Жақсы сөз – жанға қуат
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Жаңажол орта мектебі
Тақырып: Жақсы сөз – жанға қуат.
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Сыйластық, іскерлік, ізеттілік.
Мұғалiм: Жоламанова Ұ А. Класс 4а Оқушылар саны 15
| Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері: -Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. –Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту. – Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: |
| Сабақ барысы: 5т.(тыныштық ,талап, тыныштық ,тазалық , татулық)
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаны-ңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз аға шыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
үнтаспа. |
| 2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Сыпайы қоян». ( Мексика ертегісі.) ертегіні оқып, түсінігін айту, талдау. Сұрақтарға жауап беру. -Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды? -Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар? |
Оқулық, |
| 3.Дәйексөз: «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Науаи.
Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі Бәріміз қосылып айту, 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. |
тақта |
| 4.Әңгiмелеу (сұхбат). Күннің шуақты сәулесі. Р.Әбілдақырова.
Бақыттың туған күніне көп адамдар жиналды. Ауылдан немересінің сыбағасын арқалап, атасы мен әжесі де жетті. Дастарқан басында неше түрлі жақсы тілектер айтылды. Бұл жолы да солай болды. Баланың таңғалғаны – қонақтардың көпшілігі Бақытқа зор денсаулық, бақыт тіледі. Денсаулықтың не екнін ол біледі. «Ал бақыт деген не? Менің атым неге Бақыт?» – деп ойлады. Осы сауалға іштей жауап іздеген Бақыт көпке дейін кірпік ілмеді. Сәлден кейін: -Әже,-деді Бақыт сыбырлап,-қасыңызға барып жатайын ба? -Келе ғой, құлыншағым!-деп әжесі керуеттің қабырға жағынан орын босатты. Ол әжесінің төсегіне қойып кетті де: -Әже, бақыт деген не? Менің атым неге Бақыт?-деп сұрады. -Ойпыр-ай, көкешім-ай, не десем екен,-деп әжесі қиналып қалды. -Бақыт деген алғаш «бақыт құсы» болып, адамдардың армандарында жүрді, түсіне кіреді. Бақыт? Балалар ылғи «бақа» деп мазақтай береді. -Сенің есіміңді атаң қойған. Өте жақсы ат! Бақыт деген аспандағы күн тәрізді. Күннің сәулесіндей оның да ғажайып жылуы бар. Тіпті жақсы адамның өзі-бақыт! -Әже, сонда мен де күннің сәулесіндеймін бе? -Иә, балам, жақсы бала болсаң, сен де күннің шуақты сәулесісің! -Әңгіме кімдер туралы? -Бақыт кімнің аты? -Бақытты адам дегенді қалай түсінесің? -Бақытты болудың қандай жолдары бар? -Қандай адамды бақытты деуге болады? |
|
| 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Жақсы сөздер» жеп жазылған плакатты тақтаға іліп, топтастыру жасайды.(маркермен жазып шығады). |
Маркер |
| 6.Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ әндер. Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар Жақсы адамдар Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Жақсы адамдар -3рет. |
үнтаспа |
| 7.Үй тапсырмасы. «Екі дос» 53-55бет, дәптер 9сабақ. | |
| 8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады. |
