Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу
Жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспар
Карбозова Айгүл Ерденқызы,
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы
№ 4 негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі
| Сабақтақырыбы: | Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.2.2.2 теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану; |
|
| Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады:
|
|
| Бағалау критерийлері |
|
|
| Тілдікмақсаттар | Оқушылар қарапайым теңдеулерді арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу негізінде шығара алады, теңдеу шешу алгоритмін біледі. Шешімнің дұрыстығын тексере алады.
Пәнге қaтысты лексикa мен терминология: – натурал сандар, жұп сандар, тақ сандар; – координаталық сәуле, координаталық сәуленің басы , нүктенің координатасы, бірлік кесінді; – арифметикалық амалдардың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік және үлестірілімділік); – өрнекті ықшамдау; -сандарды салыстыру; -теңдеу,теңдеудің түбірі,теңдеуді шешу; -сандар тізбегі; -әріпті өрнек; -өрнектің мәні; -коэффициент; -жақшаларды ашу; -ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару; -әріпті бөлік; – ұқсас қосылғыштар. Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры – координатасы үлкен нүкте координаталық сәуледе… оң жағына қарай орналасады; – координатасы кіші нүкте координаталық сәуледе …сол жағына қарай орналасады; – есептеуді тиімді тәсілмен орындау; – көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы…; -қосындыны(айырманы)санға көбейтуді орындау үшін…; -өрнекті ықшамдау үшін…керек; -теңдеудің түбірі деп…; -теңдеуді шешу үшін….керек; -теңдеуді шешу дегеніміз…; -әріпті өрнектің мәнін табу үшін… керек; – жақшаларды ашу үшін…керек; -ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару үшін…керек; – өрнекті ықшамдау дегеніміз…; – ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін … керек; – егер…қосылғыштар ұқсас деп аталады; -әріпті өрнектің мәнін табу үшін … керек. Үш тілде терминдермен таныстыру Теңдеу-уравнение-equation Теңдеуді шешу-решать уравнение- to solve the equation Белгісіз айнымалы-неизвестное переменное-unknown variable Арифметикалық амал-арифметическое действие- arithmeticoperation |
|
| Құндылықтарға баулу | Құндылықтар:
Оқушылар өз сыныптастарымен еркін диалогқа түседі, жұптық жұмыста бір-біріне көмектеседі, ақылдасып шешім шығарады, жеке жұмыста оқушылар жауапты болуға үйренеді.Болашаққа бағдар жасаймыз және рухани жаңғыруды бүгіннен бастаймыз! |
|
| Пәнаралық байланыстар | Ағылшын, логика | |
| АКТ қолдану дағдылары | Презентациямен жұмыс | |
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу |
Сабақ барысы
| Сабақтың кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
| Сабақ ресурстары |
Сабақтың басы
1. Ұйымдaстыру кезеңі.
a) сәлемдесу /1 минут
б) Жaғымды психологиялық aхуaл тудыру
2. Үй тaпсырмaсын тексеру. (Дaйын жaуaптaр aрқылы өз-өздерін тексереді). / 2 минут
Сабақтың ортасы
3. Жеке жұмыс
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында математикалық диктант жазылады, дұрыс жауап бойынша өзін-өзі тексере алады.
(3сұраққа жауап бергенге-өте жақсы, 2сұрақ-жақсы,1сұрақ-талпынады деген смайликтер таратылады) /5 минут
Математикалық диктант
- Теңдеу дегеніміз не?
Белгісізі бар теңдік.
- Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Айнымалының теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын мәні
- Теңдеудің шешімі дегеніміз не?
Осы теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірінің жок болатындығына көз жеткізу
4. Жаңа сабақты түсіндіру /12минут
Оқушылар арасында сұрақ- жауап,пікір талас,талдау, қорытындылау түрінде жүргізіледі.
5. Топтық жұмыс / Әр топқа таратпа қағаздар беріледі, топтар бірін-бірі бағалайды,бағалау парағы топтарға таратылады/ 7 минут
(сыныптағы оқушыларға үш түрлі теңдеуді шешуге есептер таратып,
а) х+13=14; б) х+9=11; в) 10-х=7 шыққан бірдей шешімдеріне байланысты 3 топқа бөлу, шешімі 1-1топ, шешімі 2-2топ, шешімі 3-3топ.
Оқушыларға әртүрлі теңдеулермен топтық жұмыс жасауды ұсынамыз.
1-топ
2-топ
3-топ
6. Оқулықпен жұмыс /5минут
Оқушылар екі нұсқаға бөлініп тапсырманы орындайды,өзін-өзі тақтадағы дұрыс жауаптарымен тексереді
7.Жұптық жұмыс/ Бірінші бітірген 2 жұпқа смайликтер беріледі /5минут
А) теңдеуді шешіп, дұрыстығын тексеріңіз:
жауабы: x=40
жауабы: y=5
жауабы: x=7
В) жұлдызшаның орнына теңдеудің түбірі 4 болатындай санды тауып қойыңыз:
жауабы: * = 4
жауабы: * = 7
жауабы: * = 5
8. Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бақылау жұмысы, әрбір оқушыға жеке-жеке таратып беру. / орындау уақыты 5 минут
| Қалыптастырушы бақылау жұмысы | |
| Бөлім.
Тақырып |
5.2В Теңдеу
Теңдеу.Теңдеудің түбірі.Теңдеуді шешу |
| Оқыту мақсаты | 5.2.2.2
Теңдеуді шешудің дұрыстығын тексеру тәсілдерін қолдану; |
| Дағдылар | Білу және түсіну, білімін қолдану |
| Жетістік критерийі |
|
| Тапсырма | |
| Білу,түсіну | Теңдеуді шешіп, дұрыстығын тексеріңдер
1. 2. 3. |
| Қолдану | 4.Мұз айдынында 21 бала сырғанап жүр. Үйге а бала кетіп қалды. 9 бала қалды. Неше бала үйге кетті? |
смайлик
слайд
Таратпа қағаздар
Сабақтың
соңы
Үйге тапсырма беру/1минут
Теңдеуді шешіп, дұрыстығын тексеріңдер
1.
2.
3.
Рефлексия. /2 минут
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болды?
- Бүгінгі сабақта өзіңізді қалай бағалайсыз?
Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Сілтемелер
Денсаулық жағдайын тексеру
АТ құндылықтар
Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылады.
Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысымы жіті қадағаланады.
Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады.
Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.
