Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі
Ақтөбе қаласы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының
музыка пәнінің мұғалімі Дуйсенгалиева Cания Зиноллаевна
Сабақтың тақырыбы : Әлімбек Қонысбековтың «Наурыз» күйі .
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Күйші Ә.Қонысбековтың Наурыз күйін оқушыларға үйрете отырып , ұлттық өнердің құндылығын насихаттау.
Дамытушылығы : Жас тұлғаның ойнау шеберлігін арттырып , есте сақтау және сауаттылығын жетілдіру .
Тәрбиелік : Күй арқылы шәкірттің ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көтеру.
Сабақтың типі : аралас
Әдісі : Көрнекілігі : Ә.Қонысбековтың портреті , кітабы «Ғұмыр перзент» нотасы , аспап слайд , интератифті тақта.
Сабатың барысы : Ә.Қонысбековтың өмір баянына тоқталу . Күйдің шығу тарихымен таныстыру
Мұғалім: Қазақ күй мәдениетін дамытуға өз үлесін қосқан Өзбекстан Республикасының Әндіжан облысының тумасы Қонысбеков Әлімбек Тұрсынбекұлы қасиетті Созақ өңірінде діни медресседен білім алған адам . Кешегі кеңес дәуіріндегі Голощикин үстемдік құрған тұстағы зомбылықтың тұсында әкесі қуғын көріп , отыз жылдай уақыт Қырғыстан , Өзбекстан , Тажікстанды паналауға мәжбір болды . Әкесі Қонысбек Ұлы Отан соғысында екі мәрте ауыр жараланып , көрсеткен ерлігі үшін ІІІ- дәрежелі «Даңқ» орденімен , бірнеше ерлік медалдарымен марапатталған.Әлекең П.И.Чайковский атындағы консерваторияны бітірген . Әлімбек Қонысбеков кезінде Асанәлі Әшімов , Раймбек Сейтметов білім алған Ы.Алтынсарин мектебінің түлегі . Отбасылық « Қонысбековтер ансамблінің» көркемдік жетекшісі ретіндде де танымал болған. Сонымен қатар Кентау қаласындағы №1 балалар саз мектебінде халық аспаптар бөлімінің жетекшісі болды. Содан кейін облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды . Бүкілодақтық ІІ-ші және ІІІ – ші халық шығармашылығы фестивальінің лауреаты атанды. Жоғары дәрежелі ұстаз , Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі атағына ие болған және кезінде кеншілер мәдениет сарайының халық аспаптар оркестірінің ұйымдастырушысы болған.
Күйдің шығу тарихымен таныстыру . Наурыз – өте көнеден келе жатқан шығыс халқының көпшілігінің жаңа жыл мейрамы . Наурыз парсы тіліндегі нау – жаңа , руз – күн деген сөздерден қалыптасқан . Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлінеді . Демек Наурыз жаз бен қыстың жамандық пен жақсылықтың суық пен жылының қайрымдылықпен қатыгездіктің күрестартысының тоғысқан жері. Енді қайта құру уақытының, демократиямен жариялылықтың салтанпатты нәтижесінде 1988 жылдың көктемінен Наурыз ұлттық қана емес , татулық мерекесі болып тойлануда . Наурыз күйі еліміздің Егемендік алып салт-дәстүріміз қайта жаңғырып , әдеп-ғұрпымыз оралып халқымыз қуанышқа бөленген тұста 1991 жылы дүниеге келді. Күйде жыл басы Наурыз бен қайта қауышқан халықтың ақжарқын пейілі шаттық көңілі көрініс тепкен. Наурызды ислам дінінің беделін арттыру үшін пайдалануды мақсат етіп , Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли иманының құрметіне тойланатын той , ал 22 наурыздағы берілетін тағам Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті тағам болып жарияланады. Наурыздың 21-22 –не қараған түннен жақсылық женген күн «Наурыз келді» «Ұлыстың ұлы күні келді» деп халық қуанышка бөленген.
Сабақты қорытындылау :
Бағалау.
Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова.
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.
Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту. Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.
Жоспар:
І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
ІV. Мағынаны тану.
V. Сергіту сәті.
VІ. Күй тыңдау.
VІІ. Ой толғаныс.
VІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Қорытынды.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
- Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)
- Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)
- Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)
- Соль нотасын тақтаға жазып бер.
- Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)
- Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?
- Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Ақ мамам»
- ІІІ.Қызығушылығын ояту. (Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
1.Күйші деген кім?
2. Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
3.Мынаның ішінде күйші кім?
4.Неге «Күй анасы» деп атаймыз?
5.Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?
6.Қандай күйлерін білесіңдер?
Енді балалар топтастырайық
Топтастыру Ана Ардақты әже Күйші Күй анасы
ІV. Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту) Дина Нұрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.
V. Сергіту сәті.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарайды.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады. Кукарику, Кукарику
Оятады баланы.
VІ. Күй тыңдау: (Дәптермен жұмыс) Балалар, енді Дина Нұрпейісова әжеміздің «Әсемқоңыр» күйінің тарихымен танысайық тыңдайық.
-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?
-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?
-Қандай аспаппен орындалып тұр?
-Екпіні қандай?
VІІ. Ой толғаныс. Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру. Дина Нұрпейісованың өмір сүрген жылдары?
1861-1953 (1861-1955)
Алматыға тұңғыш қай жылы келді? 1833ж (1937ж)
Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты? 1948ж (1944ж)
