§ 34. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№ 3 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Айтымбетова Лаззат
| Сынып | 7 А/Б | Күні | ||
| Пән | Қазақстан тарихы | |||
| Сағат | 1 сағат | |||
| Тақырып | § 34. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары | |||
| Мақсат | Қазақ жеріндегі 14 – 15 ғасырлар арасындағы өмір сүрген мемлекеттердің кейін осы жерде Қазақ хандығының құрылуына тигізген әсері, оны құрушы Жәнібек пен Керей хандардың еңбегі туралы, жалпы сол кездегі тарихи оқиғалар жөнінде әңгімелеу. | |||
| Көрнекілік | Сызбалар, карта | |||
| Әдіс-тәсіл: | ||||
| Сызба, картамен жұмыс, сұрақ – жауап | ||||
| Өткен сабақты қайталау: | ||||
| Сабақтың барысы : | ||||
| Сабақтың мазмұны:
Қазақ жері – Монғол империясы : 1. Жошы ұлысы – Алтын Орда: а)Ноғай ордасы б)Ақ Орда – Әбілқайыр хандығы 2. Шағатай ұлысы – Моғолстан мемлекеті Қазақ хандығы (1465-1466 жж) Құрылған хандықтың хандары: 1465 – 1473 Керей 1473 – 1479 Жәнібек 1580 – 1582 Шығай 1480 – 1511 Бұрындық 1583 – 1598 Тәуекел 1511 – 1518 Қасым 1598 – 1628 Есім 1518 – 1523 Мамаш 1628 – 1652 Жәңгір 1523 – 1532 Таһир 1680 – 1715 Тәуке 1532 – 1537 Бұйдаш 1715 – 1718 Қайып 1538 – 1580 Хақназар 1718 – 1729 Болат Болат хан Ұлы жүз орта жүз кіші жүз Х а н д а р ы Жолбарыс Сәмеке Әбілқайыр Қазақ – жоңғар соғыстарының бастылары 1718 жыл – Аягөз шайқасы 1723 жыл – “Ақтабан шұбынды алқакөл сұлама” оқиғасы 1726 жыл – “Қалмақ қырылған” шайқасы 1729 жыл – Аңырақай шайқасы Сабақтың негізгі мазмұны: XV ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында қазақ тайпалары мынандай географиялық аймақтарда орналасқан: Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейін; Қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау аралығы; Арғындар – Ертістен батысқа қарай, орталық Қазақстан; Керейлер – Жетісу, Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы, Обь және Тобыл өзендері аралығы; Дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі; Қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойы; Үйсіндер – Жетісуда; Жалайырлар – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісуда. |
||||
| Сабақты бекіту : | ||||
| Тарихшы М.Х.Дулати былай деген екен…1465 – 1466 жж аралығында осы хандықтан Жәнібек пен Керей бөлініп кеткен. Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанады. Олардың жалпы саны 200 мың адамға жеткен. | ||||
| Үй жұмысы : | ||||
| § 34 оқу, түсіну | ||||
| Сабақты бағалау : | ||||
| Оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау | ||||
