Тренинг «Достық»
Атырау қаласы
№43 «Арман» балабақшасы
психолог маманы
Кош магамбетова К.
Тренинг «Достық»
Мақсаты: Достық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, адал дос болуға, қоршаған ортамен дос болуға үйрету, қарым-қатынас өрісін дамыту.
Міндеті: Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік бере лтырып, өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту, бірін-бірі сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амансыңдар ма балалар!
-Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!
-Қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
(Балалар амандасады, хормен)
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Танысу тренингі: «Жүректен жүрекке».
Тренинг ережелерімен таныстыру.
- Көңілді болу.
- Бір-бірімізді тыңдай білу.
- Уақыт пайдалану.
- Тапқыр, шапшаң болу.
- Ұқыптылық сақтау.
Балаларды шеңбер бойында тұрған орындыққа шақырылады.
Кел, ойланайық пікірлесейік!
-Енді балалар мына бір өлең жолын тыңдап көрелік.
Ф.Оңғарсынова, «Тату доспыз бәріміз»
Күннің нұрын сүйеміз,
Дос болғанды сүйеміз.
Әрқашанда біргеміз,
Достарменен күлеміз.
-Балалар, мына бір өлең не туралы айтылған? (Достық)
Сұрақ: -Достарымыз көп болу үшін біздер қандай болуымыз керек?
Тыныштық сәті:
Балалар, орындарыңызда емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы туралы, досының қандай болғанын қалайтыны жөнінде айтады?
- Досымызды ойлап болсақ, ойымызды ортаға салып, ой бөлісейік.
«Бірлік, Достық» үйін салу. Ұжымдық жұмыс.
-Балалар, біздің адал достарымыз әлі де көп болу үшін, бәріміз бірігіп үлкен үй салуымыз керек.
Сол үлкен үйді «Достық, Бірлік» үйі болып аталсын!
Ойын: «Даусынан таны»
Мақал-мәтел.
Достық туралы мақал -мәтел.
Ойын: «Мен бәрімен доспын»
Балалар шеңберде тұрады.
- Күн нұрын шашқан жақсы ма?
- Ауада жүрген жақсы ма?
- Достармен бірге жүрген жақсы ма?
- Мамаларыңа жүгірген жақсы ма?
- Үйлеріңде демалған жақсы ма?
- Билеген жақсы ма?
- Ойнаған жақсы ма?
- Қазақстанда тұрған жақсы ма?
Қорытынды, рефлекция.
Топтастыру сратегиясы- Достар.
Өмірімнің ережесі «Мен»
Біз кімбіз балалар?
- Жігер деген –Мен
- Күш деген- Мен
- Кешірім деген- Мен
- Денсаулық деген –Мен
- Мейірімділік деген- Мен
- Шыншылдық деген –Мен
- Достық деген –Мен
Хормен бәріміз: Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда.
Ақтөбе қаласы
Үш тілде оқытатын
№21 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі
Наванова Замзагүл Тортайқызы
| Пәні: әдебиеттік оқу | |||||||||
| Тақырыбы: | М.Төрежанов. Қолғабыс. | ||||||||
| Мақсаты | Әңгіме мазмұны жайында түсінік беріледі,оқушылар талдау,талқылау,салыстыру арқылы мазмұнын ашуға дағдыланады;
Адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру және өзгелерді тыңдай білуге,қайырымды болуға тәрбиеленеді. |
||||||||
| Күтілетін нәтиже | Әңгімені талдау арқылы өз ойларын ортаға салады.Әңгіме мазмұны жайында өз түсініктерін еркін айтады,топтайды.Сауатты оқу,мәнерлеп оқу дағдысы артады.Топта белсенділік көрсетеді.Топтық тапсырмаларды орындауға қатысады. | ||||||||
| Түйінді идеялар | Өнерді үйрен де жирен. Мақал. | ||||||||
| Сабақ кезеңдері: | Сабақ барысы | Бағалау | |||||||
| Кіріспе | 1.Оқушы назарын сабаққа аудару.
2.Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау. Шығармада жіберліген қателіктер туралы айту. |
||||||||
| Тұсаукесер | Кіріспе әңгіме М.Төрежанов туралы айтып өту.
(1921–1996) 30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген.1941 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген.«Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты» секілді прозалық кітаптардың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
|
||||||||
| Негізгі бөлім | Бір парақ қағаз топтағы оқушыларды айналып шығады.
Балалар өздерінің алғашқы көмегі туралы 1 сөйлемнен жазып шығады
Үй шаруасы көмектесті жұмыс түрлері Ата-анасы бала Өзінен кішіге мұғалім Өзінен үлкенге Оқушыларға мәтінді түсіндіру. Мәтінді абзац бойынша оқушыларға оқыту. Түсініксіз сөздерді белгілеп отыру ескертіледі. Сөздік жұмыс. Шалғы, торсық,бидайық суреті тақтада көрсетіледі. -Шалғы қайсы? Не үшін керек? Шөпті шабуға керек. -Торсық қайсы? Не үшін керек? Қымыз құюға арналған ыдыс. – Бидайық қайсы? Ол қандай өсімдік? Көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік. Шалғысын шыңдап-қайрап. Айтуға батпайтын-айта алмай жүрген. Пішен-үйілген шөп. Тырнауыш-шөп жинайтын құрал.Бүлдірген-жабайы өсімдік. Арғынның не істегенін санамалап айту.
Қолдану І топ : Оқиға желісі бойынша суретін салу . ІІ топ: Әңгіменің мазмұнын ермексазбен жасау арқылы бейнелейді. ІІІ топ: Әңгіменің мазмұнын түсінгенін «Рафт» арқылы көрсетеді. Әр топ тапсырмаларын орындап қорғайды.Топта бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»бойынша бағалау. Талдау «Ойлан,жұпта,талқыла»стратегиясы бойынша әңгімені әр топта талқылау. І топқа Сөзжұмбақ ІІ топқа Сөзжұмбақ ІІІ топқа Консептуалдық кесте -Сонымен Көктомарда Арғын не істеді?-Атасына қолғабыс тигізді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, мына сөзжұмбақтарды шешейік. 1 топқа: 1.Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды?(торсаққа) 2.Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға) 3.Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады?(қыранға) 4.Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдады?(шалғы) 5.Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз) 2 топқа: 1.Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс) 2.Атасы Арғынға не ұстатты?(тырнауыш) 3.Атасы шөпті немен шапты?(шалғы) 4.Шөпті неге тиеді? (арба) 5.Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білу ді не дейді? (өнер) Сөзжұмбақтан шыққан сөз нені білдіреді екен? «Тоқым қағар» Жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Бұл сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі. Тоқым қағу: Концептуалдық кесте
Сергіту сәті «Шөп шабу» Шөп шабуға барайық Шалғымызды алайық 1,2,3 шөпті қане шабайық, Жинап оны басайық |
||||||||
| Қорытынды | -Мәтінде қандай мақал бар? Мағанасын түсіндіру.
«Өнерді үйрен де жирен». «Жалғастыр» ойыны 1.Еңбегі аздың,(өнбегі аз) 2.Еңбектің наны тәтті,(Жалқаудың жаны тәтті) 3.Ердің атын ( еңбек шығарар) 4.Бейнетің қатты болса, (Татқаның тәтті болар) 5.Бейнетсіз (рақат) жоқ. |
||||||||
| Үйге тапсырма | 206-207 беттер, мазмұндау. | ||||||||
| Рефлексия | |||||||||
