Акробатикалық жаттығулар
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы
Шахта орта мектебі Дене шынықтыру пән мұғалімі
Табылғанұлы Дәулетбек
| Пәннің аты | Уақыты: 21.11.2017 | Сыныбы: 5 ә | Мұғалім: Табылғанұлы Д | |||
| Сабақтың атауы | Акробатикалық жаттығулар. | |||||
| Мақсаты
Күтілетін нәтиже |
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денесін жаттықтырады,алған білімін өмірде қолдана алады. | |||||
| Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық
«Жүректен – жүрекке» шеңбері Бір біріне жақсы тілектерін айтады |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||||
| Топқа бөлу | Оқушылар саналып топқа бөлінеді ( 1, 2, 3 ) | Оқушылар сай топтарға бөлініп отырады. | ||||
| Қызығушылықты ояту | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.
Жаңа сабақты түсіндіру. Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. -Екі қол белде өкшемен жүру. -Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. -Бір қалыпты жеңіл жүгіру. -Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. -Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. -Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. -Екі қол тізеде толық отырып жүгіру. -Отырып секіре жүру. -Дем алу, дем шығару. |
|||||
| Сергіту сәті | Бой жазу жаттығулары. | |||||
| Жаңа сабақ | Акробатикалық жаттығулар.
Алға домалау жаттығулары: Көрнекілік арқылы түсінік беру. Іс-жүзінде жаттығуды көрсетуып отыру. Қатар бойынша екі оқушыдан шығару. 1. Екі аяқты қосып отыру. 2. Алға қолды тіреп еңкейю. 3. Алға домалау 4. Тізені ұстап айналып отыру 5. Қарлыңғаш тәрізді тұру. Артқа домалау жаттығулары: 1. Теріс қарап екі аяқты қосып отыру. 2. Тізені ұстап артқа құлау. 3. Қолмен итеріліп аударылу. 4. Қолды тіреп отыру. 5. Бастапқы қалыпқа келу. Жауырынға тұру тәсілдері: 1. Теріс қарап жүреден отыру. 2.Тізені ұстап артқа құлау. 3.Аяқты бүгіп , қолды белге тіреу. 4. Жауырынға тұрып қолды белге ұстау. |
|||||
| Ой толғаныс | БББ кестесі
|
|||||
| Үйге тапсырма | Бір қалыпты жүгіру | Күнделіктеріне жазып беремін | ||||
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Доппен бағалау | ||||
| Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады | |||||
