Өрге жетелеген өнер (Теміржан Базарбаевтың бала лық шағы туралы естелік)

ШҚО,Семей қаласы

«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ

Абенова Рымжан Муслимовна

Хор студиясының жетекшісі

Өрге жетелеген өнер

(Теміржан Базарбаевтың балалық шағы туралы естелік)

Музыка шексіз әлем. Рухани жан әлемінің ағызы өнер атты дүниенің қойнауына ену,оның ауыртпашылығы мен болмысын еркін меңгеру – кез келген адамға бұйыра бермейтін қасиет.Осынау Алланың берген таланты мен дарынын бойына сіңірген дарын иесі – Теміржан Базарбаев.

Темиржан Базарбаев 1935 жылы 13 наурыз күні Алматы облысы, Алакөл ауданында табиғаты сұлу әдемі ақ-қарлы Алатаудын етегінде,Тентек өзеннің жағасында дүниеге келген.Руы-найман.Революцияға дейін 1917 жылдары оның әкесі жағынан туыстары бай қазақ қоғамында беделді адамдардың бірі болған. Атасы Нұғманда табын- табын малдары және жері болды. 1930 жылдары коллективизациялау кезінде ақсақал Нұғман тағыда басқа ағаларымен Қытайға кетеді, малдарды сақтау үшін таулы Жоңғар қақпасынан өтеді, оның табын- табын малдары шегараны асу үшін екі күндей жүреді. Нүғман туған жерінде әйелін Зере, баласын Базарбайды келінін Муғулсімді және кішкентай немересін Теміржанді қалтырып кетеді. 1937 жылы Нүғман қайта оралып отбасын алып кетуге Жоңғар қақпасынан өтіп келе жатқанда оларды атып тастайды,Үшаралдын қасында үлкен шұнқырға жерлейді.

Теміржан бір әкеден жалғыз болды. Әкесі Базарбай Нүғманұлы ауылда фельшер болып істейтін өте ақылды мейрімді кісі болатын. Анасы- Мүгүлсім Қалдыбайқызы әдемі де сүйкімді, музыкалық дарынды болатын.Кішкентай кезінен анасының әдемі әуенімен орындаған әндерін тыңдап өскен -бала.Мүмкүн осы әндер оның шығармашылық қаблетін оятқан.

Теміржан екі жасқа келгенде апасымен, әкесімен қалады. Ауыл кішкентай болатын анасы жаңа отбасын құрса да, баласын анда-санда көріп тұратын.Туған шешесі Мүғүлсім екінші күйеуінен Сараш атты бір қыз көрген. Артында ұрпақтары бар Алакөлде тұрады.

Теміржан бала кезінде ауырушаң болатын, көп ауырытын. Аз уақыт болсада ,туған туыстарымен, заманның қиыншылығына қарамай бірге өткізген күндерді ең бақытты кез деп санайды .

Көпке ұзамай әкесі үйленеді,Теміржанның 1938жылы Уміт деген қарындасы дүниеге келеді,ол оны керемет жақсы көретін.Интернатта немесе консерваторияда оқып жургенде ауылға қарындасына келіп жүретін,кейін Семейгеде өзімен бірге алып келді.

Теміржанның өгей шешесі Күлжамалдың екінші күйеуінен Алтын, Темірбай деген бір ұл, бір қыз туды. Семейден пәтер алғаннан кейін, оларды Алакөлден қасына көшіріп алды. Бұларда өмірден озған. Бала –шағалары Семейде тұрады.

1941 жылы соғыс басталып, алты жасар Теміржан өгей шешесінің қолында қалады.Ер азаматтың бәрі майданға кетіп,ауылдың бар ауыр жұмысы қарттар мен әйелдердің еншісіне қалады. Күлжамал ауыр еңбекке білек сабына кіріседі. Кішкентай Теміржанды таңертеңнен кешке дейін үйге қамап кетеді. Басқа шара жоқ. Қарын тойып ішетін тамақта тапшы. Осылай қаршадай Теміржан тағдырдың тауқыметін тартады.

1942 жылы атты кавалерия қатарында соғысып жүрген Базарбай кезекті Курск маңайында бір шайқаста қаза табады. Үйіне «қара қағаз»келеді. Осылайша әкеден айрылып,тұл жетім қалады. Туған апасының қайтыс болуы, әкесінің соғыстан оралмауы,өгей шешесінің жат қылықтары . Қуанышсыз өткен балалық шағы бала көңілінен өшпес орын алған.

Кішкентай баланың басында не бір ойлар туады.Бір күні суға барамын деп Теміржан өзеннің қасына шелектерін тастай салып, алдында жаткан үлкен жолға түседі.Сөйтіп жаяулатып Үшаралға келеді, онда анасы жағынан Баймухан деген нағашы ағасы тұрады. Ол мәдениет саласында істейтін,ауылда қадірлі кісі болатын. Тамағы тоқ,Теміржан үйренген үй шаруасына көмектесіп,Бай-мухамед ағасымен көп әңгімелесетін. Бір күні ағасы: «Сен өстіп жүресін бе? Саған оқу керек » ,-деді ол.

1945 жылы Үшаралдан алты шақырым жерде ,Қарабұлақ аулындағы жетім балалар үйіне өткізеді.

Балалар үйіне келіп,үйде жалғыз қамалғаннан құтылдым.Үш уақыт тамақ ішітін болдым. Балалармен ойнап, көңілім де жақсарды. Бірақ бізге сол интернаттың жасы үлкен балалары күн көрсетпейтін.

Интернаттын балаларын шөп жинауға,егін жыртқанда өгізді жетектеуге қырманға апаратын. Сонда әйелдер мен еркектер ән салатын. Мен сол кісілерден біраз халық әнін үйрендім, әсіресе «Екі жирен» әнін жақсы көруші едім.Кейін нотаны меңгергенде алғашқы нотаға түсіріп,өңдегенім осы ән болды. Ең алғашқы симфониямдағы басты тақрыбы осы «Екі жирен» әні. «Осы әнді естісем, бақытсыз балалық шағым көз алдыма келеді», – деп ұзақ отырып қалатын.

Теміржан интернатта көп оқитын, көркемөнерпаздар байқауына қатысып, хорда өлең айтатын. Сол балалар үйінен бастап, шығармашылық тағдыры басталады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше