§ 30 – 31 Республиканың рухани өмірі: білім және ғы лым. Әдебиет және өнер.
Шалқар қалалық № 3 орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Айтымбетова Лаззат
| Сынып | 9 А/Б | Күн | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Пән | Қазақстан тарихы | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Сағат | 1 сағат | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Тақырып | § 30 – 31 Республиканың рухани өмірі: білім және ғылым. Әдебиет және өнер. | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Мақсаты | 1970 – 1980 жж білім беру, ғылым, өнер, көркем әдебиеттің даму деңгейін анықтай отырып, басқа кезеңдермен салыстыру және оларға тарихи баға беруге үйрету. | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Көрнекілік | Қазақстан картасы, оқулық, 1970 – 80 жж оқу орындары сызылған кесте, плакаттар, шағын кітап көрмесі | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Әдіс-тәсіл: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Ассоциация, сұрақ – жауап, ауызша баяндау, салыстыру, талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Өткен сабақты қайталау: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың барысы : | ||||||||||||||||||||||||||||||||
А) Жаңа сабақты хабарлау. «Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қол жеткізер» Ж. Баласағұн Ә) «Білім беру» дегенді қалай елестетесіз, ассоциация жасаңыз. Мектепке дейінгі Бастауыш білім беру Аспирантура Орта білім беру докторантура Кәсіптік білім беру Оқулықтар, оқу құралдары Негізгі білім беру Жоғарғы оқу орындары
А) Оқулықты ашып, мәтінді жауапкершілікпен оқып шығу. Ә) Мәтінді оқып болғаннан кейін мәтін бойынша «Үш жақты түсіндірме күнделік» кестесін толтыру тапсырылады.
Б) Дәптерлеріне жазып болған соң, топта өзара талдауға уақыт беріледі, бір-бірін тыңдайды. Топ ішінен өздері үздік деп санаған 2-3 маңызды оқиғаны 1 оқушы айтады. Әр топ осылай жауап береді. (3-бағандағы сұрақтарға топтың немесе басқа топ оқушылары жауап береді, оқушы жауап бере алмаған сұраққа мұғалім жауап береді). В) Тақырып мазмұнын ашу үшін оқушыларға қосымша әр топқа әр түрлі материал таратылады. Үлестірілген қосымша материалды әр топ мұқият оқып шығады. Барлығы оқып болған соң, әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырмалар: 1 – топ. 1970-1980 жылдары білім беруді 1950-1960 жылдары білім берумен салыстыру (Венн диаграммасы арқылы). 1970-1980 жж білім беру ортақ ой 1950-1960 ж ж білім беру 2 – топ. 1970-1980 жж. ғылым дамуындағы жетістіктер мен олқылықтарды жазу.
3 – топ. 1970-1980 жылдары қазақ көркем әдебиеті мен өнерінің дамуында қандай кедергілер болды деп ойлайсыздар? (Болмаса оны дәлелдеу). Қазақ тіліндегі туындылардың үлесі кеміп, орыс тіліндегі кітаптардың үлесі артқан. Қазақша кинодраматургиясының тапшылығы сезілді. Цензурадан өтпей, көпшілікке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды. 1975 жылы жарық көрген О.Сүлейменовтың «Азия» атты кітабы, тағы да басқа жазушылардың шығармалары тауар айналымынан алынып тасталды, кітапханалардан аластатылды, жаңа басылымына тыйым салынды. 4 – топ. 1970-1980 жылдары білім беру мен қазіргі білім беруді «Т» кестесі арқылы салыстыру.
Тапсырманы әр топ өз топтарында талдап, ортаға 1 оқушы шығып, топ пікірін қорғайды. Қалған топ тыңдап, сөйлеген топқа 1 пікір, 1 сұрақ қояды. 3. Ой – толғаныс. А) 1970 – 1980 жылдары ақын – жазушылар, сазгерлер, әншілер туралы кестені пайдаланып, сәйкестікті табу.
Мысалы: М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне әнін жазған Ш.Қалдаяқов, орындаған – М.Ералиева. Қ.Мырзалиевтің «Тамды аруы» әнін Ш.Қалдаяқов шығарған. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтыбекіту : | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Топтар бір – біріне сұрақ қою арқылы, алған білімді бекітеміз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Үй жұмысы : | ||||||||||||||||||||||||||||||||
§ 30 – 31 тақырыптарды оқу.
§ 29 – 31 тестке дайындалып келу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақты бағалау : | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| Оқушыларды бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
