Көп тілдің пайдасы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас бөлімі | ШҚО Семей қаласы
«№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ |
||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сапышева Гульнар Тлеукановна | ||||
| Сынып: 5 | Қатысқандар:18 | Қатыспағандар:0 | |||
| Сабақтың тақырыбы | Көп тілдің пайдасы | ||||
| Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Тыңдаған мәтіннен ақпаратты анықтайды (5.Т/А3)
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. |
||||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады:
мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойды анықтайды. |
||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
мәтін мазмұнын талдайды, мәтіннен түсінгендерін жеткізе біледі, тірек сөздерді табады. |
|||||
| Кейбір оқушылар орындай алады:
мәтін мазмұнына терең үңіледі, бүгінгі өмірмен салыстырады, өз ойларын дәлелдейді. |
|||||
| Бағалау критерийі |
|
||||
| Тілдікмақсаттар | Оқушы орындай алады:
|
||||
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
мәдениет, жүйе, тіл қаруы, сөз қаруы. |
|||||
| Талқылауға арналған сұрақтар:
Мәтіннің негізгі идеясы не деп ойлайсың? Мәтіннің қандай тәрбиелік мәні бар? |
|||||
| Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мəдениет пен тілдіңбіртұтастығы. | ||||
| Пəнаралықбайланыс | Қазақстан тарихы. | ||||
| Алдыңғыбілім | Телефонмен сөйлесу әдебі. | ||||
| Жоспар | |||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы | Психологиялық жағымды орта құру
«Мен саған тілеймін…» «Шеңберге жиналу» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді Қызығушылықты ояту «Лучше всех» бағдарламасынан полиглот бала туралы бейнефильм көрсету. (6 жастағы Александар деген бала туралы, Шекспир мен Гамлеттің шығармаларын бірнеше тілде оқиды) С. Мұғалім оқушыларға қазіргі қоғамда тілге байланысты кездесетін мәселелер туралы ойталқы сұрақ: Қазіргі уақытта көп тіл білудің пайдасы бар ма?. Оқушылар өз ойларын «ПОПС» формуласы бойынша білдіреді. «ПОПС» формуласы 1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … » 2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 3. Үшінші сөйлем«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » 4. Соңғы сөйлем«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …» Бағалау критерийлері:
(ҚБ) Бағалау белгілері, «Басбармақ» әдісі. |
You Tube сайтынан алынған | |||
| Сабақтың ортасы | Ж.
Тыңдалым тапсырмасы. Мұғалім берілген мәтінді аудио форматта ұсынады. Оқушылар мәтінді тыңдайды. Тыңдалым дағдысы бойынша дебат ойынын өткізеді. Т. «Жылдам дебат» әдісі . Тақырыбы: «Бұл палата: Көп тіл білудің пайдасы бар деп есептейді» І топ- жақтаушылар ІІ топ-жақтаушылар ІІІ топ-сарапшылар Бағалау критерийлері:
(ҚБ) Бағалау белгілері «Бағдаршам» әдісі. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Саралап оқыту тәсілі бойынша оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар. Стикер тарату арқылы деңгейлері анықтаады. С Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсіну және және қосымша ақпаратты анықтау үшін «Жүзіп шығу» стратегиясы қолданылады, оқушылар мәтіннен тірек сөздерді табады. (барлық топтарға 5 минут уақытта жауап беріледі) Ж. «Жеке ойлау уақыты» Оқушыларға «Көп тілдің маңызы» төңірігінде тыныштықта, кедергісіз ойлануға мүмкіндік беріледі. Ойлау уақыты берілгенде олар мәселені әдеттегіден де тереңірек ойластырып, зерделеуге мүмкіндік алады. Ж. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» шағын ойтолғау. Бағалау критерийлері:
(ҚБ) Бағалау белгілері, Смайликтермен бағалау. |
http://www.kyzdar-alippesy.kz/?p=791-
Тіл, сөйлеу – адам ұятының өлшеуіші |
|||
| Сабақтың соңы | Кері байланыс «Тазалық ойыны»
Оқушылар бағалау парақшалары арқылы өзін-өзі бағалайды. Чемодан- оқушы мәтіннен өзіне керек ақпаратты алады. Еттартқыш- бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек. Қоқыс- бүгінгі ақпараттың ішінде керек емес. |
||||
| Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | |||
| Тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастыру негізінде оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды әр түрлі әдіс
тәсілдермен бере отырып, мәтін мазмұнын толық игеруге бағыт беремін.Тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тиімді тыңдалым ұйымдастыруға қолдау көрсетемін. Бүгінгі таңдағы мәселелерді көтере отырып, салыстырып, өз ойларын дәлелдермен ашық жеткізуге бағыттаймын. |
Топтар арасында жұмыс жасау, талқылау барысында бір-біріне көмек беріп, қолдау көрсету арқылы бағалау. Жекелей ,топтық жұмыстарда өзара,бірін- бірі әртүрлі әдістер арқылы бағалау.
«Басбармақ» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, Смайликтермен бағалау. |
Қазақстан тарихы, АКТ, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
құндылық-тары. |
|||
