Ынтымақтастыққа түсе білу – берекелі білім беру ге нақты қадам.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Сам орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Лесерова Меруерт Сәдірқызы
Ынтымақтастыққа түсе білу – берекелі білім беруге нақты қадам.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы,
Ұстаз болу– мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы …..
Мінекей, бұл өз ертеңін ел болашағын арнаған, елдің баласына үйіп–төгіп білімін, тәлім тәрбиесін, ақылын беремін деп бел шешкен маман иелеріне айтылған әдемі теңеу. Ұстаз бола салу оңай іс емес. Ол тек қолыңа қалам мен бірнеше дәптерді арқалау немесе ақ бор ұстап тақтаның алдында 40 минутты өткізу емес.
