MS ЕХСELэлектрондық кестесі көмегімен жиіліктер п олигонын, гистограммасын салу
Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімдері
Есентаева Гульнар Кобландиновна, Елешова Газиза Едиловна
MS ЕХСELэлектрондық кестесі көмегімен жиіліктер полигонын, гистограммасын салу
Функционалдық сауаттылық адамның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал етеді. Математика пәні арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, алған білімін өмірде еркін қолдана алуын көздейді. Сонымен қатар заман талабына сай оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты пайдалана білуі қажет. Сондықтан «Статистикалық мәліметтерді кестелік бағдарламада өңдеу» тақырыбында әдістемелік әзірлеме ұсынып отырмыз. Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме 7-8 сыныптар үшін математика пәні бойынша Кіріктірілген оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнінде АҚТ жабдықтарды пайдалануға мысалдар қарастырылған. [miore]
Статистикалық есептерді шығаруда Excel құрал саймандарын пайдалануды қарастырамыз.
Мысал. 8 сынып оқушыларының ішкі жиынтық бағалау нәтижесінде төмендегідей ұпайларды жинады:
| 15 | 22 | 23 | 15 | 15 | 28 | 29 | 29 | 18 | 17 | 16 | 19 |
| 19 | 30 | 23 | 26 | 27 | 16 | 14 | 17 | 13 | 25 | 30 | 18 |
| 10 | 13 | 28 | 14 | 22 | 27 | 12 | 23 | 28 | 23 | 26 | 19 |
| 30 | 16 | 21 | 13 | 21 | 25 | 16 | 14 | 23 | 23 | 28 | 12 |
| 21 | 17 | 23 | 12 | 24 | 24 | 11 | 13 | 21 | 26 | 24 | 19 |
| 25 | 28 | 24 | 22 | 28 | 20 | 18 | 13 | 13 | 30 | 29 | 18 |
| 27 | 27 | 28 | 23 | 11 | 21 | 17 | 22 | 24 | 29 | 22 | 28 |
| 28 | 28 | 21 | 10 | 30 | 23 | 18 | 20 | 19 | 25 | 13 | 20 |
Сандық характеристикаларын есептеңіз:
- Модасын
- Медианасын
- Қатардың ауытқуын
- Жиіліктер полигонын тұрғызу керек
- Гистограмма салу
- Кумулята тұрғызу
Жұмыс барысы
1. EXCEL ұяшықтарына берілген мәліметтерді енгіземіз.
2. Сандық характеристикаларын есептеу үшін EXCEL ұяшығында ВСТАВКА–ФУНКЦИЯ- СТАТИСТИЧЕСКИЕ-МОДА ОДН. командасын таңдаймыз.
Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:
ОК пернесін басып, Мода =28(ұпай) алған оқушылар саны көп.
Сол сияқты жолды пайдаланып медиананы есептейміз.
ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МЕДИАНА.
Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:
ОК пернесін басып, Медиана =22 (ұпай) оқушылардың орташа ұпайы.
Қатардың ауытқуы – ең үлкен және ең кіші мәнінің айырымы. Максималды мәнді табу үшін: ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МАКС қадамын таңдаймыз.
Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:
ОК пернесін басып, Максимал =30 (ұпай) оқушылар жинаған ең максимал ұпай.
Ең кіші мәнді табу үшін: ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – МИН.
Число 1 жолына сілтемені қоямыз және тышқанмен кестені белгілейміз:
ОК пернесін басып, Минимал мәні =10 (ұпай) оқушылардың жинаған минимал ұпай сан.
30 – 10 = 20 (ұпай) ең жоғары ұпай мен ең төмен ұпайлардың айырмасы.
Диаграмма, полигон және кумулята қисығы мен гистограмманы салу үшін төмендегідей кездейсоқ шамалардың жиіліктер кестесін саламыз. Біз ең жоғары және ең төмен ұпайды анықтадық. xi кездейсоқ шамасының мәні 10 мен 30 ұпай аралығында 1 қадаммен өзгеретіндей жиіліктер кестесін құрамыз.
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әрбір мән үшін жиілікті мынадай командамен табамыз:
ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – СТАТИСТИЧЕСКИЕ – СЧЕТЕСЛИ.
Диапазон терезесіне курсорды қойып, кестені белгілеп аламыз, ал Критерий терезесіне 10 санын қоямыз.
ОК пернесін басып, 2 мәнін аламыз, 10 ұпай алған оқушылардың саны (жиілігі) =2. Сәйкесінше, кестені толтырамыз.
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| 2 | 2 | 3 | 7 | 3 | 3 | 4 | 4 | 5 | 5 | 3 | 6 | 5 | 9 | 5 | 4 | 3 | 4 | 10 | 4 | 5 |
Кестенің дұрыстығын тексеру үшін таңдаманың көлемін есептейміз, жиіліктердің қосындысын табамыз ( ВСТАВКА – ФУНКЦИЯ – МАТЕМАТИКАЛЫҚ – СУММА ). Оқушылардың қосындысы 96 болу керек.
Жиіліктер полигонын құру үшін кестені белгілеп – ВСТАВКА-ДИАГРАММА- ТОЧЕЧНАЯ (точечная с прямыми отрезками и маркерами) командаларын орындау арқылы келесі графикті аламыз.
Гистограмма құру үшін ВСАВКА-ДИАГРАММЫ-ГИСТОГРАММА
Қолданылған әдебиеттер.
1. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» Ұлттық
жоспар
2. Корчевский В.Е. «Формирование графической культуры учащихся на
уроках математики в контексте функциональной грамотности» ,
Математика Қазақстан мектебінде №1,3
