Ұзындық. Масса. Көлем

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар

Бөлім:1 бөлім: «Сандар

және өлшемдер»

Ортақ тақырып:

«Cаяхат».«Салт-дәстүр

және ауыз әдебиеті»

Күні: Сынып: 1

Мектеп: «№8 ЖОББ көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені»КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Манапова Айгерім Халилулаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы :
Ұзындық. Масса. Көлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат

1.1.3.4 ұзындықтың см, дмөлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:шамаларды ажырата біледі,ұзындықтың арасындағы қатынастарды өлшей алады; сағаттың уақыт өлшем бірлігі екенін түсінеді;

Көптеген оқушылар:шамалардың мәнін есептей алады,

олардыңайырмаларын салыстырады;

Кейбір оқушылар:ұзындықтың см,дм өлшем бірліктері арасындағы қатынасты түрлендіре алады;

Ойлау дағдысының деңгейі: Білу және түсіну,қолдану
Бағалау критерийлері:
  • шамаларды ажыратады: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдайды; өлшейді;
  • өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшейді;
  • ұзындықтың см, дмөлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіреді;
Тілдік мақсаттар: Балалар шамаларды ажырата алады,ұзындықтың см,дм өлшем бірліктерін біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сантиметр – сантиметр – centimetre
Дециметр – дециметр – decimetre
Килограмм – килограмм – kilogram
Литр – литр – litre
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Түскі асқа қанша уақыт бөлесіз?

-Келесі аптаға дейін мен 10 см- ге өсемін бе?

– Бүгіннен бастап бір күннен соң қанша уақыт өтеді?

Құндылықтарды дарыту достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

жауапкершілік;

қарым-қатынас жасау қабілеті;

Пәнаралық байланыстар Дүниетану,сауат ашу,дене шынықтыру
АКТ қолдану дағдылары слайд
Бастапқы білім Оқушылар ұзындық,масса,көлем туралы түсініктері бар,оларды өлшеудің жолы мен құралдарын таңдай алады
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

1 минут

1 минут

4 минут

4 минут

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру мақсатында шаттық шеңбері жүргізіледі.

Сәлем саған алтын күн,

Сәлем саған жер ана.

Бүгінгі күнге сәттілік,

Тілеймін саған достарым!

«Көңіл күй» картасы жүргізіледі. Сабақ басында әр оқушы өз көңіл күйін білдіріп, картаға смайликтер жапсырады.

Қызығушылықтарын арттыру мақсатында

«Ханталапай» ойыны бойынша топқа бөлінеді.

Талапай- ау,талапай,

Табылды ойын алақай,

Асықтарды шашайық ,

Талапайға басайық.

Ойынның мақсаты:Ұлттық ойынды сабақта қолдану арқылы математика сабағына қызығушылығын арттырып,

тапқырлыққа , шапшаңдыққа баулу.

Үш түрге боялған асықтардың ішінен әр оқушы өзіне ұнаған түстегі 1 асықты таңдап алады.

I топ қызыл түсті асық – сызғыш суреті

II топ сары түсті асық -таразының суреті

III топ жасыл түсті асық – көлем

Топтарға арналған сұрақтар :

I топ – сызғышпен нені өлшейміз?

II топ – таразы не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

III топ – текшені өлшегенде нені табамыз?

1-тапсырма

(Ұ) «Кім зерек?» ойыны жүргізіледі:

-Түскі асқа қанша уақыт бөлесіз?

-Келесі аптаға дейін мен 10 см- ге өсемін бе?

– Бүгіннен бастап бір күннен соң қанша уақыт өтеді?

ҚБ: Смайлик арқылы бағаланады.

2-тапсырма

(Ж) Шамаларды өлшем бірлігіне қарай белгілеңіз.Семантикалық кесте әдісі қолданылады.

см кг г л мин дм сағ апта

ҚБ: үш сиқырлы таяқша арқылы бағаланады.

Интербелсенді тақта

«Көңіл күй» картасы

Қоржында:

қызыл түсті асық,сары түсті асық, жасыл түсті асық

Ұн,айран,ай,

тұз,текемет,

сандық,сағат

суреттері салынған кесте

Сабақтың ортасы

25 минут

3-тапсырма

(МК) «Құпия дорба» стратегиясы
Дорбаның ішіне ұзындық, масса, сыйымдылықты өлшейтін заттарды салу. Оқушылар олардың қандай заттар екендігін атайды.
Дорбаның ішіндегі заттарды алып, олардың қайда пайдаланатындығын түсіндіру.
Сызғыш, сантиметрлік лента – заттардың ұзындығын өлщейтін құрал. Ұзындықты см, дм өлшейміз.
Таразы – дененің массасын анықтайтын құрал.
Массаны кг өлшейміз.
Шыны ыдыспен сыйымдылықты өлшеуге болады.
Сыйымдылықты л өлшейміз.
Заттарды салыстыру: ұзын – қысқа
Сынып бөлмесінің ұзындығы, ені.
Партаның ұзындығы, ені.
Кітаптың ұзындығы, ені.

Сабақтың соңы

10 минут

4- тапсырма

(Ө)Шамалардыөлшеуқұралдарыменсәйкестендіріңіз. Суреттіңастынатиістіөлшем

бірлігінжазыңыз.

ҚБ:

5-тапсырма

(Т) Суреттерді тиісті өлшеу құралдарымен сәйкестендіріп сызыңыз және

шамаларының атауын жазыңыз.

  • Өлшембірліктерінжазыңыз.

– Ұзындықөлшембірліктері: ______________

– Массаөлшембірлігі: ______________

– Сыйымдылықөлшембірлігі: _____________

ҚБ:

6-тапсырма

(Ж)Шәйнекте үш литр су бар. Шәйнектегі судың көлемін анықтау үшін неше ыдыс

керек? Белгілеңіз.

7-тапсырма

Ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіріп жазыңыз.

«Көңіл күй» картасы жүргізіледі. Сабақ соңында әр оқушы өз көңіл күйін білдіріп, картаға смайликтер жапсырады.

Оқушының аты Сабақ басында Сабақ аяғында
Салтанат
Алинұр
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Көңіл күй» картасы, «Кім зерек?» ойыны, «Құпия дорба» стратегиясы,

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше