Қорғауға алынған жануарлар

САБАҚ: Қазақ тілі Мектеп: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы № 41 орта мектеп
Күні: 14.11.17 Мұғалімнің аты-жөні: Жайлаубекова Кымбат Тумабаевна
Сынып: 5 Т2 Қатысқан оқушылар саны: 12 Қатыспағандар:-
Сабақтың тақырыбы Қорғауға алынған жануарлар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым материалының мазмұнын түсінеді.

Көпшілік оқушылар орындай алады: Берілген сұрақтар мазмұнын түсінеді, сұраққа лайықты жауап береді.

Кейбір оқушылар(қабілетті) орындай алады: Тыңдаған материалды түсінеді,сұрақтарға жауап береді, диалогке құрады.

Ойлау дағдысы Білу, түсін, қолдану
Жетістік критерийлері · Мәтін мазмұнын түсінеді.

· Сұраққа лайықты жауап береді.

· Диалогқа қатысады .

Тілдік мақсаттар Оқушылар: қорық, ақбөкен, қар барысы сөздерімен танысады.

Пән лексикасы және терминология: Қызыл кітап, қара кітап, үй жануарлары , жабайы аң құстар, Қара кітап.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған керекті тіркестер:

Сіз білесіз бе? , неліктен? , не себепті?, қалай ойлайсыз? қалай? қашан?

Осыған дейін меңгерілген білім

5 мин

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы бірнеше сұрақтарға жауап береді.

1.Қандай жануарларды білеміз?

2.Үй жануарлары туралы не айта аласыздар?

3.Жабайы жануарлар қайда мекендейді?

Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Дереккөздер
Сабақтың басы

7 минут

Топтық жұмыс

10 минут

«Кинометафора» әдісі

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» арқылы ортаға шығып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

Қар барысы, Ақбөкен, Қос аяқ (Сурет беріледі)

Оқушылар таңдап алынған суреттері бойынша 3 топқа бөлінеді.

1-тапсырма. Бейнежазбадан « Қорғауға алынған жануарлар» атты ролик көреді. Бейнежазбаны көргеннен кейін мазмұнын анықтайды, мазмұны бойынша 3 сұрақ әзірлейді, келесі топтар арасында бөліседі.Блум таксономиясының түсіну дегейі жүзеге асырылады.

Дескриптор:

-Мәтін мазмұнын анықтайды;

-Мазмұны бойынша 3сұрақ дайындайды

-Топта орындалған жұмысты, топ арасында талқылайды.

Шеңбер бойынша бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.

Сабақтың ортасы

12 минут

Диалог құру

9 минут

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтінді жұппен кезектесе, бірігіп оқиды. Мәтін бойынша Solo әдісі арқылы кестені толтырады. Блум таксономиясың білу деңгейі жүзеге асырылады.

Қорғауға алынған жануарлар

Қазақстанның табиғат қойнауы түрлі аң-құсқа, жануарларға өте бай. Соның ішінде құлан, дуадақ, қар барысы, ақбөкен, киік және көптеген жануарларды жатқызуға болады. Қазақстан аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетінжануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым 1978 жылдан бері шығарыла бастады.

Құлан – сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды.Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.

Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң, көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.Сонымен бірге қызыл кітапқа барыс аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр аңдар мен құстар кіреді.

Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің – 40 түрі, енгізілді.

Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады.Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес,сондықтан оларды қорғау, сақтау керек!

Оқушының аты-жөні__________________

Кім? Не? Не үшін? Қашан? Неліктен

Дискриптор

– Мәтінді кезектесе, бірігіп оқиды.

– Мәтін мазмұнын түсінеді.

– Мәтін бойынша кесте толтырады.

Жұптар бір- бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Қызыл – өте жақсы орындады.

Жасыл – дұрыс орындады, бірақ қатесі бар.

Сары – Орындай алмады, қатесі көп.

3-тапсырма. Жеке жұмыс

«Қорыққа барғанымда…» тақырыбында Сіз білесіз бе? , неліктен? , не себепті?, қалай ойлайсыз? қалай? қашан? сөздерін пайдаланып қорықшы мен келуші арасындағы диалог құрастырыңыз. Блум таксонмиясының қолдану деңгейі жүзеге асады.

Дескриптор

– Сұрақты дұрыс құрайды.

– Диалогқа қажетті сөздерді пайдаланады.

Оқушының аты-жөні Қосымша мәліметті пайдаланды. Бүгінгі күнге дейін меңгерген білімін пайдаланды Бүгінгі сабақта алған ақпаратты пайдаланды

«+», «-» белгілерін қою арқылы баға береді.

Сабақтың соңы

Рефлексия

4 минут

Бағалау

4 минут

Қызыл – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қызғылт сары- алған ақпарат өмірмен байланысты ма?

Сары – алған ақпараттар тиімді берілді ме?

Жасыл – бүгінгі сабақтан не алар едің?

Көгілдір – Сыныптастарыңның көмегі болды ма?

Көк – Сабақ мақсатына жеттің бе ?

Күлгін-Қандай ұсыныс айтар едің?

Бағалау крийтерилері арқылы мұғалім өзі бағалайды.

Оқушының аты-жөні Мәтін мазмүнын түсінді Сұраққа дұрыс жауап берді Диалог құра алды Қосымша мәлімет пайдаланды
Қосымша ақпарат
Дифференциация – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс(тәрбиелік элемент)

Сабақтың басында тыңдалым мағынасын ашу үшін оқушыларды 3 топқа бөлемін. Топқа бөлудегі мақсат: Сыныбымда тілді әр түрлі деңгейде меңгерген оқушылар бар( Мысалы ,мәтін мазмұнын түсінеді, бірақ айта алмайды немесе сөздер сөз тіркестерін ұсыну арқылы ғана мәтін құрай алатын оқушылар бар.Сол себепті де топқа бөлгенде сол қажеттіліктер ескеріледі. Топтық жұмыста ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды, бір-біріне көмектеседі, түсіндіреді. Тапсырмалар оқушылардың қажеттілін ескере отырып, оңайдан қиынға қарай дамып отырады. Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін мынадай әдіс-тәсілдерді пайдаланам. «Себет » әдіс – бұл әдістің оқушылар үшін тиімділігі қызығушылығы, сабаққа деген ынта пайда болады.

«Кинометафора» әдісі, бұл әдістің оқушылар үшін тиімділігі тыңдалым алдындағы тапсырманы орындауда байқалады.5-сыныптың оқушысына берілген мәтінді оқығаннан гөрі көзбен көріп, тыңдаған тиімдірек болады.Оқушылардың көру арқылы тыңдау қабілеті дамиды.

«Бағалауды тиімді жүргізу үшін топтар бірін-бірі бағалайды және мұғалім бағалайды.

Жаратылыстану бағытындағы пәндермен байланысы бар, әсіресе Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жануарлардың мекендейтін жерлері, тұрағы туралы ақпарат география пәнінен алған білімдерін көрсетеді.

Оқушы тыңдалым материалын АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып көреді.

жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық; креативті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылыққа үйренеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзг ерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Бүгін оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарда өзін-өзі бағалауды, бірін-бірі бағалауды үйренді.

Сыныптағы оқу атмосферасы жағымды болды

Саралау қолымнан келді деп ойлаймын, оқушылар үшін де тиімді болды.

Жұптық жұмыс кезінде жұбымен ойласа отырып, рөлдік тапсырманыбірлесе орындауға тырысады.Жеке жұмыста оқушы өзінің шағармашылық қабілетін көрсетуге еркіндік берілді.

Жоспарлаған уақытымды ұстандым.

Мен жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Топтық, жұптық, жеке жұмыс

2. АКТ –ны қолдану, белсенді әдіс-тәсілдер

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ?

1. « Кинометафора »әдісі

2. «Solo» әдісі

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Кейінгі сабақтарымда критериалды бағалауды жетілдіре түсу

Жайлаубекова К.Т..pptx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше