үшін нені пайдаланамыз?
-Сандарды.
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Сандар, оларды оқу, жазу, жіктеу және салыстыру».
Ал, балалар саяхатқа немен шықсақ болар екен? (ұшақ па? автобус па?)
Оқушы: Ұшақпен.
– Онда балалар бүгін біз саяхатымыз барысында Отанымыздың мынадай орындарында болып қайтамыз.
1. Ауыл
2. Тарихи орындарында
3. Тауларға
4. Өзен көлдерге
5. Астанаға
2.Ал, балалар уақытты оздырмау үшін тақырыпты біліп алдық. Ұшағымыз көтерілу үшін біз мынадай «Бәйге» сұрақтарына жауап беріп алайық.
I
Натурал сандар депқандай сандарды айтады?
Тік бұрыштан кіші бұрыш қандай бұрыш деп аталады?
Оң жақтан бастап санағанда алғашқы үш сандар қандай класты құрайды?
Үшбұрыштың периметрі неге тең?
Ең кіші төрт таңбалы санды ата?
ІІ
1. Ең кіші натурал санды ата?
2. Тік бұрыштан үлкен натурал санды ата?
3.Бірліктер класынан жоғары класс калай аталады?
4. Төртбұрыштың ауданы неге тең?
5. Ең кіші төрт таңбалы санды ата?
№22 90 бет
А) 44.444 б) 4.444.444 ә) 444 в)444.444
Саяхатка ұшуға әзірленейік.
Ұшақты ұшыруға әзірлейік.
Маторды іске қосайық.
Тетіктерді қосайық.
Жарайсыңдар балалар, барлық экипаж тапсырмалары орындалды.
Айға алысқа,
Самға ғарышқа.
Ғарышкерлер,
Шыңдал жарыста.
Бір, екі, үш ұшақ ұшырылды.
3.Келесі біздің аялдамамыз әлемнің жеті кереметінің біріА.Иассауи мовзолейіне де келіп жеттік. Мұндай тарихиескерткіштер, бүкіл халықтың ұлттық мәдени ескеркішінеайналып отыр. Бұл аялдамада мультимедия кабинетінде көп таңбалы сандарды оқуымыз қажет.
А) 3421, 65899, 888956, 123654, 1234, 142589, 1475.
Б) №21 90 бет
Жарайсыңдар балалар ары қарай ұшамыз.
Оздырып мен уақыттан ұшақты,
Келем білмей бөгелу не дегенді.
Қандай қызық шығып алып тауларға,
Шырқап айту неткен ғажап өлеңді.
4.Тауларға да келіп жеттік. Биік таулар республикамыздыңшығысып, оңтүстік шығысын, оңтүстігін жиектеп жатыр.
Олар:Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань т.б.
Ал, балалар тау бектерінде бізге мынадай тапсырмаларқалдырыпты.
I топ
1400-дің алдындағы сан
29999-дан кейінгі сан
900-ден біреуі кем сан
Он бір млн
IIтоп
1500-ң алдындағы сан
99999 біреуі артық сан
800 біреуі кем сан
Үш жүз тоғыз млн
IIIтоп
1700 алдындағы сан
39999 біреуі артық сан
1000 біреуі кем сан
Жүз тоқсан млн
5.Сергіту уақыты.
6.Сапырып, сапырып Сарманға құй
Құйып, құйып Құрманға кұй
Есіктегі екеуге бер
Төрдегі төртеуге бер
Ортадағы Орманға бер
Жатқандарға жетеуін бер
Өзің іште маған бер.
Ж: (1+1+2+4+1+7+1 + 1)
IV.
Көл дейді, өзен дейді қайнар дейді,
Тұнық су, мөлдір бұлақ сайды өрлейді.
Тұңғыйық тұнба өткен құдық шыңырау,
Қызыл су, ақ су, көк су шалқар – дейді.
7.Келесі аялдамамыз өзендер мен көлдер.
Қазақстанда үлкенді-кішілі өзендер көп. Олардың бастылары Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле т.б. Ең терең көл Байкал. Тереңдігі 1620 м. Бұл жерде бізге шет елдік достар кездесті. Шет елдік достармен бізге Брейн- Ринг ойынын ойнаймыз.
Сандарды жіктеу осы жерде орындалады. №20, 90 бет. Ал, балалар саяхатамыз аяқталып келеді. Төменге көз салыңдаршы туған жеріміз көрінеді. Соңғы тапсырманы орындасақ біз жерге түседі екенбіз. № 23, 90 бет. Сандарды салыстырамыз.
515318967*1001312004 629815417*599931859
718419630*709987487 715318480*715418486
217648504*217648503 750000*749999
Ереже: Көп таңбалы сандарды екі тәсілмен салыстыруға болады.
Қатардағы алып тұрған орнына қарай
Сәйкес разядтары бойынша
8.Сабақты қорыту.
9.Үйге тапсырма №24 91 бет.
10.Бағалау
