Рационал сандарды кординаталық түзудің көмегім ен қосу
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№3 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Тобажанова Саягүл
Пән: математика
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы:Рационал сандарды кординаталық түзудің көмегімен қосу
Сабақтың мақсаты: тақырыпты меңгеру, тәсілдерді пайдалана отырып, рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосуға есептер шығаруға дағдылану.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызғыш, қарындаш
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Топқа бөлу
Әр топқа жақсы тілектер айтқызып, сабақты бастау
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
1. Оң санның модулі дегеніміз не?
2. Теріс санның модулі дегеніміз не?
3. Нөл санының модулі дегеніміз не?
4. Қарама-қарсы сандардың модульдері дегеніміз не?
5. Рационал сандарды салыстыру.
ІІІ. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс.
1-топ. 1-мысал
2-топ. 2-мысал
3-топ.3-мысал
4-топ. 4-мысал
Класс жұмысы. №425-429
Топтық жұмыс
1-топ. №426 1)
2-топ. №426 2)
3-топ . №426 3)
4-топ. №426 4)
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
Рефлексия
«Алақан»
Бас бармақ Не ұнады?
Балан үйрек Жаңа не білдім?
Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?
Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
Кішкентай бөбек Не білгім келеді?
Ү. Үйге тапсырма. №430, №432
ҮІ. Бағалау.
Топты бағалау.
Салыстыруға берілген есептер
1. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма?
2. Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер ме?
3. Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстатады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдей. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.
